Қорытынды бақылау ( емтихан ).
Емтихан билеттеріне ауызша және тест сұрақтарына жауап беру арқылы жүзеге асырылады.
Бағалау баламасы
Әріптік жүйе бойынша бағалау | Сандық балама | Балдардың пайыздық мазмұны | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А | 4,00 | 95-100 | Өте жақсы |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
В | 3,00 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
С | 2,00 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,00 | 50-54 | |
Ғ | 0,00 | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Бақылау түрлеріне әртүрлі себептермен (ауырып қалған жағдайда, жанұялық жағдай) қатыса алмаған студенттерге қосымша мерзім белгіленіп, оқытушы белгілеген уақытта тапсыруына рұқсат беріледі (деканаттың рұқсатымен).
Сабақта міндетті түрде: ұялы телефонды сөндіру, жаңа тақырып кезінде құлақ салу, конспект жасау, тыныштық сақтау, басқа студенттерге де сабаққа қатысуына кедергі жасамау.
ГЛОССАРИЙ
|
Абсентеизм — халыктың саяси өмірге немқұрайды, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Ол әсіресе сайлаушылар тарапынан өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатынасқысы келмеуінен байкалады. Оны әркім әр түрлі бағалайды. Біреулер адам не істесе де, сайлауға қатысып дауыс берсе де, бермесе де өз еркі деп санайды. Кейбіреулер оны сайлаушы-лардың саяси шешімдерді немесе сайланушы үміткерді (кандидатты) кабылдамағандықтан деп түсінеді. Ал жалпы көпшілік жұрт саяси өмірге осылайша селқостық танытса, өкімет органда-рының легитимдігіне нұқсан туады.
Абсолютизм—жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.
Авангардтық партиялар — ұйымы жоғары орталықтандырылған, барлық мүшелерінен белсенді жұмысты талап ететін партиялар. Мысалы, бұрынғы СОКП, қазіргі Үндістан Үлттық конгресс партиясы.
Авантюризм — саясатта, билік жүргізуде және т.с.с. белгілі бір мақсат, мүддеге жету үшін күдікті, шүбәлы жолмен оңай олжа іздеушілік. Әдетте, мұндай саясат елдің қоғамдық-саяси жағдайын шиеленістіріп, адамдардың, халықтардың тағдырына ауыр зардабын тигізуі мүмкін.
Автаркия — елдің экономикасын баска елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат. Осыған орай ол шетелдердің тауарларын, капиталын жөне т.б. өз еліне енгізуге шек қоюы мүмкін. Бұл тәсіл өз елінің өндірісін дамытуға немесе басқа саяси мақсатта да жасалады.
Автократия — бір адамға жоғары екімет билігін шексіз беру арқылы басқаруды немесе осындай басқарушылық орнаған мемлекетті айтады. Сонымен катар қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам не адам тобын атау үшін де пайдаланылады.
Автономия — бір мемлекеттін шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым.
Авторитаризм — жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбіне саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Авторитарлық партиялар — әдетте, дамып келе жатқан елдерде пайда болады және отаршылыққа қарсы бағытталады. Олардың көбі ең алдымен өз елінің саяси және экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресі үшін күреседі. Өз әрекеттерінде көбінесе күшке сүйенеді.
Агрессия — басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау. Агрессия әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, басқа елдің жеріне әскер күшімен басып кірсе тура агрессияға, қарулы қарақшыларды пайдаланып немесе кеңесшілер жіберіп, материалдық-техникалық көмек көрсетіп және т.б. жасаса, жанама агрессияға жатады. Сондай-ақ агрессия жасаушы мемлекетке өз жерін пайдалануға беріп және т.с.с. арқылы агрессияға араласуы да мүмкін. Қарулы шабуылдың агрессиялығын БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі анықтайды.
Адам — жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдык қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.
Адам құқықтары — белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері. Олар, негізінен, 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Адам кұқығының жалпыға бірдей Декларациясында" көрсетілген.
Азаматтық қоғам — жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар және т.б.) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.
Аймақтық — белгілі бір жерге, облысқа, көршілес бірнеше елге қатынасы бар нәрсе. Мысалы, Арал теңізінін жағалауындағы елдер жиналып, осы өңірдің экологиялық жағдайын түзетуге арналған аймақтық шарт қабылдауы.
Аккредитация — 1) шет мемлекетте өкілеттілікке ие болу, сенім грамотасын тапсыру; 2) ақша алуға немесе сауда операцияларын жасауға өкілеттілік.
Алуандық—қоғамдық өмір субъектілерінің (топтардың, таптардың, ұлттардың жәнет.б.) экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, діни және т.т. мүдделерінің алуан түрлілігін білдіретін, пікір сайысы, билеуші және оппозициядағы партия-лардың өкімет билігін іске асыруға қатысуға жағдай жасайтын билік жүйесі. Ол тежемелеу және тепе-тендік жүйелері арқылы биліктің орталықтануына, бір партияның немесе саяси күштің қолына шоғырлануына қарсы тосқауыл қояды.
Альтернатива — бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін тандап, бірін ғана талғап алу. Мысалы, сайлау кезінде бірнеше үміткерлердің біреуіне ғана дауыс беру.
Альянс — ортак мақсатгарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы,бірлестігі.Әдетте,жағымсыз,келеңсіз мағынада пайдаланылады.
Анархизм — жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен (құрама одақтармен) алмастырғылары келеді. Оның алғашқы идеялары Платонның енбектерінде кездеседі. Орта ғасырда утопистердің, жаңа дәуірде ұсақ буржуазия (У. Годвин, М. Штирнер, П. Прудон), орыс және халықаралық революциялық қозғалыстың идеологтарының (М. Бакунин, П. Кропоткин) ілімдерінде кең тараған. Казіргі кезде бұл ағымның саяси өмірде әсері шамалы.
Анархия - 1) мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.
Аннексия — басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күшпен жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.
Антагонизм — мүдделері қарама-қарсы күштердің, қастаскан таптар, топтар, партиялар және т.б. аракатынасының шиеленіскен түрі.
Ан тисемитизм — еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі.
Апартеид — нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау кұқығынан айыру, бірдей еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп-қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді. Мысалы, бұл саясат 1980 жылдың аяғына дейін Оңтүстік Африка Республикасының қара нәсілді халқына жүргізілді.
Апатридтер — ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Олар қай елде тұрса, сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқыктары болмайды.
Аристократия — 1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге ие ақсүйектер тобы; 2) ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. Мысалы, мүндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды.
Ассамблея — халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, Біріккен ¥лттар Ұйымының Бас Ассамблеясы.
Ассимиляция — бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
Ассоциация — белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі.
Астыртын партиялар — заң бойынша тыйым салынып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізген партиялар. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етеді.
Атқарушы билік — биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару органдарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік солардың бақылауында болады және олардың алдында есеп береді. Олардың жұмысы заңға негізделіп, зан шеңберінде іс істеуі керек. Әйтпесе, парламент үкіметке сенім білдірмеуі мүмкін. Президенттік республикаларда мемлекет басшысы да президент болады. Оны парламент сияқты халық сайлағандықтан ол парламент алдында тікелей жауап бермейді. Бірақ бұдан президент парламентпен санаспай іс істеуі керек деген ой тумауы керек.
-Ә-
Әлеуметтік саясат — қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету жөне т.б. жатады.
Әмбебап партиялар — мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды. Мұнда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай партиялардың саны соңғы жыддарда Еуропа мен Америка елдерінде тез етек алуда.
-Б-
Бедел — саясатта саяси қайраткердің абыройлылығы. Оның шиеленісті шешуге, дау-дамайдың алдын алуға, елде тұрақтылық, татулықты орнатуға етер әсері зор келеді. Оның бәрі саяси қайраткердің адамдар мүддесін түсіне біліп, керегінде оны қорғай білуіне, парасаттылығына, адамгершілігіне, білімділігіне, адамдар тағдырына жауап бере білуіне, адалдылығына және т.б. қасиеттеріне байланысты болады.
Бейсаясаттық— азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси емірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы. Мысалы, ол қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тартудан, сайлау немесе референдум кезінде дауыс беруге бармаудан және т.с.с. білінеді.
Бейтараптылық — 1) екі жақтың айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2) соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық құкықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты. Ондай елдер бейбітшілік жағдайда әскери-саяси блоктарға кірмейді.
Билеуші партиялар—қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.
Билль — 1) АҚШ-та, Ұлыбританияда және т.б. елдерде парламенттің қарауына ұсынылған заң жобасы; 2) жеке зандардың аты. Мысалы, құкықтар туралы билль.
Билік — 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқык, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.
Биліктің тармақталуы— демократиялык саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу. Оньң негізін салған ағылшын ойшылы Джон Локк (1632—1704), одан әрі дамытушы француз ғалымы Шарль Луи Монтескъе (1689—1753) болды. Биліктің бұлай тармақталуы елдің конституциясында бекітіледі. Ол азаматтардың құқықтарының орындалуына негізгі кепілдік бола алады. Егер биліктің бір тармағы озбырлық етсе, қандай адам болмасын оның екінші тармағына арыз бере алады. Ал билік бір қолда болса, оның үстінен шағым айту қиын болар еді.
Бипатридтер — бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.
Бихевиоризм — жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. XX ғасырдың 20—30 жылдарында пайда болған. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп білуге болады дейді.
Блокада — өз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.
Бойкот — 1) өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара қатынастарды тоқтату; 2) сол мақсатта белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; 3) өкілетті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4) наразылық ретінде біреумен қарым-қатынасты үзу. Бұл сөздің шығуы Ч. К. Бойкат деген ағылшынның атына байланысты. 1880 жылы ол басқарған имениені жалға алған ирландықтар күрестің бұл түрін бірінші рет соған қарсы пайдаланған болатын.
Бонапартизм — 1) әскер мен бюрократиялық аппаратқа сүйенген диктаторлық тәртіптің түрі; 2) билік үшін талас кезінде әлеуметтік топтар арасында бұлтақтау саясатын жүргізу. Бүл термин 1799 жылы Францияда әскери диктатураны орнатқан Наполеон Бонапарттың есіміне байланысты туған.
Босқындар — қудалау, әскери іс-әрекеттің немесе ерекше жағдайларға байланысты тұрақты тұрған елін тастап кеткен адамдар.
Брифинг — үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамдардың ақпарат кұралдары өкілдерімен кездесуі.
Буржуазиялық-демократиялық партиялар — XIX ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынадай принциптерді басшылыкқа алады: коғамда билік үшін әркашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға (партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істеуі керек. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және т.с.с.
Бұқаралық партиялар — үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды. Партиялық билет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, АҚШ-тың республикалық және демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористер партиясы т.т.
Бұрмалаушылық—өз мақсатына жету үшін шындықгы бұрмалау, жасандылық, жалғандылық.
Бүлік — бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекеті.
Бюрократ - 1) азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын қызмет адамы; 2) басқарудың бюрократиялық жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.
Бюрократизм — істің мәніне немқұрайды, формальды қарау, істі көпке созу.
-В-
Вето — тыйым салу; вето құкығы — заң шығаратын орындардың қарарына тыйым салу немесе заңның күшн тоқтату.
Визит — халықаралық байланыстарды дамытуға, ондағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттердің сыртқы саясатындағы қызмет түрі. Мысалы, оған мемлекет тарапынан үкімет басшылары, ресми делегациялардың кездесулері жатады.
Волюнтаризм — саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
Вотум—өкіметке я оның кейбір мүшелеріне (министрлеріне) сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (вотум не-доверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім. Мысалы, парламент үкіметке сенім білдірмесе, ол, әдетте, жұмыстан кетуге мәжбүр болады.
— Г —
Геноцид— адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германия еврейлер мен цыгандарға қарсы осындай саясат жүргізді. Қазіргі кезде ол халықаралық қылмыс болып саналды.
Геосаясат — сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теорияның негізін қалаушы Ф. Ратцель, X. Маккиндер т.б. қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы мен даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді.
Геронтократия — ақсақалдардың билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар өкімет билігі жасы келген адамдардың қолында түрған мемлекеттерге де байланысты айтылады.
Глобалдылық — бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау, айналадағы ортаны экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде демографиялық, жағдайды тұрақтандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД-тің өріс алуын тоқтату және т.с.с. жатады.
Гуманизм—қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. Саяси салада адамдардың дұрыс қалыптасуы мен дамуына қажетті әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саяси көзқарастар, идеялар жүйесін білдіреді.
|
-д-
Дәуір — қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезеңі.
Деидеологизация — идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластатуға тырысушылық. Оның негізін біздің ғасырымыздың 50—60 жылдарында Р. Арон, Д. Белл, Т. Парсонс сияқты Батыстың ірі әлеуметтанушылары салды.
Декларация — үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.
Делегат — съезде, конференцияда, конгресте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі.
Делогирование — бір субъектінің екінші субъектіге билікті беруі, сенім білдіруі.
Демагогия — өз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.
Деморкация — екі елдің жерін анық бөліп тұратын шекара.
Демократия — халық билігін, зандылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқыктары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халыктың бақылауында болуын, сайлау кұқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалык және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылыктың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл — тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезендеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады.
Демократиялық партиялар — басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір алалығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.
Денонсация — келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі.
Деполитизация — белгілі бір ұйым, органдардың және т.б. жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.
Депортация — жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде немістер, шешендер, ингуштар, Қырым татарлары, месхеттік түріктер, кәрістер және т.б. осындай халге душар болды.
Деспотизм — 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірімсіз, қатал басып-жаншу тәсілі.
Деспотия — шексіз және дара билеудін бір түрі.
Децентрализация — орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билігінің бөлігін беруі.
Диверсификация — мәселенің, әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.
Диктатор — заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.
Диктатура — қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиеленіскен шағында, өтпелі ке-зендерде, екімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады.
Марксизм-ленинизм ілімінде негізгі мәселе — пролетариат диктатурасы. Оны жұмысшы табының социализм орнату мақсатында барлық еңбекшілер бұкарасымен одактаса отырып жүзеге асыратын өкімет билігі деп түсіндіреді. Ал КСРО-да ол іс жүзінде зорлық-зомбылык, бассыздыкты кең пайдаланып "казармалық социализм" құрды, сөйтіп өзін-өзі әшкереледі, нәтижесінде күйреп тынды.
Директива—жоғары органдардың төменгі басшыларға берген ұйғарымы, жарлығы.
Дискриминация—нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.т. байланысты адамдарды құкығынан айыру я шектеу. Мысалы, сайлау құкығынан айыру, азаматтылықты бер-меу, жұмысқа кабылдамау не шығару т.т.
Диссидент—үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам. 70 жылдарда КСРО-да қоғам өмірінің әр түрлі, әсіресе саяси жақтарымен келіспей ашық қарсы шыққан адамдарды айтады.
Догматизм — нақтылы жағдайда өмір және тәжірибенің жаңалык, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты кағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі. Саясатта ол бір кез-дерде қалыптасқан ой-пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжымайтындай көріп, ескірген ережелерді, қалыптасуды, көзкарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі.
Доктрина — саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды жинақталған түрде білдіретін саяси теория, ілім. Кейде оның негізін қалаған адамның атымен аталады. Мысалы, Монро доктринасы.
-Е-
Еуропарламент — еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме, Оған кіретіндер: Бельгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол 5 жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа кұрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады.
Еуроцентризм — ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.
Егемендік — мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі. Мемлекетгік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда, шешімдер қабылдауда, жоғарғы билік жүргізудегі еркіндігін айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады.
-Ж-
Жалпы адамзаттық құндылықтар — бүкіл адамзаттың рухани тәжірибесінен туған адамгершілік қазыналар. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді.
Жаңарған колониализм (неоколониализм) — бұрынғы отаршы елдердің тәуелсіздігін алған мемлекеттерді экономикалық, саяси, әскери, мәдени, идеологиялық және т.с.с. әдіс-тәсілдерді шебер пайдалану арқылы өз ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау саясаты.
Жаңарған консерватизм (неконсерватизм) — бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі қазыналар мен арман-мұраттарды сақтап, оларды өмірдің бүгінгі талабына сай жаңғыртуға тырысқан Батыс са-ясаттану ғылымындағы ағым. Ол біздін ғасырымыздың 70 жылдарының екінші жартысында пайда болған. Белсенді өкілдері: Д. Белл, И.Кристонн, С. Липсет және т.б.
Жаңарған либерализм (неолиберализм) — дәстүрлі либерализмнің қағидаларын сақтап, оларды XX ғасырдың жаңа талаптарына сай өзгертуші идеялық-саяси ағым. Мысалы, бұрынғы либерализм мемлекет экономикаға араласпасын дейтін. Қазір әлеуметтік-экономикалық және т.б. мәселелердің кейбір жерлерін мемлекеттің реттегенін жөн кереді. Мемлекеттің бюрократиялануына, адамның жеке өміріне араласуына жөне т.с.с. қарсы шығады.
Жаңаша саяси ойлау—КСРО мен СОКП басшыларының жалпы адамзаттық мұраттар мен кұндылықтарды басшылықка алып, бұрынғы "қырғи қабақ соғыс" қалпынан бас тартуы. 80жылдардың ортасында оған себеп болғандар: 1) ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, блоктар арасында әскери қақтығыстың болмау керектігін түсіну; 2) ғаламдық мәселелердің манызды орын алуы және т.б.
"Жасылдар" - айналадағы ортаны қорғап, жер бетінде тіршілікті сақтау үшін күресетін халықаралық сипаты бар экологиялық қозғалыс. 70 жылдардың екінші жартысында ол қозғалыстардан партиялар пайда болды. Ондай партиялар қазір барлық елдерде дерлік бар.
"Жасылдардың" экологиялық қозғалысы бүгінгі танда маңызды рөл атқарады және бірталай табыстарға жетті, Мысалы, олар 1978 жылы Австралияда, Германия Федеративтік Республикасында атом электр станцияларын салуға тыйым салдырды.
Жеке басқа табынушылық — саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жанышталған елдерде дамиды. Бірпартиялық кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды. Мысалы, Сталин, Мао-Цзе-Дун, Ким Ир Сен, Броз Тито, Энвер Ходжа және т.с.с. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті орнату керек.
Жекешелендіру — мемлекеттік меншікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары және т.с.с.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол — нарықтық экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі.
-з-
Заң шығарушы билік — заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі жөне сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына Конституция атынан ерекше органдар (Конституциялық қадағалау, Конституциялық сот) бақылау жасайды.
— И —
Идеал — саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғарғы саяси арман-мұраты.
Идентификация — жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екендігін сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылыми әдебиет-ке 3. Фрейд енгізді.
Идеология — белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін түжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде ол партия бағдарламасында, декларация, манифест, жарғыларында, сондай-ақ әр түрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады. Ол көпшіліктің саяси санасын қалыптастыруға, саяси емірде бағыт-бағдар, рухани байлықтар жүйесін айкындауға, саяси іс-әрекет жолдарын белгілеу және т.с.с. қызметтерді атқарады, қоғам дамуында зор рөл атқарады.
Идеялылық — саяси, ғылыми, көркем шығармалардың, көпшілік алдында сөйлеген сөздің және т.б. саналылық, мазмұн ерекшелігі.
Иерархия—төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге бағыну тәртібі.
Имидж — 1) басқаларға өзі туралы белгілі бір әсер етіп, пікір тудыру үшін жасаған субъектің сыртқы бейнесі; 2) үгіт-насихат, жарнама және т.с.с. арқылы субъект туралы кеңейтілген мағлұматтар беріп, арнайы бейнесін жасау.
Импичмент — жоғарғы лауазымды адамдарды (президентке шейін) конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі. Ол жөнінде жауапкершілікке шақыру мәселесін парламенттің төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы палата. Мысалы, мұндай тәртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және т.б. елдерде орын алған.
Инагурация — 1) мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және т.б. салтанатты түрде ашу.
Инновация — жаңалық енгізу, жаңарту.
Институализация — саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәртіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.
Интеграция — мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр. Бұл салада Еуропалық Одақ зор жетістіктерге жетті. Оған кірген мемлекеттер экономика, әлеуметтік, қаржы саясатында, ғылыми зерттеулерде, технологиялық даму, айналадағы ортаны корғау, сыртқы саясатты жүргізу мәселелерін және т.с.с. шешкенде бірігіп іс-қимылдар жасауға келіскен.
Интерпелляция — үкіметке немесе оның жеке мүшесіне (министрге) белгілі бір мәселе жөнінде я оның жалпы саяси бағыты туралы түсініктеме беруді талап еткен депутаттардың ерекше сұрауы. Әдетте, ол қоғамды аландататын маңызды деректер туралы қойылады. Сондықтан ол сұрақтың туу себебі және қашанға дейін жауап берілу мерзімі көрсетіледі. Егер берілген жауап қанағаттанарлық болмаса, үкіметке (не оның мүшесіне) сенім білдірмеу мәселесі тууы мүмкін.
- К –
Кадрлық партиялар — қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партиялар. Олар ұйымшылдығымен және тәртібімен көзге түседі. Мысалы, Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, Германия Федеративтік Республикасының христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы т.т.
Квитэссенция — бір мәселенің ен бастысы, ен өзектісі, нағыз мазмұны.
Кворум — кұрылтайшы органның жұмысын бастау немесе шешім қабылдау үшін оған қатысушылардың қажетті саны. Ондай саны жетіспей қабылданған мәжіліс шешімі заңсыз болып саналады.
Квота — рұқсат етілген бір шараның тиісті бөлігі, мөлшері, үлесі. Мысалы, сайлаушылардың пропорционалдық жүйесінде округ бойынша бір үміткерді сайлау үшін қажетті дауыс. Ондай үлес есебі көшіп келушілерге, шетел тауарларын кіргізуге және т.с.с. қойылуы мүмкін.
Келісім — мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілерінің келісімі негізінде қабылданатын шешім.
Клика — өздерінің жеке бастарының мақсатына жетуді, барынша баюды көздеген билік басындағы сыбайлас адамдар тобы. Олар осыған орай шешімдер қабылдаттырып, қоғамның барлық саяси өміріне нұқсан келтіруі мүмкін.
Коалиция— 1) ортақ жауға қарсы екі немесе одан көп елдердін жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау максатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.
Коммунистік партиялар — К. Маркстің ілімін басшылықка алатын партиялар. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыс елдерінде мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.
Конвергенция — ғылыми-техникалық революцияның шарықтап, дамуының нәтижесінде капиталистік және социалистік жүйелер түбінде қосылады деп негіздеуші тұжырымдама. Оның негізін осы ғасырдың 50—60 жылдарында Батыстың Р. Арон, Дж. Гэлбрейт, У. Ростоу сияқты белгілі әлеуметтанушылары салды.
Конгресс — 1) съезд. Көбінесе халықаралық сипатта болады. Мысалы, бейбітшілік күштерінің Дүниежүзілік конгресі; 2) заң шығарушы органның (парламенттің) аты. Мысалы, АҚШ-та және тағы басқа Латын Америкасы елдерінде; 3) кейбір елдердегі коғамдық-саяси ұйымдар. Мысалы, Үндістандағы Үнді Ұлттық конгресс партиясы.
Консерватизм — 1) тарихи қалыптасқан саяси және коғамдық өмірді езгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар, теориялар жүйесі; 2) консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.
Консервативтік партиялар — қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипат, ерекшеліктерін тұрақты сақтап қалғысы келетін партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, азаматтық ар-намысты, пікір-таласты, ынтымақтастқты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың Республикалық партиясы, Германияның Христиандык-әлеуметгік одағы мен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, т. т.
Конституция — мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.
Конституциялық сот — бірқатар елдерде конституциялық ережелердің бұрмаланбауын, басқа шығарылған зандардың соған сәйкес келуін тексеретін сот органы.
Конфедерация — өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т. с. с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы. Онда жалпы одақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алғаш шешімдері оған енген елдердің бекітуінен өтуі керек. Ол өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778— 1787 жылдары Солтүстік Америка штаттарында болды. Қазір соған ұқсас құрылымды Еуропалық Одақ құрмақ ойы бар.
Конфликт—қарама-қарсы күштердің, партиялардың, көзқарастардың, мақсат-мүдделердің бір-біріне қайшы келуі. Ол өрістеген кезде арты шешілмес қатты дау-жанжалға, ал саяси шиеленіс саяси дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін.
Конфликтология — әлеуметтік дау-жанжал, шиеленістердің мәнін, табиғатын, зардаптарын зерттеуге, оларды алдын ала болжауға арналған ілім. Қазіргі кезде ірі халықаралық, мемлекетаралық, кикілжіндерді мәмілеге келу, қабылданған міндеттерді өзара бақылау арқылы шешуге болатындығын өмір дәлелдеуде.
Конформизм — іштей келіспесе де, көпшіліктің ой-пікірі, көзқарастарына икемделу, әсіресе билік басындағы адамдардың ығына жығылып, бейімделу.
Конфронтация — әлеуметтік-саяси жүйелердің, әскери одақтардың, мемлекеттердің арасындағы немесе бір елдің ішіндегі әр түрлі саяси күштердің қарама-карсылығы.
Кооптация — белгілі бір сайланбалы органға қосымша жаңа мүшелерді сайлаушылардың дауыс беруінсіз осы органның шешімімен кіргізу.
Коррупция — 1) мемлекеттік және саяси қайраткерлерді, министрлерді, парламент мүшелерін, шенеуніктерді және т. б. параға сатып алу; 2) лауазымды адамдардың жеке басын байыту мақсатында өз қызметін қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.
Көппартиялылық—мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі. Оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жақтарында саяси мәселелер жан-жақты қаралады, үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді, бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Бәсекеші партияны жеңу үшін партияның ішінде керекті тәртіп орнатылады. Саяси күресте кездейсоқ емес, шын мәнінде талантты адамдар шығып, басқарушы орындарға ұсынылады. Жағымсыз жағы — өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының түрғысынан ғана қарауы.
Күш қолданбау саясаты — саяси, әлеуметтік мәселелерді күш қодданбай шешуге тырысушылық. Оны жақтаушылар өз жұмысында адамгершілік, жалпыхалықтық принциптерді басшылыққа алады.
-Қ-
Қоғамдық-саяси ұйымдар — халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық кемек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі.
Құқықтық мемлекет — демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік кұрылыс. Мұнда заңдар халықтың еркін білдіреді және оларды барлық адам, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Билік шын мәнінде бөлінеді. Олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық жүргізіледі, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі жоғары дамиды.
"Қырғиқабақ соғыс" — екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, 80 жылдарға дейін созылған социалистік және капиталистік жүйелер арасындағы халықаралық шиеленіс қатынастары.
Қысымшы топтар — билік институттарына мақсатты ықпал ету арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пайдаланады. Бұл топтар өз аттарынан сайлауға қатыспайды. АҚШ-та оларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп, ¥лыбританияда парламент агенттері деп атайды, Олар көбінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топтар мен билік органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.
-Л-
Легитимдік — халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы кажет. Екіншіден, мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. М. Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті: 1) әдет-ғұрып легитимдігі; 2) харизматиқалық легитимдік; 3) ақыл-парасат, құкық легитимдігі.
Либерализм — 1) жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт; 2) бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар. Олар нарықтық экономиканы, еркін бәсекелестікті, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілуін, халықаралық қауіпсіздікті және т. б. жақтайды.
Лобби — белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне керекті езгерістер жасауға және т. с. с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлі әдіс-тәсілді пайдаланады.
Лояльдық — өкіметті, оның заңдарын, қаулыларын құрметтеу, орындау.
Люмпен — қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама аты. Оған каңғыбастар, қайыршылар, жезөкшелер, қылмыскерлер және т. с. с. жатады.
-М-
Можаритарлық жүйе — сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.
Макиавеллизм — алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі. Оның негізін салған Италияның саясаттанушысы Н. Макиавелли (1469—1527) елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш жұмсауға да кеңес берді.
Маманданған көпшілік — қоғамдық-саяси өмірдің ең маңызды мәселелері жөнінде сайлаушылардың үштен екі немесе төрттен үшінің дауыс беруінің негізінде шешім қабылдау тәртібі.
Мандат — 1) біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат (мысалы, депутаттық мандат); 2) қайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық.
Манифест — 1) маңызды оқиға немесе шаралар туралы салтанатты жария ету, жоғарғы өкіметтің халыққа үндеуі; 2) саяси партия, коғамдық ұйымдардың және т. б. өз көзқарастарын, бағдарламаларын және шешімдерін баяндаған үндеуі.
Манифестация — бір іске, оқиғаға, билеушілердің саясатына тілектестігін не қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету.
Маргиналдар — белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Мысалы, ауылдан жұмыс іздеп қалаға келген жастар. Олар бір жағынан ауыл өмірінен қол үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мәдениетін игеріп, сінбеген. Осылайша әредік жағдайға душар болады. Мұндайларды маргиналдар дейді. Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ, жұмыс орны да анықталмаған, белсенді саяси өмірге тартылмаған. Сондықтан олар қылмыс не басқа арандатушылық әрекеттерге оңай ілесіп кетеді. Маргиналдарға этникааралық, нәсіларалық некеге түскендер де жатады. Мысалы, метистер.
Марксизм — өзара байланысты философия, саяси экономия, ғылыми коммунизмнен тұратын ілім. Ол социалистік революция нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизмнен) тұратын коммунистік қоғамды орнатуды мақсат етті. Қоғамдық-экономикалық формация теориясын ашты. Ол бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні еткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік революцияға әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады. Тарих барлығы бес формациядан: алеашқы қауымдық, қул иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формациялардан тұрады. Соңғысын адамзат дамуының ең биік сатысы деп санады. Дегенмен, марксизм әлеуметтік және саяси процестерге жеңіл-желпі, тұрпайы қарады, таптық мақсатқа жетуге қан төгісті тап күресіне басымдық берді, қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. Осының бәрі оның одан әрі өрістеуіне кедергі келтіріп, тартымдылығын төмендетті, артына ерушілердің санын азайтты.
Мафия — күш жұмсау, қорқыту, бопсалау, сатып алу, өлтіру сияқты заңсыз амал-әрекеттер арқылы өз мақсаттарына жету үшін ұйымдасқан құпия қылмыстық, топ, сыбайластар. Олар мемлекеттік, қоғамдық мекемелерге ықпал ету арқылы саяси мақсатта да пайдаланылады. Соңғы кезде сатылғыш, жемқор, парақор қызмет адамдарын да солай атап жүр.
Мәміле—дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі.
Мәртебе — азаматтың, мемлекет органының, халықаралық ұйымның және т. с. с. Құқықтық орнын білдіретін құқықтар мен міндеттер жиынтығы.
Мемлекет — белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Мемлекеттің ерекше өкімет аппараты болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол елдегі адамдардың бәрі де сыйлайды және орындауға тиіс. Егер орындамаса, оның ырықсыз көндіруге қақысы бар.
Мемлекеттік билік—барлық адамдарға міндетті зандарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.
Меморандум — дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Ол жүргізілетін келіссөз мәселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді.
Менталитет — 1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы; 2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3) рухани өмірдің ерекшелігі.
Меритократия — ерекше қабілетті, құзыретті, таланаттылардың билігі.
Метрополия — қол астында колониялары бар мемлекет.
Милитаризм—жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.
Модернизация—қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс-тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі. Заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады.
Монархия — мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан, шах және т. б. деп атауы мүмкін.
Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Бұрын басқарудың мұндай түрі кең тараған болатын, қазір жоқ.
Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік — парламентпен шектеледі.
Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония, Иордания, Ұлыбритания, жөне т. б. жатады.
Мороторий — ішкі және сыртқы міндеттемелерді орындауды уакытша тоқтату, үзіліс жариялау.
Муниципалитет — 1) кейбір елдерде өзін-өзі басқаратын аумақтық қоғамдастық, жергілікті өзін-өзі басқару органы. Оның өз меншігі, заң шығаратын, салық салатын және т. б. құкықтары бар; 2) кей елдерде кездесетін төменгі әкімшілік-аумақтық бөлік; 3) муниципалитеттің, орналасқан үйі.
Мэр — муниципалитеттің (қаланың) бастығы.
Мэрия — муниципалдық басқарма немесе сол орган мекендеп тұрған үй.
-Н -
Нәсіл — шығу тегіне және әр түрлі тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне (дене құрылысы, терісіне, көзінің түсіне және т. с. с.) байланысты бірлескен адамдар тобы. Негізгі нәсілдерге негроидтер, монголоидтар және европеоидтар жатады. Негроидтердің терісі қара, шаштары бұйра келеді, монголоидтардың (қазақтар, жапондықтар, монголдар және т. б.) терісі сары, шаштары тік және қара болады, европеоидтардың терісі ақ, келеді. Олардың бұлай бөлінуіне өте ерте замандарда тұрмыс кешкен табиғи жағдайлары себеп болды.
Нәсілшілдік — әр түрлі нәсілдерді ақыл-есі, психологиясы жағынан тең санамай, оларды "жоғарғы" және "төменгі" нәсілдерге бөлетін ғылымға жат көзқарас, идеология. Оны жақтаушылардың ойынша, нәсілдік ерекшеліктер қоғамның тарихы мен мәдениетіне шешуші ықпал етеді. Олар өркениеттілікті тек "жоғарғы" нәсілдің өкілдері жасайды, сондықтан солар билеп-төстеуі керек деп пайымдайды. Мұндай теория бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда кең тарады. Қазір еврейлер өздерін басқа халықтардан артық санап жүр. Шын мәнінде, коғамдық немесе жаратылыстану ғылымдарының дәлелдегендеріндей, адамзаттың биологиялық және тарихи дамуына нәсілдік ерекшеліктер елеулі әсер етпейді.
Нигилизм — жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси өмірдің тәртіптерін және т. с. с. жоққа шығару. Саясатта оны жақтаушылар қалыптасқан саяси қазыналарға, партиялар мен саяси қайраткерлердің іс-әрекетіне қарсы болып, қабылдамайды.
Нонсенс — қажетсіздік, артық кетушілік.
Нота—бір мемлекеттің екінші мемлекетке ресми дипломатиялық хаты. Нота алмасу арқылы кейде халықаралық келісім де жасалады.
Нувориш — сауда-саттық және т. с. с. тәсілдер арқылы тер төкпей тез байыған адам. Әдетте, ондайлар қоғамның жоғарғы сатыдағыларымен тіл тауып, билік басына келуге, коғамдық өмірге әсер етуге тырысады.
-О-
Обструкция — белгілі бір шараларға, шешімдерге, заң жобаларына қарсы наразылық білдіріп, кедергі жасап, қабылдаттырмауға тырысудың бір түрі. Мысалы, мұндайда депутаттардың, делегаттардың бір бөлігі келіспегендіктен шу көтеруі, орнынан айқай салуы, тұрып кетуі мүмкін.
Объект—субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат. Саясаттанудың объектісіне саясат әлемі жатады.
Одақ — жалпы саяси максаттарға жету үшін ұйымдасқан бірлестік. Парламентте партиялардың депутаттар тобы қандай болмасын бір заңды қолдау немесе қабылдамау үшін блоктар құруы мүмкін. Сайлау науқаны кезінде саяси мақсаттары, көзқарастары жақын партиялар бірігіп, іс-әрекет жасамақ болып өзара келіседі. Экономикалық, әскери және т. б. мәселелерді шешу үшін мемлекет аралық одақтарда құрылады. Мысалы, НАТО, ОПЕК және т. с. с.
Оккупация — бір елдің жерін екінші мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы. Онда сол мемлекеттің өкімет билігі жойылады, басқару органдары оккупациялық әскери күштердің әкімшілігіне беріледі.
Олигархия — саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі. Ондай билік қаржы саласында да болуы мүмкін. Сондықтан қаржы олигархиясы деп те атайды.
Оппозиция — 1) бір саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық ету, кедергі жасау; 2) партияның не онын бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы. Демократиялық елдерге парламенттік оппозицияны әдеттегі, дұрыс жағдай деп санайды. Олар билеушілерге қарсы тежемелік, тепе-теңдік кызмет атқарады.
Оппозициялық партиялар — өздерінің конституциялық құқықтарын, парламент мінбесін, бұкаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, белгілі бір қоғамдық пікір тудыру арқылы билеуші партияға ықпал жасауға тырысқан партиялар. Олар басқарушы партияның саясатына сын көзбен қарайды.
Охлократия — қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.
-ө-
Өктемшілдік—жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлық, тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбіне саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Өркениеттілік — 1) қоғамның, адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі; 2) мөдениеттің синонимі; 3) Л. Морган, Ф. Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуында варварлықтан кейінгі сатысы.
-П-
Пакт—халықаралық келісім.
Парадигма — жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы коғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар өз пікірін, көзқарасын салыстырып, дәлелдеу үшін тарихтан алынған мысал ретінде де қолданылады.
Парафирование — халықаралық келісімге уәкілдердің алдын ала қол қоюы немесе оның жеке баптарын мақұлдау арқылы келісімнің мәтініне қолдау көрсетуі.
Паритет — мемлекеттер арасындағы саяси және әскери қарулы күштердің тепе-теңдігі.
Парламент — жоғары сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган. Әр елде ол әр түрлі аталады. Мысалы, АҚШ-та, Филиппинде, Латын Америкасының көптеген елдерінде оны Конгресс, Польша мен Финляндияда — Сейм, Иран мен Түркияда — Мәжіліс, Германияда—Федералдық жиналыс, Израильде—Кнессет, Норвегияда—Стортинг, Ұлыбританияда—Парламент, Швецияда — Риксдаг, Францияда — Ұлттық жиналыс дейді.
Парламенттік республика — конституция бойынша жоғарғы билік иесі парламент болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрін айтады. Мұнда үкіметті парламент қалыптастырады, сондықтан оған тәуелді болады. Парламент бюджетті бекітеді, салықты белгілейді, соттарды құрады, халықаралық келісімшарттарды қабыддайды, соғыс аша алады, әскерлерді қамтамасыз етеді және т.с.с. айналысады. Көптеген елдің парламенті екі (жоғары және төменгі) палатадан тұрады.
Пауперизм — біраз халықтың қайыршылануы, жаппай жарлы-жақыбайлық.
Пацифизм — соғыстың қандай түріне болмасын (мақсатына, сипатына қарамастан) қарсы тұрып, бейбітшілікті жақтайтын ағым, қозғалыс. Ол XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болды.
Пентагон — Вашингтон қаласының қасында АҚШ-тың әскери министрлігі орналасқан ғимарат. Жанама мағынада Американың әскери штабын да осылай атайды.
Перманенттік — тұрақты, үздіксіз жалғаса беретін. Мысалы, К. Маркс перманенттік революция туралы айтқан болатын.
Петиция — жазбаша жоғарғы үкіметке жолданатын (немесе жолданған) ұжымдық түрде жазылған өтініш.
Плебисцит — ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың пікірін сұрау, анықтау.
Плутократия — 1) мемлекеттік билік байларға (плутократтарға) бағынышты болған саяси құрылыс; 2) байлардың билігі, ақшаның үстемдігі.
Позиция— 1) белгілі бір мәселеге, іске ұстаған көзқарас, пікір; 2) орналасу орны, бағыт.
Полемология — соғыстың және қарулы қақтығыстардың себептерін, мәнін, ерекшеліктерін, зардап-салдарларын және т.с.с. жан-жақты зерттейтін ғылым. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция, Голландия, Италия елдерінде пайда болды.
Полис — ежелгі грек елінде қоғам мен мемлекеттің саяси-экономикалық ұйымы, қала-мемлекет.
Популизм — саясаткердің немесе қоғамдық институттардың саяси қызмет атқару тәсілі. Олар мынадай ерекшеліктермен сипатталады: көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп, құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді, тіркестерді қолдану, асыра сілтеп уәде беру, халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.с.с.
Прагматизм — алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт. Көбіне адамгершілік қағидаларымен санаспай, нақтылы нәтижеге жетуге тырысады.
Преамбула — халықаралық келісімнің, конституция, декларация және т.б. зандылық құжаттардың кіріспе бөлімі.
Президент — 1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы; 2) сайлап қойылатын басшы, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, корпорация, компания және т.б. төрағасы.
Президенттік басқару — 1) конституцияда керсетілген өзін-өзі басқару институттары қызметтерін тоқтатып, әкімшілік бірлестіктердің басшылықты президент тағайындаған өкілдіктер арқылы жүргізуі; 2) конституцияда көрсетілгендей президентке мемлекет шеңберінде төтенше өкілеттік беру. Әдетте, мұндай жағдайда демократиялық, институттар қызметтерін тоқтатады. Ол мемлекетте не оның бір бөлігінде саяси жағдайды тұрақтандыру үшін қолданылады. Мұндай тәсілді кейде президент өз жағдайын жақсартып алу үшін де пайдаланады.
Президенттік республика — конституция бойынша жоғарғы билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрі. Әдетте, онда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы болып президент саналады . Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін . Егер президентті парламент немесе оның негізінде құралған коллегия сайласа, оны "парламенттік президент" дейді. Конституция бойынша оған белгілі бір құкықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер-министр немесе министрліктердің біреуінің қойылған қолы болуы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Үндістанда, Италияда, Германияда солай. Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президентгік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы, АҚШ, Франция және т.б. елдерде. Мұнда атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындайды және өзі басқарады. Мұндай билік алғаш рет АҚШ-та орнады. Біздің Қазақстан Республикасында да президенттік билік болып саналады.
Прерогатива — белгілі бір мекеменің немесе лауазымды адамның жеке-дара құқығы. Мысалы, президенттің немесе парламенттің заң негізінде бекітілген құқықтары бар.
Пресс-конферен ц ия — белгілі бір мәселені баяндап, түсіндіру үшін мемлекет саяси және қоғам қайраткерлерінің баспасөз өкілдерімен кездесуі.
Престиж — қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес беделді, абыройлы орын, лауазымды адам, қоғамдық-саяси мекеме, әлеуметтік жағдай.
Приват и зация — мемлекеттік байлықтық жеке меншікке беру.
Прогресс—алға қарай үдеп, дамуды білдіретін бағыт.
Пролонга ц ия—белгілі бір саяси келісімшарттың мерзімін созу.
Промульгация — мемлекет шеңберінде жасалған жаңалық, өзгерісті жариялау.
Протекторат — күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетті формальды түрде қамқорлыққа алуы. Көбіне мұндай жағдай әлсізді толық жаулап, жерін қосып алудың амалы болып шығады. Мысалы, XX ғасырдың бас кезінде Жапония Кореяны алдымен протекторат етті, кейін оны өзіне қосып алды.
Протекционизм — 1) ұлттық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғау үшін жүргізілген мемлекеттік саясат; 2) жақсы қызметтерге білімділігі, қабілеттілігі, іскерлігіне қарай емес, тамыр-таныстығы арқылы орналасу немесе билік басындағы адамдардың өздеріне керек істерге "қамқорлық" жасауы.
Путч — мемлекеттік төңкеріс жасау үшін ұйымдасқан адамдардың қылмыстық әрекеті, бүлік.
- Р -
Радикализм — партияның, қозғалыстың, фракцияның, жеке басшының және т.с.с. қоғамда қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатымен жасалатын батыл іс-әрекеті, қимылы. Әдетте, оппозициядағы күштер билік басындағылардың қызметін тартыншақтық, жасқаншақтық, көзбояушылық жасап отыр деп кінәлайды.
Ратификация — мемлекеттер арасындағы жасалған шартты жоғарғы өкімет орындарының бекітуі. Бұған кейін мемлекеттер ратификациялық грамота деген құжатпен алмасады да, келісім-шарт занды күшіне кіреді.
Реабилитация — жазықсыз айыпталған адамды ақтап, жақсы атын қалпына келтіру.
Реакция — 1) белгілі бір әрекетке жауап ретіндегі іс-қимыл; 2) қоғамдық прогреске қарсы бағытталған, күні өткен тәртіпті орнатқысы келетін саясат. Ол, әдетте, жаппай зорлық-зомбылық, күш жұмсаудың, экономикалық, саяси езгінін күшеюіне, еркін ой-пікірді қудалауда көрініс береді.
Реакциялық партиялар — қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға немесе дәуірлерге кайтып оралуды көксеуші партиялар.
Реваншизм — жеңілген мемлекеттің жаңа соғыс арқылы бұрынғы жерін қайтаруға немесе саяси күштің алғашқы жағдайды қалпына келтіруге тырысуы.
Революция — қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымындағы түбегейлі сапалы төңкеріс. Оның біртіндеп, ақырын дамитын эволюциядан және ішінара өзгерістер жасайтын реформадан айырмасы зор. Ол көпшілік күштерді козғалысқа келтіріп, революциялық жағдаятты тудыратын объективтік өзгерістер нәтижесінде пайда болады. Оның қозғаушы күшіне үстемдік етіп отырған қоғамдық кұрылысты құлатып, одан жоғары прогресті құрылысты орнатқысы келген таптар, әлеуметтік топтар жатады. Революциялық қозғалыстың субъектісіне және оның алға қойған мақсатына байланысты революцияны буржуазиялық, буржуазиялық-демократиялық, ұлт-азаттық және т.с.с. етіп бөледі. Революция қоғамның дамуын орасан зор жеделдетеді.
Революциялық партиялар —қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысқан партиялар.
Регент — монархиялық елдерде монархтың (хан, патша, король т.т.) жасы толмағандығына, ұзақ науқасқа шалдығуы немесе орнында болмауына байланысты мемлекеттік уақытша басқаруға тағайындалған адам.
Регресс — кері шегінушілік, бірдеңенің дамуында туған құлдыраушылық, өзгерістің нашар жаққа бет алуы.
Резиденция — мемлекет немесе үкімет басшысының, ірі әкімшілік қызметті аткарушы адамның тұрақты тұратын орны. Онда жоғары деңгейдегі саяси кайраткерлер кездесіп, маңызды шешімдер қабылданады. Ол жазғы, қысқы, қаладағы, қаланың сыртындағы және т.с.с. болуы мүмкін.
Реидеологизация — ішкі және сыртқы саясатты жүргізгенде идеологиялық нұсқауларды, қазыналарды басшылыққа алу. Ол идеологиясыздануға қарсы теория ретінде Батыс елдерінде осы ғасырдың 70—80 жылдарында пайда болды.
Рейтинг — ұйымның, мекеменің, жеке адамның іс-әрекетін, қызметін бағалағанда оның қандай дәрежеде екендігін білдіретін сандық көрсеткіш. Ол сайлау, сұрақ-жауап және т.б. керсеткіштер негізінде жасалады.
Ренегат—бұрынғы пікірлерінен, көзқарасынан айнып, дұшпандар жағына шығып кеткен опасыз, азғын адам.
Репарация—соғысты бастап, бірақ жеңіліп қалған мемлекеттің жеңген мемлекетке толық немесе жарым-жартылай соғыс шығынын төлеуі.
Репатриация — соғыс кезінде тұтқындалған адамдардың, босқындардың, саяси және т.с.с. себептермен басқа жерге қоныс аударғандардың өз еліне қайта оралуы.
Репрессия — мемлекеттік құрылымдардың жазалау шарасы, қуғын-сүргінге ұшырату.
Ресми партиялар — қоғамдық-саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіліп, мемлекеттік тіркеуден өткен партиялар. Олар жүмысын ашық жүргізеді.
Республика — мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі. Азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болуы мүмкін. Алайда, билік органдары сайланбалы болып, азаматтардың формальды түрде болса да билік етуге құқығы болса, ондай мемлекет республикаға жатады. Республика президенттік, парламенттік, "аралас'г(президенттік және парламенттік белгілерді қамтитын) немесе теократиялық (Иран) болуы мүмкін.
Референдум—маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушылардың көңілін білдіруі. Мысалы, онда конституцияны немесе оған түзету кіргізу, мемлекеттік құрылыс немесе билік түрін өзгерту, ескі заңның күшін жою немесе жаңасын қабылдау, елдің халықаралық ұйымға кіру, мемлекетаралық келісімге қосылу және т.с.с. мәселелер қаралады. Бұл мәселелерді конституция не заң ережелеріне сәйкес парламент немесе үкімет басшысы қояды. Мысалы, біздің республикамызда 1995 жылғы 29 сәуірде президенттің өкілеттілігін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум болды.
Реформа — қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне, саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер енгізу. Ол қоғамның, саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін.
Риксдаг— екі палатадан тұратын Швеция парламентінің аты.
-С-
Сайлау жүйесі — белгілі бір билік түрін, мемлекеттік өкілеттік, заң шығаратын, атқару, сот орындарын қалыптастыруға қатысуды қамтамасыз ететін ережелер мен әдістердің жиынтығы. Сайлау жүйесі мажоритарлық, пропорционалдық, азшылықтың өкілдігі болып үшке бөлінеді.
Сайлау құқығы — мемлекеттің өкілеттік органдарына азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары. Ол адам құқықтарының жалпы декларациясынан туындайды. Соған байланысты әр елдің конституциясы бойынша 18 жасқа толған әрбір азамат (заңмен шектелген жағдайлардан басқа) сайлауға қатыса алады.
Сайлау науқаны — өкімет баскару органдарына және т.б. сайлау сияқты арнайы қоғамдық-саяси мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған және жүргізіліп отырған науқан.
Сайлаушы — сайлауда, референдумда және т.с.с. бір үміткер үшін немесе басқа мәселе бойынша дауыс беруге құқығы бар адам.
Сайлаушылар партиясы — негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыруға (қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.т.) арналған партиялар. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялар.
Саммит—сыртқы саяси келісімдер жүргізіп, шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі.
Санкция — 1) жоғарғы сатыда тұрған мекеме, ұйым және т.с.с. төменгі сатыдағыларға бір мәселені жүзеге асыруға рұқсат етіп, бекітуі; 2) бейбіт өмірді немесе ресми келісімді бұзған мемлекетке қарсы халықаралық ұйымның қолданған шарасы. Мысалы, БҰҰ жарғысында халықаралық шартты бұзған жаққа қарсы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша дипломатиялық, экономикалық, әскери жазалау шаралары қарастырылған.
Саясат - алғашында мемлекеттік және қоғамдык істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді: 1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің кызметі; 2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын анықтау; 3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді; 4) әдеттегі тілде — адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің сипаты; 5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Саясат-өнер — саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғарғы тәжірибелікті, асқан шеберлікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап-арбау да кездесіп жатады. Саясатты өнерге теңеуі сондықтан. Дегенмен, басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.
Саясат-ғылым — біріншіден, саясат қоғамдык-саяси өмірдін маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлұмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму зандылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алады, ғылымға негізделеді, саяси жұмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.
Саясат субъектілері — іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметгік топ. Саясаттын субъектісі дегенде ез мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ыкпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінін түрлері, тәсілдері, кездеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам да жатады.
Саясаттану — саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ғылым. Саясаттанудың зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді.
Саяси әлеуметтену — қоғамдык процестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси рөл аткарып, әлеуметтік-саяси қалыптасуы. Саяси әлеуметтену отбасы, құрдастар тобы, мектеп, жоғары немесе арнаулы орта оқу орны, саяси ұйым, ұжым сияқты өмірдің сан саласының ортасында пайда болып, одан әрі өрбиді. Ол тәрбие, үлгі-өнеге, саяси насихат, өмір салтының ықпалын және өзінің саяси тәрбиесі арқылы іске асады. Онын қалыптасуына сол кездегі тарихи дәуір, шетелдегі жағдай, осы мемлекеттің саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуы, үстемдік етіп отырған коғамдық тәртіптін сипаты, топтың, таптың, үлттың өзгешеліктері және т.с.с. әсер етеді.
Саяси бостандықтар — мемлекет конституциясы кепілдік беріп, заң бойынша қамтамасыз етілетін азаматтардың, демократиялық түрде еркін саяси процестерге қатысу құқықтары. Оларға сайлау және сайлану құқығы, сөз, акпарат алу бостандығы, еркін, тең, жүйелі еткізілетін сайлау құкығы, саяси ұйымдар құру , азаматтардың өз мақсат-мүдделеріне қарай іс-әрекет жасау және т.б. жатады. Саяси бостандықтар БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсанда кабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында толық қарастырылған.
Саяси жүйе — билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, коғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғам-дық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси институттар — құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталықка бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме. Мысалы, оған мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер және т.с.с. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.т. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін кұрылады.
Саяси қазыналар — саяси қызметге бағдар етіп ұстайтын идеялар, көзқаарастар, ұғымдар. Мысалы, оларға "еркіндік", "тендік", "әділдік", "әлеуметтік корғанушылық", "төзімділік" және т.с.с.құндылықтар жатады.
Саяси мәдениет — өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, казыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ен алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Саяси партия — мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде негізінде құралған адамдардың ерікті одағы.
Саяси процесс — 1) коғамның саяси жүйесінің, кұбылыстарының уақыт пен кеністікте даму барысы, өзгеруі; 2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т.с.с.
Саяси психолог и я — саясатқа да, психологияға да қатысы бар, екеуінің арасынан шыққан ғылым. Батыс елдерінде кең дамыған.
Саяси реализм — саясатта жағдайды объективті тұрғыдан саралап, күштердің арасалмағын ескере отырып, іс-әрекет жасау. Тек осындай жағдайда ғана алға қойған саяси мақсатқа жететін мүмкіндік туады.
Саяси сана — адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адам-ның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.
Саяси серке — партияның, саяси ұйымның немесе қозғалыстың басшысы. Оған халыктың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерлерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол білімділігімен, көрегендік, шешендік, саяси мәдениеттілік және т.б. қасиеттерімен көзге түседі. Саяси серкелерді авторитарлық және демократиялық, формальды және формальсыз және т.т. етіп жіктейді.
Саяси стратегия мен тактика — партияның, мемлекеттің, қоғамдық-саяси ұйым, қозғалыстардың саяси өмір, процесте, күресте басшылыққа алатын іс-әрекеті. Стратегия деп партия қызметінің ірі тарихи кезендегі жалпы бағытын айтады. Тактикаға страте-гиялық мақсатты жүзеге асыру жолында нақтылы жағдайдағы партияның іс-әрекеті, оның таяудағы мүддесін орындаудың әдіс-тәсілдері кіреді. Саяси жағдайларға байланысты тактика жиі өзгеріп отырады.
Саяси тәртіп — саяси білікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құкық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның керсеткіші, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады. Осыған байланысты қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және антидемократиялық деп екіге бөледі.
Саяси тұрақтылық — әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында саяси жүйенің өз құрылымын сақтап, тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін тұрақтылығы. Ол үшін ең алдымен экономика жоғары қарқында дамуы, халықтың әл-ауқатының үздіксіз өсуі, табыс белісінде көп алшақтық болмауы, саяси тәртіптің зандылығы мен демократиялығы және т.с.с. болуы керек.
Саяси утопия — ғылыми зерттеуге емес, қиялға негізделген, іске аспайтын идеялар мен теориялар. Ағылшынның гуманист-ойшылы Томас Мор 1516 жылы "Утопия" деген атпен өзі ойдан шығарған аралдағы қоғамдық емірдің кұрылымы туралы кітап басып шығарды. Бұл атау содан бастама алады.
Саяси ұйым — алдына қойған ортақ саяси мақсатка жету үшін өзіндік құрылымы бар, қызметтері айкындалған және жүйеленген адамдардың бірлестігі. Оның ерекшелігі — жеке немесе ұжымдық мүшелері болады. Саяси ұйымның негізгі тұрпатына саяси партия жатады.
Сегрегация — халықты нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілік. Ол адамдар арасындағы айырмашылықтарды бекітіп "екінші" халықты теңдік жөнінде қандай болмасын меселе көтеруге мүмкіншілік бермейді. Соңғы кезге дейін сегрегация Оңтүстік Африка Республикасында орын алып келді. Мысалы, онда қара нәсілділердің оқу орындары, емханалары, тұрмыс қажетін өтеу орындары және т.т. ак нәсілділердікінен бөлек болатын.
Сенат — 1) Ежелгі Римдегі мемлекетгік биліктің жоғарғы органы ретіндегі ақсүйектер кеңесі; 2) Ресейде Боярлар думасының орнына 1711 жылы 1 Петр кіргізген жоғарғы үкіметтік мекеме. Ол I Александр кезінде жоғарғы сот органына айналды; 3) бірқатар мемлекеттердегі парламенттің жоғарғы палатасының аты. Мысалы, АҚШ, Бельгия, Ирландия, Италия және Латын Америкасының көптеген елдерінде осылай аталады.
Сепаратизм — бөлектену, оңашалануға тырысушылық. Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері өзіне бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы. ¥лт-азаттық қозғалыстан ерекшелігі — оның жалпы халыктық, бұқаралық сипаты болмайды, ол ұлттың бір бөлігінің мүддесін қамтиды.
Сионизм — еврейлердің ұлтшылдық идеологиясының бір түрі. Иерусалимдегі Сион тәбесінің атына байланысты аталған. XIX ғасырдың аяғында пайда болды. Бұл идеология бойынша еврейлер "кұдай қалаған ерекше" халық. Негізгі мақсаты — дүние-жүзілік барлық еврейлердің, рухани бірлесуін көксейді. Онын, шын мәнін араб елдерінің жерін жаулап алуынан, ол халықты қуғын-сүргінге ұшыратуынан, Палестина мәселесін әділ шешуден бас тартуынан байқауға болады. Оны әлемдік қауымдастықтар талай рет айыптаған. БҰҰ Бас Ассамблеясының XXX сессиясы 1975 жылы сионизмді нәсілшілдіктің түрі ретінде сипаттады.
Скипетр — монархиялық биліктің нысаны. Ол қымбат тастармен неше түрлі өрнектермен әсем бедерлермен безендіріледі.
Соғыс - мемлекеттер, халықтар, ұлттар, топтар, діндер және
т.б. арасындағы қайшылықтардан пайда болған қарулы күрес . Қазіргі кезде саясатшылардың басым көпшілігі соғыс қаупін ту
дыратын егес, тартыс, айтыс, жанжалдарды қарулы күшпен, соғыс арқылы емес, тек қана саяси жолмен шешу керек деп есептеуде.
Сот билігі — құқықтар мен заңдар ережелеріне сүйеніп әділеттілікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органның билігі. Ол парламент немесе президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды, занды бұрмалаушылықтан сақтайды, адамдардың құқықтарын қорғайды. Сот билігін халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек занды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе кызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды.
Социал-демократия — қоғам дамуында әлеуметтік салаларға басымдық беретін идеялық саяси ағым. Мұндай партиялар XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жұмысшы табының партиясы ретінде пайда болды. Олардың мақсаты — барлық еңбекшілерге жақсы емірді, еркіндікті, әлемде бейбітшілікті камтамасыз ету. Қоғам дамуында және социалистік құрылысты орнату жолында революциялық әдіске сүйенбей, эволюциялық (біртіндеп даму) жолды дұрыс деп санайды. Саяси плюрализм мен аралас экономиканы қолдайды.
Қазіргі кезде дүние жүзінде 17 млн. адамнан астам мүшесі бар 80-нен артық социал-демократиялық партиялар бар. Олар Еуропа континентінде қарусыздану, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбекшілердің мүддесін қорғау, жалпы халықаралык жағдайды сауықтыруда көптеген еңбек сіңіруде.
Социал-демократиялық партиялар — қазіргі капиталистік қоғамда еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысқан партиялар. Олардын басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік. Мысалы, Австрияның, Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористік партиясы және т.т.
Социум — адамдардың өмір сүру жағдайы және мәдениеттің бірлігіне байланысты құрылған әлеуметтік қауымдастық. Оның ең жоғарғы түріне әлеуметгік жүйе ретінде тұтас қарастырылған қоғам жатады. Одан басқа оған отбасы, туыстық, рулық, әлеуметтік-топтық, ұлттық, аумақтық қауымдастықтар кіреді.
Спикер — бірқатар парламенттік мемлекеттердегі парламент басшысының немесе палата басшысының аты. Мысалы, АҚШ-та өкілдер палатасының спикері. Ұлыбританияда қауымдастар палатасының спикері дейді. Соңғысының парламент мәжілістерін жүргізгенде үлкен билігі бар. Ол жарыссөзді тоқтата алады. Сөйлеп тұрған шешеннің сөзін бөле алады және т.т.
Стагнация — саясатта, экономикада, мәдениеттегі және т.с.с. тоқырау.
Статус—белгілі бір кезде болған немесе қазір өмір сүріп отырған жағдайды сақтау.
Страта — қоғамдағы әлеуметтік жағдайына байланысты адамдардың әр түрлі топтарға бөлінуі. Оларды жіктегенде мынадай белгілерді (өлшемдерді) басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық, ерекшеліктері және т.т.
Субмәдениет — қоғамда үстемдік ететін мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдар. Ол қоғамдық топтардың экономикалық, әлеуметтік жағдайларына, этникалык, діни, нәсілдік, білімдік, жыныстық, жас ерекшеліктеріне және т.с.с. белгілеріне байланысты болады.
Субъективтік — табиғат пен коғамның объективтік даму заңдылықтарын теріске шығаруға тырысатын көзкарас. Оны жақтаушылардың ойынша, саяси өмір саясатты жасаушы субъекттердің (әсіресе басшылардың) ерік-жігеріне, ынта-ықыласына, мақсат-мүддесіне байланысты дамиды.
Сыртқы саясат — мемлекеттің дүниежүзілік дөрежеде жүргізген саясаты.
- Т -
Теократия — діни билік те, азаматтар билігі де бір адамның қолында болатын мемлекеттік басқарудың түрі. Мысалға, Мүхаммед пайғамбарды келтіруге болады. Қазір жоққа тән. Тек ирандық аятолла Хомейнидің, және одан кейінгі басшылықты оған қосуға болады.
Терроризм — саяси себептермен жеке адамдарды, көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет. Ол жеке адамдарға, ұйымдарға, мемлекеттік институттарға немесе оның өкілдеріне қарсы бағытталуы мүмкін. Мысалы, жеке адамдарға қарсы Ресейде патша үкіметі кезінде халықшылдардың "қастандық" бағыты террорлық әрекеттер жасады. Ал жаппай көпшілікке қарсы мұндай саясатты Израиль басып алған араб жерлерінде жүргізуде.
Технократия — 1) инженерлерге, менеджерлерге, техника ғылымдарына иек артатын саяси тәртіп; 2) басқарушы элитаға кіретін техникалық мамандардың жоғарғы жігі және соларды дәріптейтін түғырнама. Технократиялық теорияларды жақтаушылар техникаға, технологияның рөліне шексіз басымдық береді. Олардың негізін осы ғасырдын, 20 жылдарында америкалық Т. Веблен, Дж. Гэлбрейт және т.б. қалады. Олар ғылыми-техникалық революция кезінде қоғамды техникалық басқарушы мамандар билейді және адамдар техникаға бағынышты болады деген идеяны алға тартады. Шын мәнінде, онын бәрі адамдардың акыл-ой, жігеріне байланысты.
Тиран — 1) Ежелгі Грецияда, Ежелгі Италияда өкіметті күшпен басып алған адам; 2) жендет, рақымсыз, катал, мейірімсіз билеуші; 3) кысымшы, езуші адам.
Толеранттық — басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті, оппозицияның кең мағынасында жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді, олардың ой-пікірлеріне түсіністікпен қарауды білдіреді.
Тоталитаризм — әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бакылауға алынған мемлекетгік-саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Мүндай тәртіпте өндіріс, экономика, бұкаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі жөне т.б. тегіс бақыланады. Азаматтардың, конституциялық үйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық - полициялық бақылау орнайды.
Тоталитарлық партиялар — саяси жүйенің басқа элементтерін (құрамдас бөліктерін) өзіне бағындыруға тырысқан партиялар. Олар идеологияланған, қатаң тәртіпке негізделген бірпартиялық жүйе құруға тырысады.
Төртінші билік — қазіргі өмірдегі ақпарат құралдарының алар орнына баға беріп, бейнелеп айту. Шынында да, өмірдін, демократияланып жатқан дәуірінде, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарды толық пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамнын, ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде акпарат құралдарының бүгінгі танда биліктің үш тармағынан кейінгі орынды алуы даусыз.
Төтенше жағдай — мемлекет бойынша немесе оның жекелеген өңірінде ерекше жағдайларға байланысты нактылы мерзімге орнатылған тәртіп. Мұндай жағдай соғыс кезінде, мемлекеттік төңкеріс, стихиялық апат және т.т. шағында жарияланады. Бұл кезенде азаматтардың құқықтары шектеледі.
|
Триумвират — саяси және әскери үш қайраткерден тұратын одақ.
Тұғырнама — белгілі бір мәселе жөнінде саяси партияның, қоғамдық ұйымның, топтың, қоғам қайраткерінің көзкарастарының жүйесі, іс-қимылы, талабы. Бағдарламаға қарағанда оның ауқымы тар келеді.
Тұжырымдама — 1) белгілі бір мәселеге, кұбылысқа көзқарастардың жүйесі; 2) ғылыми еңбек, шығарманың және т.с.с. негізгі қағидалары. Саясат әлемінде ол саяси партиялардың бағдарламаларында, жарғыларында, ресми құжаттарында жәнет.т. көрініс береді.
Тұлға — қоғамдық өмірдің нактылы-тарихи жағдайы қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өзінің жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адам.
- У -
Узурпация — өкімет билігін заңсыз басып алу немесе басқаның құкығын иемдену.
Ультиматум — 1) саясатта жазалау шаралары қолданылады деп қоркыту арқылы қойылатын талап; 2) халықаралық құкықта бір мемлекеттің екінші мемлекетке белгілі бір мерзімге нақтылы ұсыныстарды міндеттеген үзілді-кесілді талабы. Егер ол талап орындалмаса, дипломатиялық қатынастар үзіледі. Қарулы күш, экономикалық блокада жасалуы және т.с.с. шаралар қолданылуы мүмкін.
Унитарлық мемлекет — саяси билік бір орталыққа бағынған, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейтін мемлекеттің түрі. Онын жер аумағы, конституциясы бір болады, мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ келеді. Мысалы, Греция, Италия, Қазакстан, Норвегия, Польша, Финляндия, Франция, Жапония жәнет.т.
- Ұ -
Ұлт — аумақтың (территорияның), тілдің, экономикалық өмірдің және ұлт мәдениеті мен тұрмыс ерекшеліктерінде көрінетін психикалық қалпының ортақтығымен байланысты адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі.
Ұлтжандылық — Отанға, халқына, оның тарихы, тілі, мәдениетіне деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Отансүйгіштік, ұлт-жандылық үлкен азаматтық, мәдениеттілігінің белгісі. Ол өз мүддесі мен елінің, халкының мүддесі бір, ортақ екенін сезінуге әкеледі. Сондықтан бұл сезім Отанның егемендігін, абыройын қорғауға шақырады. Оны ұлтшылдықпен шатастыруға болмайды.
Ұлттардың өзін-өзі билеуі — ұлттардың өзінің мемлекеттік кұрылысын өзі шешу принципі. Бұл мөселе алғашында Еуропада буржуазиялық-демократиялық революциялардың жеңуіне байланысты пайда болды. Ең бірінші бұл пікір 1776 жылы Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі туралы Хартиясында жарық көрді.
Ұлттық және интернационалистік — Ұлттардың қалыптасуы мен даму жолында кездесетін өзара байланысты екі үрдіс. Біріншісі — әрбір халыктың өзінің ұлттық қажеттіктерін (тілін, мәдениетін, өдет-ғұрыптарын, тұрмыс салтын және т.б. сақтау және дамытуды) қанағаттандыруға тырысушылық. Екіншісі — халықтар арасындағы байланыстың қалыптасуы мен дамуын білдіреді.
Ұлттық мінез — белгілі бір ұлтқа тән дүние танудағы негізгі ерекшеліктер. Ол сол ұлт өкілдерінің қызу қандылығында, іс-әрекеттерінде, талғамында, әдет-ғұрпында және т.с.с. көрініс береді.
Ұлттық сана сезім — белгілі бір ұлттың этникалық бірлестікке тән, оның рухани даму ерекшелігін білдіретін саяси, әлеуметтік, экономикалық, философиялық, адамгершілік, діни және т.б. идеялар пікірлер, көзқарастар жиынтығы.
Ұлттың өзін-өзі ұғынуы — бір ұлтқа жататын адамдардың өзіндік саяси, экономикалық, әлеуметтік мүдделерін, басқа ұлттардың арасында өз орнын ұғынып, жете түсінуі. Сонын негізінде белгілі бір ұлттық казыналарды ардақтау, ұлттық бірлікті сезіну пайда болады. Онда халыктың өз тарихына, мәдениетіне, өдет-ғұрпына, салт-дәстүріне қатынасы білінеді. Ұлттың өміршендігі, белсенділігі көп жағдайда өзін-өзі толық, сезіну деңгейіне байланысты.
Ұлтшылдық — ұлттық жекешелікке, артықшылыққа, басқа ұлттарға сенбеушілікке және бір ұлтты екінші ұлтқа карсы қоюға бағытталған саясат, идеология, психология және әлеуметтік төжірибе. Ұлтшылдық XVIII ғасырдың аяғында отаршылдық қанау мен әлеуметтік теңсіздікке қарсы наразылық ретінде пайда болған. Онын алдын алмаса, кейін халықтар арасындағы өпенділікке айналып кетуі мүмкін.
- Ф -
Фанатизм — өз сеніміне шексіз берілгендік. Ол басқардың көзқарасына шыдамсыздық білдірумен, ешкімнің сөзіне құлақ қоймай, бірбеткейлікке салынумен де сипатталады.
Фашизм — реакциялық агрессивтік күштердің террорлық диктатурасы. Ол 1919 жылы Италияда, содан кейін Германияда пайда болды. Оның ерекшеліктеріне жататындар: бір нәсілді екіншіден жоғары қою, мемлекетке барлық басшылықты беру, демократиялық құқықтар мен бостандықтарды басып-жаншуда шектен тыс күштеу әдіс-тәсілдерін пайдалану, қоғамдық не жеке өмірді жаппай бақылауға алу және т.с.с. Екінші дүниежүзілік соғыс фашизмге күйрете соққы берді. Бірақ кейбір елдерде қазір жаңарған фашизм бой көрсетуде.
Фашистік партиялар — жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда қатаң орталықтандыруды, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайтын партиялар. Ұлтшылдықты уағыздайды. Ол тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Ондай партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Қазір кейбір елдерде неофашистік партиялар пайда болуда.
Федерация — 1) белгілі бір тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп, одактық жаңа мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғары билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынады. Мысалы: Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малайзия, Мексика, Нигерия, Ресей және т.т.; 2) жеке қоғам, ұйымдардың одағы.
Феминизм—қоғам өмірінің барлық салаларында еркектер мен әйелдердің тендігі үшін күресетін қозғалыс. Оның бірінші идеялық манифесті — "Әйел мен азаматтардың құкықтық Декларациясын"—жазған француздың әйел жазушысы Олимпия Де Гуж (1791 ж.) болды. Ондағы негізгі мәселелер: әйелдердің толыққанды, еркін дамуы, өзін-өзі көрсете алуы, мемлекеттік қызметтерге қатысуы және т.с.с.
Форум — 1) ертедегі Римдегі халық жиналыстары, базар, жәрмеңкелер ететін, сот болатын алаң; 2) көпшілік өкілдерінің жиналысы, конгресі, съезі; 3) сөз сөйлейтін орын.
Фракция— 1) парламентте немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және т.б. өз партиясының саясатын ұйымшылдықпен өткізу үшін біріккен кейбір саяси партиялардың мүшелері; 2) партияның жалпы бағытымен келіспегендіктен өз алдына бөлек оқшауланған, өзіндік бағыты, құрылымы, тәртібі бар, бірақ сол партияның катарынан шықпаған саяси партия мүшелерінің бөлігі.
Фундаментализм—мұсылман елдеріндегі коғамдык ойдың ислам діні негіздерін берік сақтау әрекеттері. Қазір ол саясатқа араласу, идеологияға басшылық жасауға тырысушылықта бай-қалады. Мысалы, Иран мемлекетінде.
Футурология — адамзаттың, әлеуметтік процестердің болашағын болжайтын білімдер мен әдіс-тәсілдер жиынтығы.
-X-
Халықаралық қатынастар — халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси, экономикалық, құқықтық, демократиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығы.
Халық майдандары — белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін ұйымдаскан бүкара халықтың, саяси партиялар, кәсіподақтар және т.б. үйымдардың қоғамдык-саяси қозғалысының бір түрі. Олар жалпы демократиялық принциптердің негізінде құрылады және жұмыс істейді. Қатаң, айкындалған түрі мен мүшелігі болмайды. Әдетте, алдына қойған мақсаты орындалған соң тарқайды. Олар осы ғасырдың 30 жылдарында фашизм мен реакцияға қарсы күрес барысында пайда болған және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында зор рөл атқарды.
Харизматикалық билік—өзінің ерекше акылдылығымен, батырлығымен немесе басқа үлгілі қасиеттерімен көзге түскен адамның билік жүргізуі. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, М. Ганди, аятолла Хомейни және т.б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетеді.
Хартия — 1) жекелеген мемлекеттік немесе халықаралық жарғылар. Мысалы, Еркіндіктің ¥лы хартиясы. Кейде бұлай деп саяси қозғалыстың негізгі талаптары жарияланған құжаттарды да айтады; 2) ескі қолжазбалық құжат.
Хиппи — осы ғасырдың 60 жылдарында АҚШ-та пайда болып, кейін Батыс елдеріне тараған жастар қозғалысы. Олар махаббатқа, сезімдік тәжірибеге, табиғатқа жакын болуға, Жер Анаға бас июге шақырады. Олардың нышаны (эмблемасы) гүл-сұлулықты, барлық табиғи нәрсеге деген сүйіспеншілікті, ашықтықты, күш қолданбаушылықты бейнелейді. Олар қазіргі индустриалды, есепке негізделген, мейірімсіз, бюрократиялық өмір салтынан, күнделікті бірыңғай өмірден безгілері келеді.
Хунта — 1) Испания, Италия және Латын Америкасы елдеріндегі қоғамдық-саяси ұйымдардын, бірлестіктердің аты; 2) үкімет басына заңсыз келген және өктемдік әдіс-тәсілдермен басқарушы топ.
— Ц —
Центризм—саясатта оңшылдар мен солшылдардың арасында орталық калыпты ұстанатын партиялық бағыт.
-Ш-
Шовинизм — ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін, бір ұлттың мүддесін басқа халықтардың мақсатына қарсы қоятын, ұлтаралық өшпенділікті қоздыратын,ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі. Бұл атау Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатын, Францияның, "ұлылығын" қолпаштаған ағайынды И. және Т. Коньярдың " Үш түсті кокарда" комедиясындағы Никола Шовен деген солдаттың атымен аталады.
- І -
Ішкі саясат—мемлекеттің өз ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылысты сақтау немесе өзгерту мақсатындағы жүргізген саясаты.
-э-
Эволюция — коғамдық-саяси өмірде біртіндеп, баяу даму. Бұл теорияның негізін салған ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин болатын.
Эклектизм — саясатта әр түрлі (кейде тіпті қарама-қарсы) көзқарастарды, идеяларды, теорияларды араластыру. Оның негізгі кемшілігі көптеген байланыс қатынастарының ішінде негізін таба білмеуде. Бұл атауды ежелгі грек фәлсафашысы Потамон кіргізген болатын.
Экспансионизм — бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге, халықтарға, аймақтарға ықпалын арттырып, билігін жүргізу үшін экономикалық, әскери, дипломатиялық әдістермен жүргізген саясаты.
Экспоприация — бір тапты жеке меншігінен, өндіргіш, құралдарынан күшпен, ықтиярсыз айыру. Мысалы, Кеңес өкіметі кезінде қанаушы тап деп саналып, буржуазия мен помещиктердің меншігі осылай тартып алынды.
Экстремизм — 1) саяси және басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық принциптерді шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бермейді; 2) шектен шыққан көзқарастарға және шараларға бет бұрушылық.
Электорат — халықаралық ұйымдарға, мемлекет басқару органдарына, жеке қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы.
Элита — саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, іскерлігімен, асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы. Бұл теорияның негізін салушылар итальяндық Г. Моска мен В. Парето. Олардың ойынша, саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар қоғамды билейді, ғылыми-техникалық, әлеуметтік процестің козғаушы күші де осы сұрыпталған адамдар.
Эмансипация — адамның немесе әлеуметтік топтың тәуелділік, кіріптарлық езгіден құтылып, теңдік алуы. Мысалы, ұлттык езгіден құтылу, әйелдердің ерлермен тең құкық алуы және т.с.с. Ертедегі Римде ол балалардың ата-аналар билігінен құтылуын білдірсе, XIX ғасырда әйелдердің, негрлердің теңдік алуын білдіреді.
Эмиграция — 1) саяси, экономикалық, діни себептермен өз елінен басқа елге қоныс аударуы және сол елде тұруы; 2) басқа елдерден келіп, сол елдің азаматтары ретінде тұрып жатқан адамдардың жиынтығы.
Эмиссар — саяси немесе мемлекеттік ұйым тарапынан құпия тапсырмамен жіберілетін адам.
Этатизм — елдің экономикалық және саяси өміріне, қоғамның барлық саласына мемлекеттің белсенді араласуын қалайтын тұжырымдама.
Этнос — тілінде, мәдениетінде, мінез - құлқында ортақ
ерекшеліктері бар, белгілі бір аумақта (территорияда) тарихи
қалыптасқан, өз қауымдастығының бірлігін сезінетін адамдар
жиынтығы. Мысалы, тайпа, үлыс, ұлт. Бұлардың әрқайсысын кейде "халық" деп те атайды.
- Ю -
Юнеско — БҰҰ-ның білім, ғылым, мәдениет мәселелері жөніндегі халықаралық, үкіметаралық ұйымы. Оның жарғысы 1945 жылы қабылданды. Негізгі мақсаты — нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне қарамай барлық адамдарға әділдікті, зандылықты, адам құқыктары мен еркіндіктерін жалпыға бірдей құрметтеуді қамтамасыз ету үшін ағартушылық, білім және мәдениет құралдары арқылы халықаралық ынтымактастықты дамытуға, бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнатуға кемектесу. Оған Бас конференция басшылық етеді. Секретариатының тұрақты тұратын жері — Париж.
|