ҚазаҚстан республикасы Білім жӘне Ғылым министрлігі
Ш. ЕСЕНОВ атындағы
КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Мұнай және газ» факультеті
«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы
«5В060800-Экология »
мамандығы
«Биосфераның құрылымы мен эволюциясы»
ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
(SYLLABUS)
АҚТАУ 2015
1. Оқитын пәннің сипаттамасы
«Биосфера құрылымы мен эволюциясы» пәні бакалавриат 5В060800-Экология мамандығының негізгі компоненттің базалық пәні болып табылады және IΙ курс (4-семестр) оқытылады.
Пәнді оқуға барлығы 135 академиялық сағат бөлінген, оның ішінде: 45 сағат аудиториялық сағаттар, оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы –9 сағат, студенттің өзіндік жұмысы 81 сағат.
45 сағаттық аудиториялық сағатты құрайды: дәрістік – 30 сағат; тәжірибелік (семинарлық) жұмыс– 15 сағат.
2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты: жердің ең ірі экожүйесі биосфера туралы жан-жақты білім беру, оның масштабы және шекарасын белгілеу, ғаламдық экологиялық процесстердің заңдылығы мен бірлігі, оның Ғарышпен байланысы және адамның потенциалды биосфераны өзгертудегі және ондағы процесстерге әсер етуі көрсетіледі.
Міндеттері:
1.Биосфера қызметінің негізгі заңдылықтарын ашып қарау;
2. Физикалық ортаның пайда болуындағы тірі организмдердің ролі;
3.Биосфераның негізгі бірлігі биогеоценоздың құрылымы мен қызметі, оның ішіндегі процесстердің балансын студенттерге тереңдетіп түсіндіру;
4.Биосфера эволюциясы туралы түсінікті ашып көрсету, ескі теңгерім процесінің бұзылуы және оның өзін өзі қайта қалыптастыру теңгермесіне ауысқанын көрсету.
Биосфераның негізгі компоненттерінің әсер ету заңдылығы туралы білімді қалыптастыру және адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде, әсіресе қазіргі табиғатты пайдалану жағдайында экологиялық салдар туралы білімді нығайту.
3. Пәннің қысқаша мазмұны
Биосфера туралы түсінікті анықтау. Биосфера шекаралары мен оның өзіне тән ерекшеліктері.Биосфераның куаттылығы.Биосфера туралы білімнің карастырылуы туралы қысқаша тарихы. Тіршіліктің планетарлық рөлінің бейнесі X. Гюйгенстің ("Космотеорос",17 ғ. соңы) жэне Ж.Б Ламарктің (19 ғ. басталуы) еңбектерінде. Тіршілік географиялық қабатгьщ ажырамас бөлігі ретінде А. Гумбольдтың көзқарасы. Э.Зюсстың ғылымға «Биосфера» терминін енгізуі. В.В. Докучаевтың идеялары Жер планетасының пайда болу эволюциясы және ерекешеліктері. Жер бетінде тіршілік пайда болуы туралы жолдары.Өмірге деген тіршіліктің бір мезгілде (гендер) өздігінен көшіру және эволюцияға (көбею қабілетгілігі бар мутацияларға) қабілеттілігі туралы көзқарас. Тірі заттың спецификалық ерекшеліктері және қасиеттері. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қысқа тарихы. А. Опаринның ілімі. Тірі организмдерсіз биогендік полимердің пайда болуы туралы эксперименталдік дәлелдер.С. Миллердің эксперименттері.Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі замандағы теориясы - Дж. Берналдың биопоэз туралы теориясы. Биопоэздың негізгі кезендері. Жердің химиялық және биологиялық эволюциясінің негізгі кезеңдері. Эралар және дәуірлер. В.И. Вернадскийдың биосфера туралы ілімді құрастыру тарихы.В.И.Вернадскийдьщ очерктері: «Ғарыштағы биосфера» және "Өмірдің аймағы".Биосфераның тірі заты туралы концепция. Биосферадағы тірі заттың глобальды рөлін аныктау. Биогеоценоздар биосфераның негізгі кұрылымдық элементтері ретінде. Биогеоценоздар үлгілері. Заттың, энергияның (күн сәулесі, жарыкгьщ буландыруға жэне атмосфера турбуленциясына шығысы, органикалық заттың фотосинтезі, инфрақызыл сәулелену, микроорганизмдердің тыныс және редуценттік эрекеті) таскындары орманның биогеоценоздар үлгілері ретінде. Бірегей "автотрофсыз" биогеоценоз үңгірлері. Биосферадағы Ле Шательенің кағидасының әрекеті. К. Бэрдің сақталу (үнемділік) заңы. Биотикалық айналымның негізгі буындары. Заттың биотикалык айналымының моделі. Биосфераның тұрактану механизмдері. В.И. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі. Жаңа заманның глобальды экологиялык мәселелері. Ауа-райының өзгеруі: себептері мен салдары.Озон кабатының азаюы.Қышкылдык жаңбырлар, өсімдіктер және жануарларға әсері. Шөлейттену және биологиялық алуан түрлілігінің азаюы. Ауыл шаруашылығы және өндірісті дамытуға катысты экологиялык мәселелер.Радиация және өмір. Қоршаған ортаны ластағыштардың тірі ағзаларға әсері. Адам қоғамының тұрактанып дамуында табиғаттың рөлі. Жаңа заманның глобальды экологиялык мәселелері, олардың орын алуының себептері мен салдары. Қоршаған ортаның физикалык, химиялык жэне биологиялык ластануы, эколого-генетикалык салдары.
4. Т ақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
4.1. Дәрістік сабақтар
Рет. №№ | C абақтың тақырыптары | Көлемі , сағаты |
1 | Кіріспе | 2 |
2 | Биосфера концепциясының құрылуы. | 2 |
3 | Тірінің мәні және тіршіліктің пайда болуының мәселесі. | 2 |
4 | Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қысқаша тарихы. | 2 |
5 | Биосфераның эволюциясы | 2 |
6 | Биосфера дамуының әртүрлі кезеңдерінде биологиялық түрліліктің пайда болуы. | 2 |
7 | В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі | 2 |
8 | Биосферадағы тірі заттың глобальді рөлін анықтау. | 2 |
9 | Биосфераның әрекет етуінің заңдылықтары | |
10 | Негізгі биогеохимиялык циклдері. | 2 |
11 | Биосфераның тұрақтану механизмдері | 2 |
12 | Глобальді биосфера үрдістері. | 2 |
13 | Биосферадағы тұрақтанбаудың пайда болуының антропогенді факторлары | 2 |
14 | Жаңа заманның әлеуметтік экологиялық мәселелері | 2 |
15 | Жер шарының денсаулығы | 2 |
БАРЛЫҒЫ : | 30 |
4.2.Т әжірибелік сабақтар
Рет. №№ | Cабақтың тақырыптары | Көлемі, сағаты |
1 | Жер бетіндегі тіршілік пайда болуы туралы қазіргі кездегі теорияларды қорғауға қатысты фактілер және дәлелдер. | 1 |
2 | Жер бетіндегі химиялық және биологиялық эволюцияның кезеңдері | 1 |
3 | Экожүйелердегі тепетеңдікті реттейтін механизмдер. | 1 |
4 | Экологиялық жүйелердегі динамикалық процесстер. | 1 |
5 | Биосфераның құрылымы. Тірі материяның ұйымдасу деңгейлері | 1 |
6 | Тірі заттың концепциясы және оның биосферадағы глобальды рөлі | 1 |
7 | Қоршаған орта жағдайына организмдердің бейімделуі. | 1 |
8 | Биосфераның синенергетикасы | 1 |
9 | Биосферадағы энергия ағымы. Биосферадағы термодинамика заңдарының әсері | 1 |
10 | Экожүйелердің кұрылымдык және и функционалдық ұйымдасуы | 1 |
11 | Экожүйелердің табиғи дамуы: біріншілік және екіншілік сукцессия. | 1 |
12 | Биосфераның тұтастығы және тұрақтылығы. | 1 |
13 | Биосфераның болашактағы функция аткару жағдайын болжаулау және талдау. | 1 |
14 | Өте қуатты геологиялык және геохимиялық фактор ретінде антропогенді әсер етудің концепциясы. | 1 |
15 | Биосферадағы адамның орны | 1 |
БАРЛЫҒЫ: | 15 |
4.3. Зертханалық сабақтар оқу жұмыс жоспарында қарастырылмағандықтан енгізілмеген.
5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
Әр студент семестр басында тапсырма алады (зерттеу тақырыбын оқытушы жеке анықтайды), семтр бойына апта сайын орындалады. Зерттеу тақырыбына сай студенттердің өзіндік жұмыс түрлері:
1. Жұмыстың жоспарын құру.
2. Баяндама дайындау және баяндама тезисін дайындау.
3. Сөздік (глоссарий) құрастыру.
4. Әдебиеттермен жұмыс (библиографиялық картотека)
5. Зерттеу тақырыбы бойынша тест сұрақтарын жасау.
6. Шығармашылық жұмыс жасау.
7. Зерттеу тақырыбын қорғау мақсатында ауызша хабарлама дайындау.
8. Дайын жұмысты презентациясымен немесе видеоматериалымен дайындау.
9. Тақырып бойынша жұмыстарын қорғау.
Білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру білім беру мекемесінің материалды-техникалық және ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Білім алушының өзіндік жұмысын орындау мен қатар оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмыс қарастырылған. Тақырыптары келесі:
1. Биосфераның қазіргі кездегі мәселелері.
2. Тұрақты даму концепциясын дамытудағы В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінің негізделінген рөлі.
3. Қоршаған ортаны қорғайтын принциптер және әдістер.
4. В.И.Вернадский творчествалық жолы. Негізгі ғылыми еңбектері.
5. Биогендік элементтердің биогеохимиялық циклдері (көміртегі, кальций, азот, фосфор, сера, калий, йодтың және т.б.)
6. Биосферадағы су айналымы және оның биогеоценоздарға әсері.
7. Табиғи және антропогенді тегі бар биогеохимиялық провинциялар.
8. Биосфера туралы көзқарастардың пайда болу мәліметтері.
9. Табиғи процестер арқылы биогеоценоздардың қайта қалпына келу және қайта қалпына келмеу бұзылыстар бойынша үлгілер.
10. Геологиялық апаттардан кейін топырақтың рекультивациясы және оның мәселелері.
11. Биогеоценоздардың әр түрлеріндегі биомасса және биоөнімділік.
12. Адамзатқа қажетті биосфераның өнімділігін жоғарлататын мүмкіндік тиісті жолдар.
Ағымдық бақылау білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы, тәжірибелік жұмысы және дәріс шеңберінде оқытушымен бағаланады..
Пәнді қорытындылау нәтижесінде емтихан өткізіледі. Емтихан өткізу формасы тест. Аралық бақылау кезінде жинақталған баллдар емтихан кезінде есепке алынады.
6. Кеңес беру уақыты
Сейсенбі, 15:00-17:00, аудитория 309 немесе оқу бөлімімен берілген жеке кестеге сәйкес.
7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
Білім алушылардың білімін тексеру тәжірибелік сабақ уақытында жүргізіледі.
8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
Университетте студент рейтингісін анықтаудың 100 балдық шкаласы қолданылады. Рейтингтік бақылау нәтижелері емтихан сессиясы барысында пәндер бойынша емтихан тапсырғанда есепке алынады.
Пәнді оқу кезінде білім алушыларды бағалау келесі түрде жүргізіледі:
1) Дәріс- білім алушы максималды 100 балл жинайды, оның ішінде 40 балл сбаққа қатысуы және 20 балл белсенділік, 30 балл конспект жазғаны үшін және 10 балл дәріс бойынша тест сұрақтарына жауап жазғаны үшін.
2) Тәжірибелік сабақ – сбаққа қатысқаны үшін 50 балл, сабақта ауызша жауап берген үшін 30 балл және тапсырма орындаған үшін 20 балл. Барлығы максималды 100 балл;
3) Білім алушының өзіндік жұмысы - максималды 100 балл.
Ағымдық бақылау дәріс, тәжірибелік және оқытушы бақылауымен жүргізілетін өзіндік жұмыс нәтижелері бойынша бағаланады.
Пәннің қорытынды бақылау түрі – емтихан. Емтихан түрі: тест.
Білім алушылар келесі талаптарды орындауы тиіс:
-сабаққа кешікпеу;
-дәрістердің конспектісін жазу;
-БӨЖна дайындық материалдарын жазып жүру;
-оқу процесінде белсенді қатысу;
- тапсырмаларды уақытында орындау, уақытында орындалмаған тапсырмаларды оқытушы қабылдамауға құқылы.
9. Әдебиеттер тізімі
9.1. Негізгі әдебиет :
1. Вернадский В.И. Биосфера и ноосфера. Библиотека трудов акад. В.И. Вернадского. Живое вещество и биосфера. М.,1994
2.Еремченко О.З. Учение о биосфере. М.: Академия.,2006.
3.Алексеенко В.А., Жизнедеятельность и биосфера. – М: Логос, 2005
9.2. Қосымша әдебиет :
1. Доклад конференции ООН по окружающей среде и развитию. Рио-де-жанейро, 1992. Том 1, Нью-Иорк,1993
2.Горелов А.А. Концепция современного естествознания.Курс лекций. Центр. М.,2008
3.Чумаков Н.М., Сергеев В.Н. Проблема климатической зональности в позднем докембрии. Климат и биосферные события //В кН.: Климат в эпохи крупных биосферных перестроек (Семихатов М.А., Чумаков Н.М., ред.), Труды ГИН РАН,М.: Наука.2004 вып.550
4.Benner S.A., Caraco M.D., Thomson J.M. Gaucher E.A. Planetary Biology - Paleontological, Geological, and Molecular Histories of Life // Science,296, 864-868, 2002
5. Аветисов В.А. Физические аспекты предбиологической эволюции: сложность, иерархичность, динамика //Химическая физика, № 22(2), 2003
6.Злобин Ю.А. Происхождение жизни// Природа, №2,2001
7.Вернадский В.И. Биосфера и ноосфера –Москва: Айрис-пресс, 2013-576с.
8.Горелов А.А. Концепции современного естествознания.Курс лекций. Центр. М.,2001
9.Мукашев З.А. Концепции современного естествознания.Хрестоматия. –Алматы: Аркаим 2001-362с.
10.ТонкопийМ.С., Ишкулова Н.П., Анисимова Н.М., Сатбаева Г.С. Экология и устойчивое развитие Учебник- Алматы: Экономика-2011-378с.
11.Фазылов С.Д., Молдахметов З.М., Ғазалиев А.М., Қазіргі замаңғы жаратылыстану концепциялары. Оқулық. Алматы, 2003-256 бет.
12.Саданов А.Қ. Сүлейменова Н.Ш. Дәменова Н.С. Экология және тұрақты даму Алматы: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2010 -385 бет.
Пәннің жетекші оқытушысы:
Аға оқытушы Қойбакова Сымбат Еламановна кабинет 309 электр. п ошта symbat _85@ mail . ru
(лауазымы, толық аты, әкесінің аты, тегі, кабинет нөмірі, ішкі электрондық поштасының мекен-жайы және қолтаңбасы)