Кезең: Адамның проприоцептивті (сінір) рефлекстері. Тізе рефлексі.

Емтихан алушыларға ақпарат : төменде берілген өлшемдерге (критерийлерге) сәйкес студент адамдардың проприоцептивті сінір рефлекстерін дұрыс бағалай білуі керек. Студент пациентің (волонтердің) рефлекстерін анықтайды және өзінің іс-әрекеттерін түсіндіруі керек.

.

Қадам

Қадамдарды бағалау өлшемдері

Балдық көрсеткішпен бағалау

Өте жақсы* Қолайлы** Түзету талап етеді*** Қолайсыз****
1. Пациентпен визуальды қарым- қатынас жасайды. 10 7,5 5,0 0
2. Амандасып, өзін таныстырады. 10 7,5 5,0 0
3 Зерттелушіні аяқ бұлшық еттерін босаңсыған күйде екі аяғын айқастырып, орындыққа отырғызады. 10 7,5 5,0 0
4 Пациентің эмоциональдық жағдайын бақылады 10 7,5 5,0 0
5 Пациентің эмоциональдық жағдайын түсіндірді 10 7,5 5,0 0
6 Неврологиялық балғашамен төрт басты сан еті сіңірінің үстінен, тізесінің төменгі жағынан ақырын ғана соғып жіберіді. 10 7,5 5,0 0
7 Студент тізенің жазылу рефлексін байқап, балғашықпен соққан жерде сінір рецепторлар орналасқан деп түсіндірді. 10 7,5 5,0 0
8 Рефлекс доғаның тұйықталған жері. (Рефлекс доғасы жұлынның 3-4 бел сегменті нейрондарында тұйықталады). 10 7,5 5,0 0
9 Нәтижесін бағалау: рефлекс айқын байқалуы мен симметриялылығы міндетті түрде ескеріледі. Бүлшыкет күші мен рефлекторлық доғаның бөлімдері сақталуында, рефлекс айқын байқалуы мен симметриялығы қалыпты деп бағаланады. Рефлекторлық доғаның бөлімдері зақымдалса, рефлекс болмайды, не төмендейді. Пирамид жүйесі зақымдалғанда рефлекстің төмендеуі, не бүзылуы байқалады. 10 7,5 5,0 0
10 Студент жұмысты орындағанда кәсіби терминдерді пайдаланып, сөз сөйлеу мәдениеттін көрсетеді. 10 7,5 5,0 0
Барлығы 100 75 50 0

Кезеңде қойылатын максимальды балл - 100. Тапсырманы орындау уақыты - 5 мин

Ескерту:

* Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын кезең-кезеңмен өте дұрыс және толық көлемде көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, сауатты сөйлейді және логикалық жүйелілікпен баяндап көрсетеді; қосымша әдебиеттерден алған білімін көрсетеді; ғылыми терминдерді қолданып түсіндіруде жауабын нақты құрайды; алынған нәтижені дұрыс бағалайды; неврологиялық балғашамен жұмыс жасау дағдысын көрсетеді; берілген уақытта жауап беріп үлгерді;

** Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын аздаған қателікпен көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, бірақ сенімсіздікпен баяндайды, ғылыми терминдерді қолданғанда қателік жібереді; алынған нәтижені дұрыс бағалайды; неврологиялық балғашамен жұмыс жасау дағдысын көрсете біледі; берілген уақытта үлгеріп жауап берді;

*** Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын қате көрсетеді, толық орындамады; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды, жүйелілік жоқ; ғылыми терминдерді қолданбайды; алынған нәтижені толық көлемде бағалай алмайды; неврологиялық балғашамен жұмыс жасау дағдысын көрсете алмайды, алынған нәтижені толық көлемде бағалай алмайды; берілген уақытта жауап беріп үлгермеді;

**** Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын көрсете алмайды; оның жүргізілу әдісін білмейді; оқу материалдарын білмейтіндігін және мүлде түсінбейдігін көрсетті; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды; жауап беруден бас тартты; (шпаргалка) қолданды;