Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

Информатика және ЕТ кафедрасы

СИЛЛАБУС

 

 

Оқу пәні

БП МК: АТВ 1204 Алгоритмдеу және бағдарламалау_негіздері

( 3 кредит )

Мамандық

5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Курс І

Оқытушы п.ғ.к., доцент Байбақтина Ақсауле Тоқтарқызы

 

 

201 5 -201 6 оқу жылы

 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән БП МК: АВТ 1204 Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері_

( 3 кредит )

сабақ өткізілетін орын ауд. уақыты апта күндері оқытушы байл. тел email
Гришина, 7. корпус №6 Ауд. №432 сағат 11.40 Дәріс Дүйсенбі   Байбақтина А.Т.   8(701) 4555443 Aksaule67@mail.ru
Гришина, 7. корпус №6 Ауд. № сағат практика        
Гришина, 7. корпус №6 Ауд. №436, №433 сағат 11.40-13.30 лабораториялық жұмыс      

ОСӨЖ уақыты

Гришина, 7. корпус №6 Ауд №504 Сағат 13.40(жұп апта) Дүйсенбі   Байбақтина А.Т.   8(701) 4555443 Aksaule67@mail.ru  

КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ :

Болашақ маман программалаушы кәсібі біліктілігінің ірге тасы алғашқы курста жоспарланған осы пәннен қаланады. Демек, алгоритмдік тілдер құрылымынына бастап, жіктемеммелерін, тіл мүмкіндіктері мен негізгі алгоритмдерді қамту орынды.

Атап айтқанда: Алгоритм. Алгоритмдерді құру принциптері. ЭЕМ – де есеп шығару кезеңдері. Алгоритмдер және оның қасиеттері мен жазылу формалары. Алгоритмдерді құрудың структуралық тәсілдері, яғни негізгі базалық структуралары. Алгоритмдерді талдау принциптері. Алгоритмдердің күрделілігін бағалау. Тьюринг машинасының терминдері арқылы алгоритмдерді сипаттау. Тип. Типтер жүйесі, тармақталу, ілесу, циклдық алгоритмдер құрылымы және күрделі құрылымды берілгендер(массив, жазба, жол, жиын) жұмысын ұйымдастыру мүмкіндіктері мен ішкі программалар мен модульдер құру принциптері аталған пән аясында беріледі.

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ :

Есептеуіш техникаларын жүйелік және қолданбалы программалаық жабдықтармен қамтамасыз ете алатын мамандарды дайындау мақсатында құрылған жоспарға сай бұл курстың негізгі міндеттері мен мақсаттары мынадай:

· Есептеуіш және ақпараттық процестердің математикалық және программалық моделдерін құру және зерттеуге бейімдеу;

· Программалау орталарының жұысын тиянақты меңгеруге дағдыландыру;

· мәліметтерді өңдеу алгоритмдерін түсіндіру және өңдеу жолдарын үйрету;

· алгоритмге сай программалау процестерін жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;

· программа және программалау тілдерінің жіктемесін таныстыру;

· Pascal тілінің негізінді программалауға машықтандыру.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТ І:

Информация түсінігі және түрлері. Информацияның өлшем бірліктері. ЭЕМ –ның еске сақтау құрылғыларының құрылысы, қызметі. ЭЕМ – ның қолданушы деңгейіндегі жұмысын білу. Шама түсінігі. Информатика, математика курстарынан негізгі дайындықтарының болуы.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі түсініктері, білімдері, біліктіліктері және дағдылары:

- алгоритм және оны орындаушы түсінігін алу, алгоритмнің жазылу формаларымен танысу, мамандығы бойынша әртүрлі алгоритмдік есептерді шығара білу;

- программалау тілдері мен олардың классификацисын білу, нақты тілдің - Pascal универсалды тілінің негізін меңгеруі;

- трансляторлар, олардың қызметі мен түрлерін білу;

- Іздеу, сұрыптау т.б. алгоритмдерін меңгеру;

- Pascal тілінің типтер жүйесін, операторлары мен барлық мүмкіндіктерін білуі, яғни әртүрлі есептердің программасын құра алатын деңгейге жетуі тиіс;

- құрылған программаларын компьютерге енгізіп, өңдеп. тесттілеп жене нәтижесін талдап үйренуі тиіс;

- мәліметтердің әртүрлі құрылымды анықталуына байланысты оларды қолдану және өңдеу алгоритмдерін құра білу.

ОҚЫТУ ӘДІСІ:

Бұл курс дәстүрлі дәріс әдісін пайдалану арқылы беріледі.

Студенттерден сабаққа белсенді қатысып, өз пікірін жариялай отырып өзіне пайдалы нәрселерді конспектілеп алуы талап етіледі.

Аудиториялық сабақ дәріс, практикалық және лабораториялық жұмыстар түрінде өткізіліп, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептерді ДК орындап шығаруды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша тиянақты дайындалуы тиіс.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп беріледі де, осы тақырып аясында өз білімдерін жетілдеру үшін нақты бағыт-бағдар көрсетіледі және нақты сұрақтар бойынша конспектілер жүргізу, есептер алгоритмдерін құру тапсырмалары беріледі.

Практикалық сабақтарда жоспарға сай тақырыптар бойынша мысалдары қарастырылады. Студенттің орындауымен алгоритмдері құрылады. Әр студентке жеке тапсырмалар ұсынылуы да мүмкін. Әр студент берілген тапсырма бойынша тиесілі бағаланып отырылады.

Лабораториялық жұмыстар сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары, бақылау сұрақтары ұсынылады. Есептеулерді орындау нәтижелерін жоспарға сай әр сабақ соңында оқытушыға көрсетіп тапсыруы талап етіледі.

Жеке тапсырмалар есебі ОСӨЖ уақытында қабылданады.

Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдық бақылау:

Нақты сұрақтар бойынша зерттеулер жүргізіп конспектілеу, лабораториялық жұмыстар бойынша жеке тапсырмаларды орындау, нәтижесін ауызша түсіндіру, ЭЕМ-да есеп шығару дағдысы қалыптасқандығын көрсету түрінде сабақ кестесі мен жоспарына сай қабылданып отырады.

Аралық бақылау:

Негізгі тақырыптар бойынша курс оқылған соң жоспарға сай бақылау жұмысы мен коллоквиум қабылданады. Аралық бақылау жазбаша, ауызша және тест түрінде ұйымдастырылады.

Жеке өзіндік жұмыс:

Дәрісте, практикалық және лабораториялық жұмыстарда топқа немесе әр студентке берілген өзіндік тапсырмалар есебі(отчет), конспектілер, мәнжазбалар түрінде болады.

Үй тапсырмасы: Оқыту процесінде берілген үй тапсырмаларын студенттер уақытылы орындауға міндетті. Орындау нәтижелерін талап етілген түрде сәйкес сабақтарды ұйымдастыру барысында және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған жұмыстарға баға төмендетіледі.

Коллоквиум: Коллоквиум семестрде бір рет жоспарға сай қабылданады. Сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі және сол сұрақтар материалдары бойынша студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Мәнжазба: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының жоспарында толық ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары сұрақты қамтитын тесттер ұсынылады. Тест семестрде екі рет жоспарға сай өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан теттілеу арқылы алынады және тест сұрақтарына жауап алу арқылы қабылданады. Тест сұрақтары курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша құрылады. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша сұрақтар беріледі. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатынемтихан тапсырады.

 

МОДУЛЬБОЙЫНШАПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ :

№ р/с Модульдың атауы Лекция (сағ) Практикалық (семинар.)сабақ (сағ) Лаборат. сабақ (сағ) СӨЖ (сағ)
1 Алгоритм. Программа 7 14 0  
2 Күрделі құрылымдар 8 11 5  

 

Дәрістер тақырыптары

 

Дәріс № Тақырып № Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер Ағымды бақылау түрі
    Модуль 1  
1 Алгоритм негіздері Кіріспе. Алгоритм. Алгоритмнің қасиеттері, Алгоритмнің базалық структуралары. Блиц-тест
2 Алгоритмдік тілдер Алгоритмдік тілдер сипаттамасы(синтаксисі, семантикасы) мен жіктемесі. Pascal программалау тіліндегі программа құрылымы және оны өңдеу принциптері. Сұқбат
3 Pascal программалау тілінің элементтері Pascal программалау тілінің элементтері: алфавиті, қызметші сөздері, арнайы таңбалары, типтер жүйесі. Тұрақтылар, айнымалылар, өрнектер, элементерлық функциялары мен амалдары. Сұқбат
4 Операторлар PASCAL тілінің жәй операторлары. Көшу конструкциялары. Мәліметтерді енгізу-шығару жолдары. Сұқбат
5 Циклдар Арифметика алгоритмі және көпмүшеліктерді есептеу. Циклдық операторлар. Жалғасу және аяқталу шарттары анықталған циклдар. Блиц тест
6 Массивтер Құралымды типтер: регуляр типтер. Массивтер: бір өлшемді және екі өлшемді масссивтер. Массивтерді өңдеуге арналған амалдар. Сұқбат
7 Сұрыптау және іздеу Іздеу және сұрыптау алгоритмдерінің жіктемесі. Сұрыптау реттері мен бағалану критерийлері. Сұқбат
      Модуль 2    
8 Жолдар Жолдық тип. Жолдарға қолданылатын амалдар. Жолдарды өңдеу алгоритмдері. Сұқбат
9 Жиындар Жиындық тип.Жиындарға қолданылатын амалдар. Жиындарды өңдеу алгоритмдері. Сұқбат
10 Жазбалар Біріктірілген типтер. Сипатталуы мен қолданылуы. Өрістер: анықталуы мен қолданылуы. Жазбалар. Вариантты жазбалар. Сұқбат
11 Ішкі программа Ішкі программалар: сипатталуы мен қолданылуы. Процедуралар және функциялар. Процедуралар мен функциялар параметрлерінің берілуі механизмі Сұқбат
12 Рекурсия Процедуралық типтер. Рекурсия және оның түрлері,. Рекурсивті алгоритмдер. Сұқбат
13 Файлдар Файл, атрибуттары.Файлдармен мәлімет алмасу тәсілдері. Файлдық типтер: сипатталуы мен қолданылуы. Файлдаық типті айнымалыға қолданылатын амалдар. Тексмттік, типтелген және типтелмеген файлдарды қолдану принциптері Сұқбат
14 Модуль және графика Модульдік программалау. Қолданушы моулінің құрылымы мен жүзеге асырылуы. Тілдің стандартты модульдер құрамы:SYSTEM, CRT, және т.б. модульдері. GRAPH модулінің мазмұны. Сұқбат
15 Динамикалық құрылымды берілгендер. Динамикалық жады. Динамикалық жадымен жұмыс жасауға арналған процедуралар мен функциялар. Көрсеткіштер. Тізімдер. Ағаштар. Сұқбат

 

Практикалық сабақтар

 

Апта№ Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер сағаты
1 Алгоритмдердің жазылу формалары. Ілесу, тармақталу және қайталау алгоритмдерінің базалық структуралары. Мысалдар. 2
2 ЭЕМ-да есеп шығару кезеңдері. Программа құрылымы. Сызықтық алгоритмдерді программалау. Мысалдар. 2
3 Тармақталу. таңдау алгоритмдерін программалау. Мысалдар. 2
4 Циклдық процестерді ұйымдастыру. Циклдық алгоритмдерді программалау: Дейін-циклы және Әзір-циклдерінің ұйымдастырылуына мысалдар. Іштестірілген циклдар. 2
5 Массивтер: бірөлшемді массивтер. Массивтерді сипаттау жолдары мен өңдеу алгоритмдері. 2
6 Массивтер: екіөлшемді массивтер. Массивтерді сипаттау жолдары мен өңдеу алгоритмдері. 2
7 Сұрыптау және іздеу алгоритмдері. 2
    Модуль 2    
8 Жолдарды өңдеу. Сипатталуы мен қолданылуы. Қолданылатын амалдарды орындау мысалдары. 2
9 Жиындарды өңдеу. Сипатталуы мен қолданылуы. Қолданылатын амалдарды орындау мысалдары. 2
10 Жазбалардан тұратын массивтер. Жолдық мәліметтер мен жиындардан тұратын жазбаларды өңдеу мысалдары. 2
11 Ішкі программалар. Ішкі программалар құрылымы мен қолданылуы. Процедуралар мен функциялар. Параметрлерін анықтау мысалдары. 1
12 Рекурсивті алгоритмдер. 1
13 Файлдармен мәлімет алмасу мүмкіндіктері. Тексттік және типтелген файлдармен мәлімет алмасу мүмкіндігін көрсетуге арналған мысалдар. 1
14 Қолданушы модулінің құрылымы. Модулдің интерфейстік, жүзеге асыру, тағайындау мысалдары. 1
15 Графика. Графиктік мәліметтерді өңдеу. Негізгі элементтері: графиктік режимдерді орнату, пиксел, бейнепарақтарды басқару, графиктік бейнелер тұрғызу мысалдары. 1

 

Лабораториялық жұмыстар

 

Сабақ № Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер сағаты
      Модуль 2    
1   Ішкі программалар. 2
2   Рекусивті ішкі программалар. 2
3   Типтелген файлдармен жұмыс жасау. Текстік файлдарды өңдеу. 2
4   Модульдер. 2
5   Графика. 2

 

СӨЖ тапсырмалары

МӘНЖАЗБА ТАҚЫРЫПТАРЫ

 

Алгоритмдер.

Тьюринг машинасы.

Пост машинасы.

Жадының құрылымы. Динамикалық жады.

Трансляторлар. Трансляциялау принциптері.

Санау жүйелері.

Таңдау арқылы сұрыптау алгоритмдері.

Алмастыру арқылы сұрыптау алгоритмдері.

Кіріктіру арқылы сұрыптау алгоритмдері.

Біріктіру арқылы сұрыптау алгоритмдері.

Санау арқылы сұрыптау алгоритмдері.

Үлестріу арқылы сұрыптау алгоритмдері.

 

Сыртқы сұрыптау алгоритмдері.

Іздеу алгоритмдері.

Бинарлық іздеу алгоритмдері.

Рекурсивті алгоритмдер.

Файлдармен мәлімет алмасу тәсілдері.

 

ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫ:

Үй тапсырмалары №1

  1. «Программаның сапасы түсінігі – тиімділігі және өнімділігі. Программалау тілдерінің жіктемесі. Программалау ортасы, программаны тесттілеу принциптері, түзету құралдары» тақырыбыптарына конспектіні толықтырып жазу.
  2. Сызықтық алгоритмдерді программалауға арналған тапсырмалар: Ақпараттың Мб өлшем бірлігінде берілген көлемін Гб-қа айналдыру программасын құрыңыз.
  3. ASCII кодында терілген тексттің символдар саны берілген. Ақпараттың ДК жадысынан алатын көлемін килобайтпен анықтаңыз.

Үй тапсырмалары №2

Сызықтық және таңдау алгоритмдерін программалауға арналған тапсырмалар:

  1. Тармақталу және таңдау алгоритмдеріне өз бетіңізше бір-бір мысал келтіріңіз.
  2. «DOS, SYSTEM стандарты кітапханалары» тақырыбында конспект жазу.
  3. ДК жүйесіндегі ағымды уақыт, ағымды мерзімдердің мәндерін программада қолдануға мысал келтіріңіз. Программасын экранда ұялы телефонның экранын кескіндеп, соның экранында қалауыңызша орналастырып, демонстрациялаңыз.

Үй тапсырмалары №3

  1. « Стандартты кітапхана: CRT құрамындағы клавиатура мен экранды басқару құралдары» конспект жазу.
  2. Циклдарды ұйымдастыру тақырыбына тапсырмалар:

Есеп 1. N натурал саны берілген. Қосындысын есептеу блок-схемасы құрыңыз

 

;

 

Есеп 2. а нақты саны, n натурал саны берілген.

.

Көбейтіндісін есептеу алгоритмін жазыңыз.

Есеп 3. х нақты саны, n натурал саны берілген. Есептеңіз:

;

Үй тапсырмалары №4

  1. «Іштестірілген циклдар» тақырыбында іздену.
  2. Іштестірілген циклдарға мысалдар келтіріңіз.

Үй тапсырмалары №5

Тақырыбы: Бір өлшемді массивтер.

1. Студенттің 8-ші семестрдегі 5 түрлі пән бойынша алған бағалары берілген. Студентің үлгерімін анықтайтын программа жазыңыз.

2. Бір өлшемді массивтің тақ нөмерлі элементтерінің жұп мәнділерінің санын анықтау программасын жазыңыз.

Үй тапсырмалары №6

Тақырыбы: Екі өлшемді массивтер.

3. Студенттердің 2-ші семестрдегі 7 түрлі пән бойынша алған бағалары берілген. Студенттердің үлгерімін анықтайтын программа жазыңыз.

4. Екі өлшемді квадрат массив берілген. Оның бас диогоналының элементтерінің қосындысын экранға шығаратын программа жазыңыз.

Үй тапсырмалары №7

Тақырыбы: Сұрыптау және іздеу алгоритмдері

  1. Берілген бір өлшемді массивті көпіршікті сұрыптау әдісімен өсу ретімен сұрыптаңыз.
  2. Екі өлшемді массивтегі соңғы теріс элементін іздеу алгоритмін құрыңыз.
  3. Оқытушы анықтаған сұрыптау және іздеу әдісі бойынша конспект жасау және ОСӨЖ-де талдау.

 

Үй тапсырмалары №8

Тақырыбы: Жолдық типті мәліметтерді өңдеу.

1. Бір жабылатын және бір ашылатын жақшалары бар литерлер тізбегі берілген. Экранға осы жақшалардың ішіндегі литерлерді шығару.

2. Нүктелі үтір (;) литерімен бөлінген сөздер тізбегі берілген. Тізбек қос нүктемен (:) аяқталады. ' a ' әріпімен аяқталатын қанша сөздің бар екендігін анықтау.

 

Үй тапсырмалары №9

Тақырыбы: Жиындық типті мәліметтерді өңдеу.

1. Бір жабылатын және бір ашылатын жақшалары бар литерлер тізбегі берілген. Экранға осы жақшалардың ішіндегі литерлердден тұратын жиын құрып, жиынды экранға шығару.

2. Клавиатурадан енгізілген сандардың екіге еселілерін бір жиынға, жай санждарын келесі жиынға топтастырыңыз. Қай жиында элементтерінің көп екендігін сипаттаңыз.

Үй тапсырмалары №10

Тақырыбы: Ішкі программалар

1. Сыныптағы әрбір оқушының бойы мен салмағы белгілі. Әрқайсысының салмағы бойынан қаншалықты ауытқитынын, яғни қаншаға артық не кем екенін анықтаңыз.

2. Екі бөлшекті қосу керек. Ең үлкен ортақ бөлгішін табуды функция түрінде жаз.

3. Автопаркте белгілі госномерлі 5 машина жұмыс жасайды. Әрбір жүргізуші күнде түскен табысты автошаруашылыққа тапсырады. Бір аптадағы күнделікті түсіп отырған табыс мөлшері белгілі. Қай машина осы аптада ең көп табыс түсіргенін анықтаңыз.

Үй тапсырмалары №11

Тақырыбы:Рекурсивті алгоритмдер.

1. «Рекурсия түсінігі. Рекурсия түрлері. Рекурсивті алгоритмдердің кең тараған түрлері» тақырыбында конспект жазу.

2. Шахмат тақтасындағы аттың жүрісін тексеруге арналған рекурсивті алгоритм құрыңыз.

Үй тапсырмалары №12

Тақырыбы: Жазбаларды өңдеу.

1. Информатикадан олимпиадаға қатысқан студенттердің мәліметтері белгілі. 30 баллдан жоғары алған студенттердің тізімін шығару.

2. Кітапхананың оқырмандары туралы мәліметтер белгілі: фамилиясы, мекен-жайы, жұмыс орны, кітапты алған уақыты, кітапты тапсыру уақыты. Кітапханаға қарыз оқырмандардың фамилиясын, мекен-жайын және жұмыс орнын көрсету.

3. Тіс дәрігеріне келушілердің тізімінен фамилиясының бас әрпі "Б"-дан "Л"-ға дейінгі аралықта жатқан адамдардың жасы мен диагнозын шығару программасын құрыңыз.

Үй тапсырмалары №13

  1. «Типтелмеген файлдарды құру және қолдану тәсілдері, құралдары» тақырыбында конспект жасау.
  2. Бір тексттік файлдағы мәліметтерден екі тексттік файл құрыңыз. Тақ және жұп нөмірлі жолдарды бөліп жазыңыз.
  3. Бүтін сандар файлын құрып, файлдағы тақ сандардың қосындысын, жұп сандардың санын анықтаңыз.

Үй тапсырмалары №14

1. «Модулдер. Модулдік программалау принциптері» тақырыбында тереңірек іздену.

2. Модулдерді компиляциялау және пайдалану принциптерін сақтай отырып құру мысалдарын келтіру.

Үй тапсырмалары №15

  1. «Pascal тілдерінің графиктік мүмкіндіктері» тақырыбында конспект жасау.
  2. Нақты бір тақырыпты таңдап, оқытушымен есептің қойылымын нақтылап, сол тақырыптағы графикалық мәліметтерді өңдеу(суретін салу) программасын құрыңыз.

Бақылау жұмысы №1

Нұсқа І

1. Үш санның ең кішісі мен ең үлкенінің қосындысын анықтаңыз.

2. 1 мен 20-ның аралығындағы тақ сандардың арифметикалық ортасын есептеңіз.

3. Студенттердің 8-ші семестрдегі 5 түрлі пән бойынша алған бағалары берілген. Студенттердің үлгерімін анықтайтын программа жазыңыз.

Нұсқа ІІ

1. Телефон желісінің қызметі келесі түрде төленеді: А минутке дейін сөйлескені үшін айына – В тенге, одан артық болса – С тенге төленеді. Бір айда сөйлескен уақыт үшін қанша тенге төленетіндігін есептейтін программа құрыңыз.

2. мәнін есептеу программасын жазыңыз.

3. Бастауыш сыныптың оқушылары сыныптары бойынша бой – бойымен сапқа тұрғызылған. Әрбір сынып бойынша оқушылардың орташа бой көрсеткішін анықтайтын программа жазыңыздар.

Бақылау жұмысы №2

Бақылау жұмысы жолдық мәліметтерді өңдеу және ішкі программаларды құру тақырыбын меңгергендігін тексеруге арналған.

Нұсқа І

Жол берілген. Жолдағы тыныс белгілер санын есептеу.

«Қазақтелеком» телефон станциясының абоненттері туралы мәліметтер белгілі: абоненттің аты-жөні, мекен-жайы, телефонды қондырған жылы, телефон номері. Соңғы 5 жыл ішінде телефон қондырған абоненттердің санын анықтап, экранға аты-жөнін және мекен-жайын шығару.

Нұсқа ІІ

1. Жол берілген. Осы жолдағы «a» әріптерін «b» әріптеріне ауыстыратын программа жазу.

2. Әуежай кассасында төмендегідей мәліметтер белгілі: рейстің номері, баратын жері, ұшу уақыты, ұшатын күндері (күн сайын, жұп күндері, тақ күндері). Клавиатурадан енгізілген күні Лондон қаласына ұшатын рейстің номері мен ұшу уақытын анықтайтын программа құру.

Коллоквиум сұрақтарының тізімі:
1. Транслятор түсінігі. Түрлері. 2. Программалау тілдері нің жіктемесі. 3. TURBO PASCAL программалау тілі: алфавиті, синтаксисі, семантикасы. 4. ТР тілінің программалау ортасының жұмысы. 5. Клавиатураның басқару пернелерінің қызметтері. 6. Паскаль тілінің лексикасы. Программаның жалпы құрылысы. 7. Паскаль тілінің типтер жүйесі. Скаляр типтер. Мысал. 8. Паскаль тілінің типтер жүйесі. Логикалық тип, оларға қолданылатын амалдар, нәтижелері логикалық типті болатын фукнциялар. Логикалық амалдар. Мысалдар. 9. Айнымалдарды сипаттау болгы. Мысалдар. 10. Типтерді сипаттау. Мысалдар. 11. Тұрақтылар. Түрлері. Тұрақтыларды сипаттау болгы. Мысалдар. 12. ТР тілінің типтер жүйесі. Шектеулі, саналымды типтер. Мысалдар. 13. ТР тілінің тптер жүйесі. Жолдық типтер. Мысалдар. 14. Жолдық типтерге қолданылатын процедуралар мен функциялар. Мысалдар. 15. ТР тіліндегі құрылымды типтер жүйесі. Мысалдар. 16. ТР тіліндегі стандартты математикалық функциялар мен процедуралар. Мысал. 17. ТР тіліндегі символдық және жолдық функциялар мен процедуралар. Мысал. 18. ТР тілі, Айнымалылар. Өрнектер. Мысал. 19. ТР программалау ортасында программаны өңдеу, жүктеу, аяқтау, орындау. 20. ТР тілінің операторлары: жәй және құрылымды операторлар түсінігі. 21. Меншіктеу операторы. Мысал. 22. Енгізу – шығару стандартты процедуралары. Мысалдар. 23. Шартты көшу оператлары. Мысал. 24. Шартсыз көшу операторы мен функциялары. Мысалдар. 25. Мәліметтер форматтап шығару. Мысалдар. 26. Дейін-циклының базалық структурасы. ТР тілінің дейін-цикл операторы. Мысал. 27. Әзір-циклінің базалық структурасы. Әзір-цикл операторы. Мысал. 28. Параметрлі қайталану операторы. Мысал. 29. Көшу операторларының көмегімен циклдық процестерді ұйымдастыру. Мысалдар. 30. Регуляр тип. Массивтер. Мысалдар. 31. Бір өлшемді массивтер. Енгізу, шығару. Мысал. 32. Бір өлшемді массивтің элементтерін сұрыптау түсінігі. Алгоритмі. 33. Екі өлшемді массивтер. Сипатталуы. 34. Екі өлшемді массивтер элементтерін шығару, енгізу. Мысал. 35. Массивтерге қолданылатын амалдар. Символдық массивтер.  

Тест тапсырмалары

Нұсқа 1

Word типінің мәндер диапазоны қандай?
0..65536
-128..+127
0..255
-32768..32767
-2147483648..+2147483647

 

Қай өрнектің мәні дұрыс емес:
18 div 4 =2.
10 div 3 = 3.
2 mod 5 = 2.
5 div 6 = 0.
10 mod 3 = 1.

 

Қолданушы анықтайтын типті сипаттау бөліміне сәйкес қызметші сөз:
Type.
Const.
Var.
Label.
Uses.

 

Uses қызметші сөзі не үшін қолданылады?:
Модульдерді қосып қолдану үшін.
Айнымалыларды сипаттау үшін.
Mәліметтер типін анықтау үшін.
Тұрақтыларды сипаттау үшін.
Белгілерді анықтау үшін.

 

Қай тип нақты типке жатпайды?:
Word.
Single.
Real.
Double.
Extended.

 

Қолданушы анықтайтын тұрақтыны сипаттау бөліміне сәйкес қызметші сөз:
Const.
Type.
Var.
Label.
Uses.

 

Shortint типінің мәндер диапазоны қандай?:
-128..+127.
0..65536.
0..255.
-32768..32767.
-2147483648..+2147483647.

 

0..65536 қай типтің диапазоны?:
Word.
Byte.
Shortint.
Integer.
Longint.

 

Жазба өрістерін өңдеу барысында жазба идентификаторын қайталап жазбау мақсатында қолданылатын оператор қайсы?
With do
While do
Repeat
Record
Goto

 

Comp қандай тип?:
Нақты.
Бүтін.
Жолдық.
Символдық.
Логикалық.

 

Int(x) функциясы:
Х санын жақын кіші бүтін санға дөңгелектейді.
Х санының бүтін бөлігін қайтарады.
Х санының қалдық бөлігін қайтарады.
Х санын 1-ге арттырады.
Х санын 1-ге кемітеді.

Нұсқа 2

Төмендегі программа орындалғанда экранда не пайда болады? program a; uses Crt; var s: integer; i: byte; begin clrscr; s:=0; i:=3; repeat s:=s+sqr(i); dec(i); until i<1; write (‘s=’, s:4) end.
s= 14;
s= 13
s= 1;
s= 2;
s= 9.

 

Төмендегі программа орындалғанда экранда не пайда болады?: programm f; uses Crt; const n=3; var s, i, f: byte; begin clrscr; s:=1; f:=1; for i:=2 to n do f:=f*i; s:=s+f; write (‘s=’, s) end.
s=7;
s=9;
s=1;
s=0;
s=2.

 

Төмендегі программа орындалғанда экранда не пайда болады?: programm f; uses Crt; const n=3; var s, i, f: byte; begin clrscr; s:=1; f:=1; for i:=2 to n do begin f:=f*i; s:=s+f; end; write (‘s=’, s) end.
s=9;
s=7;
s=1;
s=0;
s=2.

 

 

var w:array[6..10] of real; түрінде сипатталған массив элементтеріне жадыдан барлығы қанша байт орын бөлінеді?:
30 байт;
6 байт;
60 байт;
36 байт;
Орын бөлінбейді.

 

var w:array[ 5..7,1..3] of real; түрінде сипатталған массивтің неше элементі бар?
9;
4;
16;
8;
6.

 

var w:array[ 5..7,1..3 ] of integer ; түрінде анықталған массивті сипаттағанда жадыдан қанша байт орын бөлінеді?
18
8
36
9
12

 

Мына программа бөлігі орындалғанда экранға шығарылатын сөзді көрсетіңіз: Var Gol:string[4]; Begin Gol:=’Жол- өте көп символдар тізбегі’; Writeln(gol);
«Жол-» ;
«Жол- өте»;
«Жол- өте көп»;
«Жол- өте көп символдар»;
«Жол- өте көп символдар тізбегі».

 

 

Жолдық типке байланысты қай тұжырым дұрыс емес?
Жолдағы символдар саны есте сақталмайды;
Салыстырылатын жолдардың ұзындығы бірдей болса, онда ол жолдардың сәйкес символдары салыстырылады;
Салыстырылып отырылғын жолдардың қайсысы қысқа болса, сол жол кіші болады;
Жолдарды салыстыруға болады;
Жолдық тип символдық массивтің жалпылама түрі.

 

Жиындық типке қолданылмайтын амалдар тобын көрсетіңіз:
Жиындардың үлкен – кішілерін салыстыру амалдары;
Элементтің жиынға тиістілігін тексеру;
Жиындардың теңдігін және тең еместігін тексеру;
Жиындарды біріктіру, қиылысу және айырымын алу;
Бір жиынның екінші жиынға тиістілігі;

 

str : = ‘Инфор’; str 2; = ‘матика’ болса, онда мына фрагмент нәтижесі қай сөзге тең? str : = concat (str , str 2); writeln (copy (str ,3,6));
формат
Нформа
Матика
Инфор
‘ ‘

 

[1..3,5..8] – [1..2,6..9] = ?
[3,5]
[1..2,6..9]
[1..3,5..8]
[1..9]
[1..8]

 

[100..150]*[122..200,201] = ?
[122..150]
[150..200]
[100..200,201]
122,150,201]
[201]

Емтихан бағдарламасы:

Емтихан жазбаша түрде алынады. Билетте үш тапсырма беріледі: теориялық жаззбаша-ауызша сұрақ, бір есеп және 10 тест сұрағы.

Жалпы мазмұны төмендегі сұрақтар төңірегінде беріледі.

СҰРАҚТАР ТІЗІМІ:

  1. Транслятор түсінігі. Түрлері.
  2. Программалау тілдері туралы жалпы мәліметтер.
  3. TURBO PASCAL программалау тілі: алфавиті, синтаксисі, семантикасы.
  4. ТР тілінің программалау ортасының жұмысы.
  5. Клавиатураның басқару пернелерінің қызметтері.
  6. Паскаль тілінің лексикасы. Программаның жалпы құрылысы.
  7. Паскаль тілінің типтер жүйесі. Скаляр типтер. Мысал.
  8. Паскаль тілінің типтер жүйесі. Логикалық тип, оларға қолданылатын амалдар, нәтижелері логикалық типті болатын фукнциялар. Логикалық амалдар. Мысалдар.
  9. Айнымалдарды сипаттау болгы. Мысалдар.
  10. Типтерді сипаттау. Мысалдар.
  11. Тұрақтылар. Түрлері. Тұрақтыларды сипаттау болгы. Мысалдар.
  12. ТР тілінің типтер жүйесі. Шектеулі, саналымды типтер. Мысалдар.
  13. ТР тілінің тптер жүйесі. Жолдық типтер. Мысалдар.
  14. Жолдық типтерге қолданылатын процедуралар мен функциялар. Мысалдар.
  15. ТР тіліндегі құрылымды типтер жүйесі. Мысалдар.
  16. ТР тіліндегі стандартты математикалық функциялар мен процедуралар. Мысал.

17. ТР тіліндегі символдық және жолдық функциялар мен процедуралар. Мысал.

  1. ТР тілі, Айнымалылар. Өрнкетер. Мысал.
  2. ТР тіліндегші регуляр типтер. Мысал.
  3. ТР программалау ортасында программаны өңдеу, жүктеу, аяқтау, орындау.
  4. ТР тілінің операторлары: жәй, құрылымды операторлар түсінігі.
  5. Меншіктеу операторы. Мысал.
  6. Енгізу – шығару стандартты процедуралары. Мысалдар.
  7. Шартты көшу оператлары. Мысал.
  8. Шартсыз көшу операторы мен функциялары. Мысалдар.
  9. Мәліметтер форматтап шығару. Мысалдар.
  10. Дейін-циклының базалық структурасы. ТР тілінің дейін-цикл операторы. Мысал.
  11. Әзір-циклінің блок-схемасы. Әзір-цикл оператоы. Мысал.
  12. Параметрлі қайталану операторы. Мысал.
  13. Көшу операторларының көмегімен циклдық процестерді ұйымдастыру. Мысалдар.
  14. Регуляр тип. Массивтер. Мысалдар.
  15. Бір өлшемді массивтер. Енгізу, шығару. Мысал.
  16. Бір өлшемді массивтің элементтерін сұрыптау түсінігі. Алгоритмі.
  17. Екі өлшемді массивтер. Сипатталуы.
  18. Екі өлшемді массивтер элементтерін шығару, енгізу. Мысал.
  19. Массивтерге қолданылатын амалдар. Символдық массивтер. Мысал.
  20. Сұрыптау алгоритмдері.
  21. Іздеу алгоритмдері.
  22. Іштестірілген циклдар. Мысал.
  23. Жиындарды анықтау және қолдану туралы.
  24. Ішкі программалар. Процедуралар мен функциялар.
  25. Рекурсия. Рекурсивті алгоритмдер.
  26. Файлдар. Файлдармен мәлімет алмасу мүмкіндіктері.
  27. Тексттік файлдарды сипаттау және өңдеу.
  28. Типтелген файлдар. Типтелмеген файлдар.
  29. Файлдарға қолданылатын амалдар.
  30. Pascal тілінің графиктік мүмкіндіктері.
  31. Графиктік режим және оның орнатылуы.
  32. Модулдік программалау түсінігі.
  33. Модулдің құрылымы.

ОҚУ ПӘНІНІҢСАЯСАТЫ:

Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.

Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық),лабароториялық сабақтарды қамтып,материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептершығаруды қамтиды.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп,ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.

Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауғатақырыптарбойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдарыбойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.

Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.

Әр сабаққа білім алушы негізгіжәне қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті.Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс.Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.

· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.

· Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.

 

КУРСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ

Бақылау түрлері

Апталар

Ұпай саны
  1 2 3

4

5 6 7 8 9 10

11

12

13

14

15

16
Сабаққа қатысымы * * * *

*

* * * *

*

*

*

*

*

* 100
Үй жұмысы * * * *

*

* * * *

*

*

*

*

*

*    
Практикалық жұмыс * * * *

 

* * * *

*

*

*

*

*

*   100
Лабораториялық жұмыс        

 

       

 

*

*

*

*

* 100
Конспект   *   *

 

*      

*

 

*

 

*

    100
Аралық бақылау: Бақылау жұмысы        

 

*      

 

 

 

*

 

    100
Аралық бақылау: Коллоквиум        

*

       

 

 

 

 

 

  100
Аралық бақылау: Тест        

 

       

 

 

 

 

*

  100
Мәнжазба        

 

       

 

 

 

*

 

  100
Емтихан        

 

       

 

 

 

 

 

  * 100
Барлық ұпай        

 

       

 

 

 

 

 

  100
                                               

 

Ескерту: *- тапсырма саны

 

БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:

Баға Коэффициент %
А 4,0 95-100%
А- 3,67 90-94%
В+ 3,33 85-89%
В 3,0 80-84%
В- 2,67 75-79%
С+ 2,33 70-74%
С 2,0 65-69%
С- 1,67 60-64%
Д+ 1,33 55-59%
Д 1,0 50-54%
Ғ 0 0-49%

НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Негізгі әдебиеттер

  1. М.П. Лапчик Вычислительная техника и программирование, М, Просвещение, 1987. – 239 с.
  2. М.П. Лапчик Вычисления. Алгоритмизация. Программирование. М, Просвещение, 1988. – 208 с.
  3. С.А.Абрамов, Е.В.Зима Начала програмирования на языка Паскаль. М, 1987
  4. Д.Кнут. Искусство программирования для ЭВМ. Т.1-Основные алгоритмы. Т.2. Сортировка и поиск. М.:Мир,1987

5. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных.- Пер. с англ. — М.: Мир, 1989. - 360с.

  1. Е.А.Зуев. Язык програмирования ТР – 6.0.М, 1992
  2. ТО 7.0. Киев, Торгова изд/ос бюро. BHV, 1996
  3. Д.Алкок. Язык Паскаль в иллюстациях. Мир, 1991
  4. Культин Н, ТР в задачах и примерах. Киев, Санкт-Петербург. 2000
  5. С.А. Абрамов. Г.Г: Гнездисова и др. Задачи по программированию. М, Науке, 1988
  6. Л.М. Климова. Практическое применение решение типовых задач. М, 2000 г.
  7. Немнюгин С.А. «Turbo Pascal 7.0»: учебное пособие.-СПб:Питер,2000
  8. А.Г.Юркин Задачник по программированию. –СПб.: Питер, 2002.- 192 с.

14. http://www.borland.com

15. http://pascal-central.com

16. http://www.Inprise.com

Қосымша әдебиеттер

  1. С.А.Абрамов, Е.В.Зима. “Начала информатики”. М, 1989
  2. В.Н.Пильщиков Сборник упряжнений по языку Паскаль. М, 1989
  3. Г.П.Симашко,А.М.Салтыков. Программирования на языке Паскаль, М.1988
  4. Фаронов В.В. Турбо Паскаль 7.0 .Практика программирования. –М.:»Нолидж», 1999. -432 с.
  5. Құралбаев З. Алгоритмдеу және программалау тілдері. – ТОО “TST-company”, Алматы, 2008.- 353 бет.
  6. Алферова З.В. Теория алгоритмов. – М.: Статистика, 1973.
  7. Культин Н. Программирование в Turbo Pascal 7.0 и Delphi. – 2-ое изд., перераб. и доп. – СПб.: БХВ-Петербург, 2004. – 416 с.