Зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары
№ | Тақырыбы | Өткізілу түрі | Сабақтың ұзақтылығы (сағ) |
Кредит 1 | |||
1 | Дәрілік заттарды зерттеудің жалпы әдістері мен тәсілдері. | дәстүрлі | 2 |
2 | Дәрілік заттарды зерттеудің жалпы әдістері мен тәсілдері. | дәстүрлі | 2 |
3 | Тазартылған суды, сутек асқын тотығы дәрілік заттарын талдау | дәстүрлі | 2 |
4 | Галогендер және олардың сілтілік жер металдарымен қосылыстарын, хлорсутек қышқылын талдау. | шағын топтармен жұмыс | 2 |
5 | Кальций мен магнийдің бейорганикалық қосылыстарының дәрілік заттарын талдау. Рентгенге түсіруге арналған барий сульфаты. | шағын топтармен жұмыс | 2 |
Барлығы: | 10 | ||
Кредит 2 | |||
1 | Органикалық қосылыстардың галоген туындыларының дәрілік заттарын талдау: хлорэтил, хлороформ, иодоформ. | шағын топтармен жұмыс | 2 |
2 | Спирттер және олардың эфирлерінің дәрілік заттарын талдау: этил спирті, глицерин, нитроглицерин, наркозға арналған эфир. | шағын топтармен жұмыс | 2 |
3 | Альдегидтер және олардың туындылары-ның дәрілік заттарын талдау: формальдегид ерітіндісі, гексаметилентетрамин, хлоралгидрат, глюкоза. | шағын топтармен жұмыс | 2 |
4 | Карбон қышқылдарының, лактондардың дәрілік заттарын талдау: кальций глюконаты, натрий цитраты, аскорбин қышқылы. | жұптасып жұмыс істеу | 2 |
5 | Аминқышқылдары және олардың туындыла-рының дәрілік заттарын талдау: глютамин қышқылы, аминолон, пирацетам, цистеин, метионин. | жұптасып жұмыс істеу | 2 |
Барлығы: | 10 | ||
Кредит 3 | |||
1 | Беталактамидтер, пенициллиндер жарты-лай синтетикалық пенициллиндер туын-дыларының дәрілік заттарын талдау:бензилпенициллин және оның тұздары, феноксиметилпенициллин, ампициллин, карбенициллин динатрий тұзы, оксациллин, амоксациллин. | шағын топтармен жұмыс | 2 |
2 | Моно- және бициклді терпендердің дәрілік заттарын талдау: ментол, валидол, терпингидрат, камфора, бромкамфора, сульфокамфокаин. | жұптасып жұмыс істеу | 2 |
3 | Циклопентанпергидрофенантрен туындыларының дәрілік заттарын талдау: Д тобы витаминдері, прогестерон, прегнин, норколут. | шағын топтармен жұмыс | 2 |
4 | Циклопентанпергидрофенантрен туындыларының дәрілік заттарын талдау: дезоксикортикостерона ацетат, кортизона ацетат, синалар, преднизолон. | шағын топтармен жұмыс | 2 |
5 | Циклопентанпергидрофенантрен туындыларының дәрілік заттарын талдау: тестостерон пропионаты, метилтестостерон, метандростенолон, ретаболил, местранол, октестрол. | шағын топтармен жұмыс | 2 |
Барлығы: | 10 | ||
Жалпы сағаты: | 30 |
Студенттің өзіндік жұмысының тапсырмалары
№ | Тақырыбы | Өткізілу түрі | Бақылау кестесі (өткізу аптасы) | Сағат саны |
Кредит 1 | ||||
1 | Фармацевтикалық химияның негізгі даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының бақылау-рұқсат беру жүйесі. Дәрілік заттардың қолданылу кезеңдерінің барлық сатыларында сапасын бақылау жүйесі. | рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа рецензия дайындау | 1 | 3 |
2 | Фармацевтикалық талдау. Дәрілік заттардың өзі екендігін анықтауда қолданылатын физикалық және химиялық қасиеттері. Дәрілік заттардың тазалығын анықтайтын жалпы фармакопеялық ережелер. | рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа рецензия дайындау | 2 | 3 |
3 | Бейорганикалық дәрілік заттарды идентификациялаудың жалпы реакциялары | презентация, презентация ға рецензия дайындау | 3 | 3 |
4 | Дәрілік заттардың сандық мөлшерін анықтайтын жалпы фармакопеялық әдістер. Титриме- триялық әдістер. | рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа рецензия дайындау | 4 | 3 |
5 | Натрийдің бейорганикалық қосылыстарының дәрілік заттарын талдау: натрий гидрокарбонаты, натрий тиосульфаты, натрий нитриті, натрий тетрабораты. | презентация, презентация ға рецензия дайындау | 5 | 3 |
Барлығы: | 15 | |||
Кредит 2 | ||||
1 | Гадолиний қосылыстары дәрілік заттар ретінде. Радиофармацевти- калық препараттар. Висмут, мырыш, мыс, алюминий және темірдің кешенді қосылыстарының дәрілік заттарын талдау. Платинаның кешенді қосылыстары (платин, цисплатин, цисплатам). Сапасына қойылатын талаптар | презентация, презентация ға рецензия дайындау | 6 | 3 |
2 | Органикалық дәрілік заттарды функционалды топтары бойынша талдау. Көмірсулар. Глюкоза, леовист, сахароза, лактоза, крахмал. | презентация, презентация ға рецензия дайындау | 7 | 3 |
3 | Аралық бақылау. Коллоквиум | тестілеу/ ауызша | 8 | 3 |
4 | Цефалоспориндер. Бета-лактамаза ингибиторы. Сульбактам, клавулан қышқылы. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. | презентация, презентация ға рецензия дайындау | 9 | 3 |
5 | Пролин (каптоприл, эналаприл) және фенилаланин (мелфалан) туындылары. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. Дитиокарбамин (тетурам) қышқылы туындылары. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. | презентация, презентация ға рецензия дайындау | 10 | 3 |
Барлығы: | 15 | |||
Кредит 3 | ||||
1 | Макролидтер және азалидтер. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. | презентация, презентация ға рецензия дайындау | 11 | 3 |
2 | Дитерпендер дәрілік заттар ретінде. Циклогексан, циклогексинилизопреноидты витаминдер, А тобы витаминдері. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. Статиндер, адамантандар тундылары. Тритерпендер дәрілік заттар ретінде. Мия тамырының препараттары – глицирам, биосластилин, глидеринин. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. | рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа рецензия дайындау | 12 | 3 |
3 | Андрогенді гормондар дәрілік заттар ретінде. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. Анаболикалық әсер көрсететін жартылай синтетикалық туындылары: феноболин, ретаболил. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. | рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа рецензия дайындау | 13 | 3 |
4 | Андростанның синтетикалық ацетокситуындылары: ципротерон ацетаты, пипекуроний бромиді. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. Эстрогендердің синтетикалық аналогтары. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. | рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа рецензия дайындау | 14 | 3 |
5 | Аралық бақылау : коллоквиум | Тестілеу/ ауызша | 15 | 3 |
Барлығы: | 15 | |||
Жалпы сағаты: | 45 |
2. 9 . Ұсынылған әдебиеттер :
негізгі:
1. Арыстанова Т.А. Общая фармацевтическая химия/Учебное пособие.-Шымкент.-2008.-157 с.
2. Арзамасцев А.П.. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр.-М.:ГЭОТАР-Медиа.-2006.-640 с.
3. Беликов В.Г. Фармацевтическая химия. В 2-х ч: учебное пособие, 4-е изд., перераб. и доп.-М.: МЕДпресс-информ.-2007.-624 с.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы.-Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі.-2008.-1 Т.-592 б.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы.-Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі.-2008.-2 Т.-792 б.
6. Ордабаева С.К. Анализ лекарственных препаратов, производных
ароматических соединений: учебное пособие.-Шымкент.-2012.-270б.
қосымша :
1. Арыстанова Т.А., Арыстанов Ж.М. Инновационные технологии в фармацевтическом образовании: обучение и контроль. Учебно-методическое пособие.-Шымкент.-2012.-175б.
2.10 Оқыту мен сабақ берудің әдістері
2.10.1 Дәрістер: тақырыптық.
Аудиториямен кері байланыс – оқылған дәрістің тақырыбы бойынша лектордың дайындаған билеттері арқылы тест немесе блиц сұрақтарға жауап беру арқылы жүргізіледі.
2.10.2 Лабораториялық сабақтар: дәстүрлі, жұптасып және шағын топтармен жұмыс істеу.
Лабораториялық сабақты дәстүрлі әдіспен өткізу тақырып бойынша бастапқы білім деңгейін бақылаудан (тестілеу, ауызша және т.б.), әрбір студенттің белгілі жұмыс орнына сәйкес лабораториялық жұмысты орындауынан, нормативті-техникалық құжаттардың талабына сай дәрілік заттың талдауы бойынша хаттама жазуы мен оны қорғауынан тұрады.
Жұптасып жұмыс істеу - тақырып бойынша бастапқы білім деңгейін бақылаудан (тестілеу, ауызша және т.б.), студент жұптарының белгілі жұмыс орнына сәйкес лабораториялық жұмысты орындауынан, нормативті-техникалық құжаттардың талабына сай дәрілік заттың талдауы бойынша бірлесе отырып хаттама жазуы мен оны қорғауынан тұрады.
Шағын топтармен жұмыс істеу –әдістеме фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында дайындалған арнайы әдістемелік нұсқауларда көрсетілген.
- оқу үлгерімі және ойлау қабілетіне байланысты студенттердің топтары теңдей екі немесе үш шағын топтарға бөлінеді.
- әрбір топ сабақ тақырыбы бойынша тапсырмалар алады:
1 топ дәрілік субстанцияның немесе дәрілік түрдің сыртқы көрінісі, ерігіштігі, өзі екендігі бойынша теориялық сұрақтарды және зертханалық тапсырмаларды орындайды;
2 топ дәрілік субстанцияның немесе дәрілік түрдің тазалығы (қышқылдылығы немесе негізділігі, мөлдірлігі және түстілігі, жалпы технологиялық және өзіне тән қоспалары, кейбір физикалық канстанталары) бойынша теориялық сұрақтарды және зертханалық тапсырмаларды орындайды;
3 топ дәрілік препараттың сандық мөлшерін анықтау бойынша теориялық сұрақтарымен зертханалық тапсырмаларды орындайды;
- бастапқы білім деңгейін бақылау шағын топтар арасында сұрақ-жауапқа жауап беру арқылы жүргізіледі;
- студенттердің өзіндік жұмысы алған тапсырмалары бойынша зертханалық жұмыспен орындалады;
- шағын топтарда орындалған зертханалық жұмыстардың сапалық көрсеткіштерінің нәтижесін талдап және нормативті құжат талабына сай екендігін қорытындылайды;
- шағын топтар бірігіп жасалған жұмысқа презентация жасап, оның нәтижелерін бүкіл академиялық топ бойынша талқылайды;
- сабақты қорытындылау кезінде және студенттің білімі мен іскерлігін бақылағанда, оның зертханалық жұмысты орындауда және нәтижелерін талқылауда белсенді қатысқандығын ескереді;
- шағын топтардағы жұмысты студенттер өздері бағалап, әрбір студентке бағаны өздері қояды;
Әрбір тақырыпты өткенде студенттердің алған тапсырмалары өзгеріп тұрады. Апта сайын шағын топтардағы студенттер құрамы да фармацевтикалық талдаудың барлық этаптарындағы тапсырмаларды орындау үшін өзгеріп отырады.
2.10.3 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - әдебиеттермен жұмыс жасау, компъютерлік бағдарламалар мен электрондық база жүйелерімен жұмыс жасау, рефераттар дайындау және қорғау, лекция, лабораториялық сабақ, ОСӨЖ-де өтпеген типтік бағдарламадағы кейбір тақырыптар бойынша презентация өткізу.
Академиялық период алдында әрбір студентке әрбір кредит бойынша бір тақырыптан СӨЖ тапсырмалары бекітіледі.
СӨЖ дайындау түрлері:
§ реферат дайындау және қорғау;
§ рефератқа пікір жазу;
§ презентация;
§ презентацияға пікір жазу.
2.10.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – кафедрада жасалған кесте бойынша оқу бағдарламасының ауыр тақырыптары бойынша түсініксіз сұрақтарға кеңес жүргізіледі.
2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері :
Белгілері :
-Объективтілік
-Айқындық
-Икемділік
-Жоғары дифференциациясы
Барлық жұмыстарды бағалау ережесі:
Студенттердің оқу үлгерімін барлық жұмыстар бойынша ағымдық бақылау келесі жұмыс түрлерінен тұрады: зертханалық жұмыстарды орындау, СӨЖ.
Аралық бақылауда дәріс сабақтарына қатысуы, зертханалық жұмыстарды орындауы, СӨЖ-ді уақытымен орындауы тексеріледі.
Аралық бақылаудың нәтижесі бойынша орташа балл қойылып, ол емтиханға жіберілу рейтингісінде ескеріледі.
Аралық бақылауды жүргізу түрлері:
- тестілеу;
- ауызша сұрау.