Кезеңде қойылатын максимальды балл - 100. Тапсырманы орындау уақыты - 5 мин
Ескерту:
* Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын кезең-кезеңмен өте дұрыс және толық көлемде көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, сауатты сөйлейді және логикалық жүйелілікпен баяндап көрсетеді; қосымша әдебиеттерден алған білімін көрсетеді; ғылыми терминдерді қолданып түсіндіруде жауабын нақты құрайды; алынған нәтижені дұрыс бағалайды; неврологиялық балғашамен жұмыс жасау дағдысын көрсетеді; берілген уақытта жауап беріп үлгерді;
** Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын аздаған қателікпен көрсете біледі; дәлелді қимыл жасай отырып түсінік береді, бірақ сенімсіздікпен баяндайды, ғылыми терминдерді қолданғанда қателік жібереді; алынған нәтижені дұрыс бағалайды; неврологиялық балғашамен жұмыс жасау дағдысын көрсете біледі; берілген уақытта үлгеріп жауап берді;
*** Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын қате көрсетеді, толық орындамады; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды, жүйелілік жоқ; ғылыми терминдерді қолданбайды ; алынған нәтижені толық бағалай алмайды; неврологиялық балғашамен жұмыс жасау дағдысын көрсете алмайды, алынған нәтижені толық көлемде бағалай алмайды; берілген уақытта жауап беріп үлгермеді;
**** Тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын көрсете алмайды; оның жүргізілу әдісін білмейді; оқу материалдарын білмейтіндігін және мүлде түсінбейдігін көрсетті; көрсеткен іс-қимыларын дәлдікпен баяндай алмайды; жауап беруден бас тартты; (шпаргалка) қолданды;