Кезең: Электрокардиограмманы тіркеу әдісі
Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат: төменде көрсетілген критерийлерге сәйкес студенттің ЭКГ тіркей алуын бағалаңыз.
Студент науқастың (волонтердің) ЭКГ-сын тіркеп, өз әрекеттеріне түсініктеме береді.
Қадам № | Қадамдарды бағалау критерилері | Балдық көрсеткішпен бағалау | |||
Өте жақсы* | Қолайлы** | Түзету талап етуді*** | Қолайсыз**** | ||
1. | Сәлемдесу 1) Студент визуалды қатынас орнатады 2) Амандасып және өзін таныстырады | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
2. | 3) Пациентті кушеткаға жатқызды, алдын ала сирақ-асық, кәріжілік-білезік буындары мен кеудесін жалаңаштауды сұрады. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
3. | Пациенттің эмоциялық жағдайын байқайды 1) Пациенттің эмоциялық реакциясын бақылады 2) Оның эмоциялық көніл-күйіне түсініктеме берді | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
4. | Студент аспапты жұмысқа қалай дайындау керектігін айтуы керек (Таспаның қозғалу жылдамдығын 25 мм/с немесе 50 мм/с қойылады, калибрлеу сигналын 1 мм - 0,1 мВ етіп жазылады). | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
5. | ЭКГ жазу үшін электродтарды үш стандартты биополярлық тіркеу бойыынша дұрыс орналастыруын студент көрсету керек. (Электродтарды оң (қызыл) және сол (сары) қолдардың білектеріне, сол сирағына (жасыл), ал оң сирағына (қара) – жеке жермен байланыстыру үшін – орналастырады. Электродтардың терімен жақсы жанасуы үшін арнайы сұйықтық қолданады). | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
6. | I, II, III тіркеулер аяқ-қолдың қайсылары арасында тіркелетінін атау керек. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
7. | Вильсонның униполярлы кеуделік (жүрек маңынан) тіркеуін түсіру үшін студент электродтарды дұрыс орналастыруын айтуы керек: (V1 – төртінші қабырға аралығында төстің оң шетінен 1 см оңға қарай жерде; V2 - төртінші қабырға аралығында төстің сол шетінен 1 см солға қарай; V3 – V2 мен V4 ортасында; V4 - бесінші қабырға аралығында сол бұғананың ортаңғы сызығы тұсында; V5 – бесінші қабырға аралығында алдыңғы аксиллярлық сызық тұсында болады, V6 – бесінші қабырғааралығында ортаңғы аксиллярлық сызық тұсында). | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
8. | Студент тағы қандай тіркеулер қолданылатынын дұрыс түсіндіруі тиіс (униполярлы күшейтілген тіркеулер пайдаланылады (aVR, aVL, aVF). Бұл кезде аяқ-қолдағы активті электрод пен индифферентті электрод арасындағы потенциалдар айырмашылығын тіркейді). | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
9. | Қорытынды:: Қанша тіркеулер, қандай тістер тіркеледі (ЭКГ 12 тіркеу жолдарымен тіркеледі. ЭКГ-да P,Q, R, S, T тістері тіркеледі және олар нені көрсетеді). | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
10. | Студент жұмысты орындағанда кәсіби терминдерді пайдаланып, сөз сөйлеу мәдениеттің көрсетті. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
Барлығы | 100 | 75 | 50 | 0 |
Кезеңде қойылатын максимальды балл - 100. Тапсырманы орындау уақыты - 5 мин
Ескерту:
* Электрокардиография әдісі мен жасалу техникасын кезең-кезеңмен өте дұрыс және толық көлемде көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, сауатты сөйлейді және логикалық жүйелілікпен баяндап көрсетеді; қосымша әдебиеттерден алған білімін көрсетеді; ғылыми терминдерді қолданып түсіндіруде жауабын нақты құрайды; аспаппен жұмыс жасау дағдысын көрсетеді; электродтарды және тіркеулерді дұрыс атап айтты; берілген уақытта жауап беріп үлгерді;
** Электрокардиография әдісі мен жасалу техникасын аздаған қателікпен көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, бірақ сенімсіздікпен баяндайды, ғылыми терминдерді қолданғанда қателік жібереді; электродтарды және тіркеулерді дұрыс атап айтты, аспаппен жұмыс жасау дағдысын көрсете біледі; берілген уақытта үлгеріп жауап берді;
*** Электрокардиография әдісі мен жасалу техникасын қате көрсетеді, толық орындамады; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды, жүйелілік жоқ; ғылыми терминдерді қолданбайды ; жұмыс жасау дағдысын көрсете алмайды, алынған нәтижені толық көлемде электродтарды және тіркеулерді дұрыс атап айтпады; бағалай алмайды; берілген уақытта жауап беріп үлгермеді;
**** Электрокардиография әдісі мен жасалу техникасын көрсете алмайды; оның жүргізілу әдісін білмейді; оқу материалдарын білмейтіндігін және мүлде түсінбейдігін көрсетті; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды; жауап беруден бас тартты; (шпаргалка) қолданды;