ТАҚЫРЫП-13: Жедел іздестіру процесінің сатылары.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Құқық қорғау функциясы процесінің сатылары.

2.Арнаулы функциясы процесінің сатылары.

Әдебиеттер.

1. Белгібеков, Е.С. Жедел іздестіру қызметінің негіздері .- Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2013.- 267 б.

2. Белгібеков, Е.С. Криминалистика мен қылмыстың жекелеген түрін тергеу әдістемесі.- Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2013.- 100 б.

3. Сысалов, М.П. Оперативно-розыскная деятельность [Учебник..- Алматы: Юридическая литература, 2004.

4. Сысалова, М.П. Основы оперативно-розыскной деятельности.- Алматы: Юридическая литература, 2007.- 338с.

 

СӨЖ-ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқалықтары

Жедел іздестіру қызметінің теориясы мен пәні, оның мақсаттары, жедел іздестіру қызметі туралы нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс жасауға, ЖІҚ – нің міндеттері мен мақсаттары, ҚР ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдардың құқықтары мен құзретімен танысуға баулу болып табылады.

СӨЖ-дің күнтізбелік – тақырыптық жоспары

 

Тапсырмалардың мазмұны

сағат саны

 

Апта

 

Бақылау түрі
1     ЖІҚ-нің түсінігі және міндеттері 1.ЖІҚ-нің негізгі түсінігі 2.ЖІҚ-нің жалпы теориясы 3.ЖІҚ-нің міндеттері мен функциялары   20   4   презентация
2.   ЖІҚ-нің құқықтық негіздері мен принциптері 1.ЖІҚ-нің қайнар көзі және құқықтық негіздері 2.ЖІҚ-нің принциптері 3.ЖІҚ-н жүзеге асырудағы заңдылық кепілдіктері   20   7 Баяндама Конспект  
3.   ЖІҚ-нің жеке тұлғалылығы,олардың міндеттері мен құқықтары 1.ЖІҚ-н жүзеге асырушы органдар 2.ЖІҚ-н жүзеге асырушы органдарының міндеттері 3.ЖІҚ-н жүзеге асырушы органда рының құқықтары мен құзреті   15   11   слайдтар
4   ЖІҚ-ін жүзеге асыруға қатысушы тұлғалар. 1.ЖІҚ-н жүзеге асырушы органдарының қызметкерлері 2.ЖІҚ-і органына құпия көмек көрсетуші тұлғалар 3.ЖІҚ-не жасырын көмектесудегі туындайтын мән-жайлар 20 14 презентация
  Барлығы 75    

 

Глос с арий

 

Ұғымы Мазмұны
1 Жедел-iздестiру қызметi Жедел-iздестiру қызметi - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-iздестiру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негiзделген жүйесi.
2 Жедел іздестіру шарасы бір немесе бірнеше тапсырмаларды шешуге бағытталған жедел іздестіру қызыметі
3 Арнаулы шара ол құқық қорғау органдары тарапынан ЖІҚ-ін жұргізуге бағытталған,қылмыстың алдын-алу, бетін ашу жөніндегі ашық немесе құпия дайындалған шаралар.
4 Жедел іздестіру қызметінің бағыты ол жедел іздестіру қызыметі бойынша белгілі бір органдардың,олардың бөлімдерінің белгілі бір бағыттағы тапсырмаларды шешуі.
5 Құқық қорғау функциясы заңда көрсетілге тәртіппен қүш, құрал және жедел іздестіру әдістемесін азаматтарды, қоғамды,мемелекетті қорғауда қолдану.  
6 Арнаулы функция   қоғам мен мемелекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ішін арнаулы күштерді, құралдарды, әдістемелікті қолдану.  
7 Құқық қорғау органдары   құқыққорғау міндеті жүктелген мемелекеттік органдар

 

1-аралық бақылау тапсырмалары