Кезен: Қан қысымын Коротков әдісі бойынша өлшеу
Емтихан алушыларға арналған ақпарат: төменде берілген критерийлерге сәйкес студент Коротков әдісі бойынша қан қысымын өлшей алуын бағалаңыз. Студент науқастың (волонтердің) АҚ-ын өлшеп, өз әрекеттеріне түсініктеме береді.
Қадам № | Қадамдарды бағалау критерийлері | Балмен бағасы | |||
Өте жақсы* | Қолайлы** | Түзету талап етеді*** | Қолайсыз**** | ||
1. | Сәлемдесу 1) Студент визуалды қарым-қатынас жасады 2) Амандасты және өзін таныстырды 3) Науқастың үстелге сол жағымен отырып, сол қолын үстелге қоюын сұрады. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
2. | Науқастың эмоциялық ширығуын байқай алуы. 1) Науқастың эмоциялық реакциясын бақылады 2) Оның эмоциялық көніл-күйіне түсініктеме беру | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
4. | Студенте тонометр манжетканы сол қолдың иығына дұрыс орап бекітіп (қол мен манжетка арасына бір саусақ өтуі керек), қолдың жүрек деңгейінде орналасуына көз жеткізді. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
5. | Кәріжілік артериясындағы пульсті сипап, фонендоскоптың мембранасын шынтақ шұнқырындағы иық артериясына қою керек. Содан кейін сфигмоманометр вентилін жауып, пульс жойылғанша дейін грушамен манжеткаға ауаны айдау керек. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
6. | Винтті клапанды ашып, манжеткадан ауаны ақырын босату керек. Мұнымен қатар фонендоскоппен иық артериясын тыңдап, бірінші пулстік толқынды сипап сезіп, манометр көрсеткіштерін қарап отыру керек. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
7. | Тондардың бірінші пайда болуы сәтіндегі манометр көрсеткіштерін систолалық (максималды) қысым деп белгілеп, бірінші тонның пайда болуын түсіндіруі керек (манжеткадағы қысым төмендегенде артерия ашылады және қан үлкен қысыммен турбулентті түрде бос тамырға өтіп, тамыр қабырғасына соғылады, осыдан бірінші тон туындайды). Алынған нәтижені бағалау. Қалыпты жағдайда 110-120 мм.с.б. б. (ДДСҰ бойынша 135 мм.с.б. б. дейін). | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
8. | Тондар жойылып кететін сәттегі манометр көрсеткішін диастолалық (минималды) қысым деп белгілеп, тондардың жойылуын түсіндіру керек (Манжеткадағы қысым тамырдағы қысыммен теңдескенде тамырдың диаметрі қалыптыға келеді және қан ламинарлы түрде ағады). Алынған нәтижені бағалау. Қалыпты жағдайда 60-80 мм.с.б. б. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
9. | Максимальді қысымнан минимальдік қысымның шамасын алып тастап, пульстік қысымның мөлшерін есептеу керек. Қалыпты жағдайда 35-40 мм.с.б. б. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
10. | Студент жұмысты орындағанда кәсіби терминдерді пайдаланып, сөз сөйлеу мәдениеттің көрсетті. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
Барлығы | 100 | 75 | 50 | 0 |