Кезен: Цоликлондарды қолданып тікелей агглютинация реакциясымен қан топтарын және Rh- факторды анықтау

Емтихан алушыларға ақпарат: төменде берілген өлшемдерге (критерийлерге) сәйкес студент резус- факторды және қан топтарын дұрыс бағалай білу керек. Студент өзінің іс-әрекеттерін түсіндіруі керек.

Қадам

Қадамдарды бағалау өлшемдері

Балдық көрсеткішпен бағалау

Өте жақсы* Қолайлы** Түзету талап етеді*** Қолайсыз****
1. Агглютиноген және агглютинин, изогемоагглютенация реакциясы туралы түсінік; a,b–агглютининдер яғни желімдеуші заттар плазмада болады. (A, B, Rh) агглютиногендер, яғни желімденетін заттар, эритроциттердің құрамында болады. Агглютинация реакциясы, яғни эритроцитердің түйір-түйір болып желімденуі, бұл аттас агглютининдер мен агглютиногендер бір-бірімен кездескен жағдайда ғана пайда болады. Мысалы: a мен А немесе b мен В. 10 7,5 5,0 0
2. Жұмысқа қажетті құралдарды дайындау: медициналық қолғап, Анти-АВ, Анти -А, Анти-В, Анти- Д супер цоликлондары. 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, планшет, пипетка, шыны таяқшалар. 10 7,5 5,0 0
3 Медициналық қолғапты киіп,арнайы ұйяшықтарға Анти-А, Анти-В, Анти-АВ, Анти-Д супер реагенттерден (0,1 мл шамада) бір үлкен тамшыдан тамызды. 10 7,5 5,0 0
4 Әрбір реагентің жанына (0,03 мл шамада) бір кішкентай тамшыдан қан тамызды. 10 7,5 5,0 0
5 Ұяшықтардағы әрбір сәйкесінше реагенттерден тұратын тамшыны жеке-жеке және таза шыны таяқшалармен немесе шыны пластинканың ұштарымен араластыру. 10 7,5 5,0 0
6 Қажетті мөлшерден тыс ұяшыққа қан кұйылса, физиологиялық ертіндіні қосылады. 10 7,5 5,0 0
7 Планшетті жәймендеп шайқайды. 10 7,5 5,0 0
8 Реакция нәтижесін, талғап-талдап түсіндіру Моноклональ ды анти денелермен эритроциттердің агглютинациясының (желімдену ) реакция нәтижелері
Реагент пен реакция нәтижесі  

Зерттелетін қан тобы жатады

Анти-А   Анти-В   Анти-АВ  
  - - - О
  + - + А
  - + + В
  + + + АВ

 

10 7,5 5,0 0
9 Rh- фактордың реакция нәтижесі: Айқын агглютинация реакциясы туса,бұл алынған қанның резус бар екенін көрсетеді,ал агглютинация реакциясы болмаса қан теріс резуссіз екені дәлелдейді. 10 7,5 5,0 0
10 Студент жұмысты орындағанда кәсіби терминдерді пайдаланып, сөз сөйлеу мәдениеттің көрсетті. 10 7,5 5,0 0
Барлығы 100 75 50 0

Кезеңде қойылатын максимальды балл - 100. Тапсырманы орындау уақыты - 5 мин

Ескерту:

* қан топтарын және резус- факторды анықтау әдісі мен жасалу техникасын кезең-кезеңмен өте дұрыс және толық көлемде көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, сауатты сөйлейді және логикалық жүйелілікпен баяндап көрсетеді; қосымша әдебиеттерден алған білімін көрсетеді; ғылыми терминдерді қолданып түсіндіруде жауабын нақты құрайды; алынған нәтижені дұрыс бағалайды; қажетті құралдармен жұмыс жасау дағдысын көрсетеді; берілген уақытта жауап беріп үлгерді;

** қан топтарын және резус- факторды аныктау әдісі мен жасалу техникасын аздаған қателікпен көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, бірақ сенімсіздікпен баяндайды, ғылыми терминдерді қолданғанда қателік жібереді; қажетті құралдармен жұмыс жасау дағдысын көрсете біледі; берілген уақытта үлгеріп жауап берді;

*** қан топтарын және резус- факторды аныктау әдісі мен жасалу техникасын қате көрсетеді, толық орындамады; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды, жүйелілік жоқ; ғылыми терминдерді қолданбайды ; алынған нәтижені толық бағалай алмайды; қан мен және цоликлондармен жұмыс жасау дағдысын көрсете алмайды, алынған нәтижені толық көлемде бағалай алмайды; берілген уақытта жауап беріп үлгермеді;

**** қан топтарын және резус- факторды аныктау әдісі мен жасалу техникасын көрсете алмайды; оның жүргізілу әдісін білмейді; оқу материалдарын білмейтіндігін және мүлде түсінбейдігін көрсетті; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды; жауап беруден бас тартты; (шпаргалка) қолданды;

 

Кезең: Спирометрия

Емтихан алушыларға ақпарат : студенттердің құрғақ спирометрмен тыныс көлемдері мен сыйымдылығын анықтау ептілігі төменде берілген өлшемдерге (критерийлерге) сәйкес бағаланады. Студенттер өзінің тыныс көлемдерін өлшейді және өзінің іс-әрекеттерін түсіндіреді..

 

Қадам №

Қадамдарды бағалау өлшемдері

Балдық көрсеткішпен бағалау

Өте жақсы*   Қолайлы** Түзетуді талап етеді*** Қолайсыз****
1 Спирометрді жұмысқа дайындау: тілшені «0» белгісіне қою, залалсыздандырылған мундшукті түтікшеге кидіру. 10 7,5 5,0 0
2 ӨТС анықтау. (ӨТС анықтау үшін атмосфералық ауадан терең дем алып, спирометрге іле-шала терең дем шығарады). 10 7,5 5,0 0
3 ӨТС қалыпты жағдайда 3500-4500 мл болу керек. Өзінен алған нәтижені айту керек. 10 7,5 5,0 0
4 Қалыпты тыныс ауасын анықтау (Қалыпты тыныс ауасын анықтау үшін, жәй дем алғаннан соң, спирометрге жәй дем шығарады. 10 7,5 5,0 0
5 ҚТА қалыпты жағдайда 350-500 мл болу керек. Өзінен алған нәтижені айту керек. 10 7,5 5,0 0
6 Резервті дем шығару ауасын (РДША) анықтау. (Резервті дем шығару ауасын (РДША) анықтау үшін қалыпты дем алғаннан соң, спирометрге терең дем шығарады да, алынған нәтижеден ҚТА алып тастайды). 10 7,5 5,0 0
7 РДША қалыпты жағдайда 1000-1500 мл болу керек. Өзінен алған нәтижені айту керек. 10 7,5 5,0 0
8 Резевті дем алу ауасын (РДАА) есептеу. Резевті дем алу ауасын (РДАА) анықтау үшін = ӨТС – (ҚТА + PДША). РДАА қалыпты жағдайда 1500-2500 мл болу керек. Өзінен алған нәтижені айту керек. 10 7,5 5,0 0
9 Қорытынды: Алынған нәтижені бағалаңыз. (Алынған нәтижені қалыпты және лайықты көрсеткіштермен салыстыру керек. Олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен неге байланысты екендігін түсіндіру керек). 10 7,5 5,0 0
10 Жұмысты орындауда кәсіби терминдерді пайдаланып, сөйлеу мәнері мәдениетін көрсетті. 10 7,5 5,0 0
Барлығы 100 75 50 0

Кезеңде қойылатын максимальды балл - 100. Тапсырманы орындау уақыты - 5 мин

Ескерту:

* Спирометрия әдісі мен жасалу техникасын кезең-кезеңмен өте дұрыс және толық көлемде көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, сауатты сөйлейді және логикалық жүйелілікпен баяндап көрсетеді; қосымша әдебиеттерден алған білімін көрсетеді; ғылыми терминдерді қолданып түсіндіруде жауабын нақты құрайды; нәтижесін дұрыс бағалайды; спирометрмен жұмыс жасау дағдысын көрсетеді; берілген уақытта жауап беріп үлгерді;

** Спирометрия әдісі мен жасалу техникасын аздаған қателікпен көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, бірақ сенімсіздікпен баяндайды, ғылыми терминдерді қолданғанда қателік жібереді; спирометрмен жұмыс жасау дағдысын көрсете біледі; берілген уақытта үлгеріп жауап берді;

*** Спирометрия әдісі мен жасалу техникасын қате көрсетеді, толық орындамады; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды, жүйелілік жоқ; ғылыми терминдерді қолданбайды; спирометрмен жұмыс жасау дағдысын көрсете алмайды, алынған нәтижені толық көлемде бағалай алмайды; берілген уақытта жауап беріп үлгермеді;

**** Спирометрия әдісі мен жасалу техникасын көрсете алмайды; жұмыстың жүргізілу әдісін білмейді; оқу материалдарын білмейтіндігін және мүлде түсінбейдігін көрсетті; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды; жауап беруден бас тартты; (шпаргалка) қолданды;