Кезең: Адамның проприоцептивті (сінір) рефлекстері. Шынтақ рефлексі.
Емтихан алушыларға ақпарат: төменде берілген өлшемдерге (критерийлерге) сәйкес студент адамдардың проприоцептивті сінір рефлекстерін дұрыс бағалай білуі керек. Студент пациентің (волонтердің) рефлекстерін анықтайды және өзінің іс-әрекеттерін түсіндіруі керек.
Қадам № |
Қадамдарды бағалау өлшемдері | Балдық көрсеткішпен бағалау | |||
Өте жақсы* | Қолайлы** | Түзету талап етеді*** | Қолайсыз**** | ||
1. | Амандасу. 1) Пациентпен визуальды қарым-қатынас жасайды. 2) Амандасып, өзін таныстырады. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
2. | Пациентің эмоциональдық шиеленіс жағдайына жете көңіл бөлді. 1) Пациентің эмоциональдық жағдайын бақылайды. 2) Оның эмоциональдық жағдайын түсіндіреді | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
3 | Зерттелушінің шынтақ буыны сәл бүгілген күйде қолынан ұстап, қол еттерін толықтай босаңсытуын сұрайды. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
4 | Шынтақ буынның ішкі жағында орналасқан қос басты қар етінің сіңірінен ақырын соғып жіберіп, шынтақтың бүгілуін байқайды (шынтақтың бүгілу рефлексі). | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
5 | Пациентің тік бұрышпен бүгілген білегінен ұстады | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
6 | Балғашықпен шынтақ буынының жоғарғы жағынан үш басты қар еті сіңірінің үстінен ақырын соғып жібереді | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
7 | Неврологиялық балғашықпен соққан жерде сінір рецепторы орналасады, соған байланысты шынтақтың жазылуы (шынтақтың жазылу рефлексі) не болмаса бүгілуі (шынтақтың бүгілу рефлексі) байқалады деп түсіндіреді. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
8 | Студент рефлекс доғаның тұйықталған жерін дұрыс атап өтеді. Рефлекс доғасы жұлынның 4-5 мойын сегментінде тұйықталады. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
9 | Нәтижесін бағалау: рефлекс айқын байқалуы мен симметриялылығы міндетті түрде ескеріледі. Бұлшыкет күші мен рефлекторлық доғаның бөлімдері сақталуында, рефлекс айқын байқалуы мен симметриялығы қалыпты деп бағаланады. Рефлекторлық доғаның бөлімдері зақымдалса, рефлекс болмайды, не төмендейді. Пирамид жүйесі зақымдалғанда рефлекстің төмендеуі, не бүзылуы байқалады. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
10 | Студент жұмысты орындағанда кәсіби терминдерді пайдаланып, сөз сөйлеу мәдениеттін көрсетті. | 10 | 7,5 | 5,0 | 0 |
Барлығы | 100 | 75 | 50 | 0 |
Кезеңде қойылатын максимальды балл - 100. Тапсырманы орындау уақыты - 5 мин
Ескерту:
* Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын кезең-кезеңмен өте дұрыс және толық көлемде көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, сауатты сөйлейді және логикалық жүйелілікпен баяндап көрсетеді; қосымша әдебиеттерден алған білімін көрсетеді; ғылыми терминдерді қолданып түсіндіруде жауабын нақты құрайды; алынған нәтижені дұрыс бағалайды; неврологиялық балғашамен жұмыс жасау дағдысын көрсетеді; берілген уақытта жауап беріп үлгерді;
** Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын аздаған қателікпен көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, бірақ сенімсіздікпен баяндайды, ғылыми терминдерді қолданғанда қателік жібереді; алынған нәтижені дұрыс бағалайды; неврологиялық балғашамен жұмыс жасау дағдысын көрсете біледі; берілген уақытта үлгеріп жауап берді;
*** Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын қате көрсетеді, толық орындамады; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды, жүйелілік жоқ; ғылыми терминдерді қолданбайды ; алынған нәтижені толық көлемде бағалай алмайды; неврологиялық балғашамен жұмыс жасау дағдысын көрсете алмайды, алынған нәтижені толық көлемде бағалай алмайды; берілген уақытта жауап беріп үлгермеді;
**** Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын көрсете алмайды; оның жүргізілу әдісін білмейді; оқу материалдарын білмейтіндігін және мүлде түсінбейдігін көрсетті; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды; жауап беруден бас тартты; (шпаргалка) қолданды;