Пәні: Физиология – 2 – Fiz -23208

 

 

С И Л Л А Б У С

 

 

Пәні: Физиология – 2 – Fiz -23208

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Қалыпты физиология модулі

Курс - үшінші Семестр – бесінші, алтыншы

Барлығы________90 _______ сағат

Пр актикалық

(семинар) сабақтары

____________30 ________ ( сағат)

ОСӨЖ______30_______( сағат)

Барлық аудиторлық сағат саны _60____ (сағат)

Аудиториядан тыс орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы

(СӨЖ)_______ 30_______ (сағат)

Бақылау түрі : 2 кезеңді емтихан

Алматы, 2015

Силлабусты модуль доценттері Рослякова Е.М., Байжанова Н.С., Хасенова К.Х., аға оқытушылары Бисерова А.Г., Шайхынбекова Р.М., Байболатова Л.М. медициналық ЖОО 3 курс студенттеріне арналған «Физиология-2» бойынша интегративті типтік бағдарлама негізінде құрастырды.

 

Қалыпты физиология модулінің мәжілісінде « 27» ___06___ 2014ж. қарастырып, № 12 хаттамасымен бекітілді.

 

Қалыпты физиология модулінің жетекшісі

доцент __________________________________________Рослякова Е.М.

 

1. Жалпы мәліметтер:

1.1 ЖОО аталуы : С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

1.2Модуль: қалыпты физиология

1.3 Пән- физиология-2 (Fiz -2 3208)

1.4 Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

1.5 Оқу сағаттарының көлемі 90сағат

1.6 Курс пен оқу семестрі - 3 курс,5-6 семестр

1.7 Құрастырушылар жайлы мәліметтер

Аты-жөні Қызметі Ғылыми дәрежесі
1 Рослякова Елена Михайловна Модулдің жетекшісі М.ғ.к.
2 Байжанова Нургуль Сембеевна Доцент Б.ғ.к.
3 Хасенова Кадиша Хамзеновна Доцент Б.ғ.к.
4 Бисерова Адиля Газизовна Аға оқытушы Б.ғ.к.
5 Шайхымбекова Райгуль Мухамбетовна Аға оқутышы, завуч Б.ғ.к.
6 Алипбекова Айгуль Сураповна Аға оқытушы -
7 Игибаева Айгуль Саржановна Преподаватель -
8 Байболатова Ляйля Мукатовна Аға оқытушы -

 

1.8 Модулдің орналасуы:

Мекен жайы: Алматы-1, ул. Ахан Серы, ЖД больница,

телефон: 8(327)235-18-20

 

1.9 Пәннің саясаты: Біртіндеп бағдарлаған мақсат бойынша оқу үрдісін өткізу. Оқытушылардың студенттерге қойылған ұсыныстары медициналық жоғарғы оқу орындағы оқыту принциптеріне негізделген.

1. Үнемі, міндетті түрде практикалық сабақтарға қатысуы, студент практикалық сабаққа қатыспаған жоғдайда «0» балл қойылады. Белгілі бір себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда (тиісті құжаттары болған жағдайда деканаттың рұқсатымен) жеке тапсырма беріліп қалған сабағы өтеледі.

2. Модульдер бойынша коллоквиум немесе аралық бақылауға практикалық сабақтарға 100% қатысқан студенттер ғана жіберіледі.

3. Үнемі, міндетті түрде дәрістерге қатысуы керек. Дәрістерге 100% қатысқан студенттерге жіберу ретингіне қосымша 2 балл қосылады.

4. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу теориялық материалдар дайындау, ситуациялық тапсырмалар мен тест сурақтарын тұжырымдау, практикалық жұмыстарды өздігінен орындау.

5. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу (тәжірибелік жұмыстарды дәптерге жазу, теориялық материалдарды дайындау, ситуациялық есептер мен тест тапсырмаларын орындау, тәжірибелік жұмыстарды өз бетінше орындау) – студент жеткілікті түрде дайындалмаса студенттің білімін бағалау ережелеріне сәйкес балл қойылады.

6. Дәрістік, тәжірибелік тапсырмаларды, сабақтан тыс өзіндік жұмыстарды орындау үшін арнайы дептерді ұқыпты толтырып отыру.

7. Міндетті түрде: қалыптасқан киім үлгісі; дәріс кезінде қалыпты үлгідегі медициналық халат. Практикалық сабақ кезінде клиникалық база қалыпты үлгідегі медициналық қалпак, бетперде, аустырып киетін аяқ киім.

8. Тақырыптық жоспар бойынша белгіленген уақытта аралық бақылау жұмыстарын тапсыру.

9. Студенттрдің ғылыми зерттеу жұмыстары мен оқу әдістемелік процестерді жетілдіру жөнінде модулдін шараларына белсенді түрде қатынасу.

10. Сабақтан кешігіп қалмауға. Ұялы телефонды, пейджерді, дыбыс туғызатын және сабақтың өтүіне кедергі келтіретін басқа да құралдары пайдалануға. Сабақ үстінде басқа тақырыпта әнгімелесу, сабаққа қатысы жоқ әлде бір істермен айналасуға, берілген тапсырманы жаныңда отырған студенттен көшіріп алуға, бөгде біреудің қызметтік көмегін пайдалануға қатаң тиым салынады.

11. Оқытушылар және студенттер сыйласымды қатынаста болуы керек.

12. Түсініксіз жағдайларда кафедра меңгерушісі мен оқу ісі меңгерушісінің қатысуымен ашық талқылау өткізіледі.

2. Оқу бағдарламасы:

2.1. Кіріспе

Модульдық принцип негізінде сабақ берудің міндеті – фундаментальдық және клиникалық пәндердің интеграция негізінде қалыпты және патологиялық жағдайда адам жүйелері мен мүшелерінің клиникалық зерттеу әрі олардың жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процесстердің негіздерің студенттерге түсіндіріп үйрету. Организмнің жеке жүйелер физиологиясы ( тірек-қимыл , тері оның қосымшалары, жүйке жүйесі, қан түзуші жүйе, жүрек-қан тамырлар жүйесі, тыныс алу, ас қорыту, несеп-жыныстық жүйе, эндокриндік жүйе) патологиялық жағдайларда пайда болатын организмнің ішкі орта тұрақтылығының түрлі бұзылыстарын біліп түсіну үшін қажет база болып табылады.

2.2. Пәннің мақсаты: Адамның тірек-қимыл жүйесінің тері мен оның қосымшаларының қызметін атқаратын физиологиялық үрдістерін және қимыл әрекетінің реттелуіндегі жүйке құрылымдарының маңызын түсіндіру.

Студенттерді фундаментальды және клиникалық пәндердің интеграциялануы негізінде ересектер мен жас шамасы әр түрлі балалардың қалыпты жағдайдағы жүйке жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін баста физиологиялық прцестердің тұрғысында түсіндіре отырып, оқыту.

Организмдегі барлық мүшелер мен жүйелер қызметін реттейтін дара жүйке-гуморалдық жүйе бар. Эндокриндік бездер гуморалдық реттеуде негізгі бөлімі болып табылғандықтан, дәрігерлік практикадағы білімі организмдегі ролінің маңызы зор.

Эндокринді жүйесінің физиологиясы, жас ерекшеліктерін ескеріп басқа мүшелер мен жүйелермен байланысы туралы білім беру, сонымен қатар қалыпты жағдайдағы осы мүшелердің қызметін көрсететін зерттеу тәсілдерін игеріп, білу.

Студенттерді фундаментальды және клиникалық пәндер интеграциясының негізінде нормада ас қорыту жүйесінің қызметін атқаратын физиологиялық процестері мен патологияда негізгі клиникалық синдромдарын қалыптастыратын патофизиологиялық механизмдерін түсіну үшін ас қорыту жүйесінің клиникалық тексеру негізін үйрету.

Жасқа байланысты зәрдің түзілуін және бөлінуін реттеуші физиологиялық үрдістерді түсінуді үйрету, сонымен қатар ерлер мен әйелдерде ұрпақ жаңғырту жүйесінің іс-әрекетін клиникалық зерттеу әдістерімен бағалау.

Оқытудың модульдік тұрғысына байланысты, басқа фундаменталдық пәндермен интеграцияда, жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметінің реттеу механизмдері және жас ерекшеліктері туралы біртұтас көзқарас қалыптастыру.

Оқытудың модульдік ұстанымының негізінде іргелі пәндердің интеграциясымен, қан түзу жүйесі бойынша клиникалық ойлауды дамыту үшін қан қызметтері туралы жалпы мағлұмат қалыптастыру.

Модульдің негізгі міндеті – фундаментальдық пәндердің интеграциясы негізінде қалыпты жағдайдағы адамның тыныс алу жүйелері мен ағзаларының қызметін қамтамасыз ететін физиологиялық үрдістер жайлы түсініктерді қалыптастыру. Тыныс алу организм клеткалары мен сыртқы орта арасындағы газдардың алмасуын қамтамасыз ететін үрдістердің жиынтығы. Адам организмі органикалық заттардың биологиялық тотығуында пайданылатын, оттегі үнемі түсіп тұрғанда ғана қалыпты өмір сүреді. Бұның нәтижесінде организмнен энергия мен көмірқышқыл газы бөлініп шығады. Әртүрлі физиологиялық жағдайлардағы, онтогенездегі тыныс алу жүйесі қызметінің физиологиялық механизмдері жайлы барлық мамандықтағы дәрігерлерге білу өте қажет.

 

2.3. Пәннің мақсаты:

Сау адам ағзасы жүйелерінің жұмысы мен реттелу механизмінің негізгі заңдылықтарының студенттердің білімінде қалыптасуы

Физиологиялық тәжірибе жүргізу дағдыларының қалыптасуы және жүргізілген зерттеу нәтижелерін түсіне білу

Жаңа түсініктер мен терминдерді енгізу арқылы коммуникативтік дағдыны дамыту;

Құқықтық құзырдың қалыптасуы–физиоллогиялық құралдармен жұмыс жасаған кездегі техникалық қауіпсіздік ережелерін білу, клиникаға дейінгі пәндердің құқықтық-нормативтік құжаттарын(ҚР-ның «Халық денсалығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің негізгі бөлімдері, халық денсаулығын қорғау заңы, санитарлық, ҚР табиғатты қорғау заңы, Еңбек туралы заң, ҚР білім туралы заңы 27.07.2007 ж; ҚР медициналық және фармацевтикалық білімін өзгерту тұжырымдамасы 24.04.2006 ж) білу

Студенттердің физиология пәніне деген ұмтылысын негіздеу, ЭВМ базасының мәліметтерімен өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру және дамыту, арнайы кәсіптік әдебиеттермен жұмыс кезінде студенттің аналитикалық қасиетін қалыптастыру және жетілдіру, өмір жолында үздіксіө білімін жетілдіріп отыруға ұмтылысын қалыптастыру

Пәннің тапсырмалары:

· Студенттерде физиологиялық ойлауды қалыптастыру;

· Сау адамның жыныс және жас ерекшеліктері мен физиологиялық сипаттамаларының негізгі мәнін ашу;

· Ағзаның бүтіндік реакцияларының қалыпты механизмінің негізгі заңдылықтарын ашу;

· Адам ағзасының қоршаған ортамен байланыс жүйесінің қалыптасуы;

· Ғылыми әдістерінің жүргізу әдістерімен танысу;

· Адам ағзасы мен жүйелерінің функционалдық жағдайын бағалау әдістерін қалыптастыру;

· Физиологиялық аппаратураларының жұмыс принциптерін игеру;

· Физиологиялық аппаратуралардың жұмыс техникасын көрсету;

· Физиологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасымен таныстыру;

· Жаңа терминдерге анықтама беру және жаңа түсініктерді енгізу;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент міндетті:

Білімді игеру ( Когнитивті құзыреттілік):

· Пәннің мақсатын, міндетін және оның болашақ мамандықтағы маңызын;

· Жалпы және жеке физиологияда қарастырылатын физиологиялық үрдістердің реттелу механизмі мен сау ағзаның қалыптасу заңдылықтарын;

· Медицинада қолданылатын ағзаның әр түрлі функцияларын зерттеу әдістерінің мәні;

· Жалпы ағзаның әрекеті, жүйесі, ағзаның реттелу механизмі мен әр түрлі көрсеткіштер туралы мәліметтердің бүтіндігі;

· Ағзаның функционалдық жүйесінің құрылысы, қалыптасуының жалпы прицинтері;

Физиологиялық зерттеулерді жүргізу дағдыларын үйрену ( Операциялық құзыреттілік):

· Адамның жұлындық рефлекстері

· Спирометрия

· Қан талдауын бағалау

· АВО жүйесі бойынша қан топтарын анықтау

· Резус-факторды анықтау

· Электрокардиограмманы тіркеу әдісі

· Коротков әдісі бойынша артериалық қысымды анықтау

Коммуникатив тік дағдылармен ( Аксиологиялық құзыр):

· Тері, тірек-қимыл жүйесінің реттелуі, физиологиялық үрдістің дамуын білу және зерттеу әдістерін бағалау;

· Ағзалар мен жүйелерді зерттеу жүргізу дағдыларының қалыптасуы;

· «студент – оқытушы», «студент- студент» қарым-қатынастарының әдістері мен дағдыларының қалыптасуы; ,

· Оқу топтарында қолайлы психологиялық жағдайлардың қалыптасу дағдылары;

Құқықтық компетенция (ҚР Заңдарын білу):

· ҚР «Халық денсаулығы және денсаулықты сақтау жүйесі» Кодексінің негізгі бөлімдері. ҚР халық денсаулығын, санитарлық, қоршаған ортаны қорғау заңы.

· Еңбек туралы заң

· ҚР білім туралы 27.07.2007ж;

· ҚР 24.04.2006 ж медициналық және фармацевтикалық білімді қалыптастыру концепциясы

· ҚР мемлекеттік білімді жетілдіру бағдарламасы

· ҚР коррупция туралы заңы.

Өз бетімен білім алу ( Өздігінен жетілу және даму ):

· Білімін жоғарылатуға ұмтылу, өздігінен жетілу

· Заманауи ғылыми әдебиеттерден өз бетінше біліміне қажетті материалдарды жинау

· ЭЕМ базасымен, электронды мәліметтермен жұмыс

· Өз бетінше тесттік тапсырмаларды құрастыру және талдау; реферат, буклет, кроссворд дайындау

· Оқу, ғылыми, қосымша әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу

· Өз бетінше оқуға арналған тақырыптар жөнінде оқытушымен кеңесу.

 

2.5. Пәннің алғы реквизиттері: химия, медициналық биофизика, молекулярлық биология және медициналық генетика, анатомия-1,2, гистология- 1,2, физиология-1, биохимия.

2.6. Пәннің кейінгі реквизиттері: патологиялық физиология, патологиялық анатомия, фармакология, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуалды диагностика.

 

2.7. Пәннің қысқаша мазмұны (модулдер бойынша):

 

Модуль бойынша құзіреттіліктер Пәннің мазмұны
1. Жүйке жүйесі
Студент білуі керек: · Жүйке жүйесінің негізгі рефлекстік орталықтары. · Жұлын қызметінің негізгі заңдылықтары · Бас миы қызметтерінің негізгі заңдылықтары · Электроэнцефалографиянығ негізгі ырғақтары · Жүйке жүйесі қызметтерінің жасқа байланысты ерекшеліктері Студент жасай алу керек : · Проприоцептивтік жұлын рефлекстерін (ахил, тізе, шынтақ) · Проприоцептивтік жұлын рефлекстерінің зерттеу нәтижелері мен олардың рефлекстік доғасын бағалай білу Адамның ОЖЖ қызметтерінің негізігі зерттеу әдістері. Үлкен ми қыртысының электрлік белсенділігі, электроэнцефалография. ОЖЖ әртүрлі бөліктерінің атқаратын қызметтері. Жүйке жүйесінің негізгі рефлекстік орталықтары. Жұлын. Жұлынның рефлекстік және өткізгіштік қызметтері. Проприоцептивтік жұлын рефлекстері (тізе, ахил,шынтақ). Жаңа туылған балалардағы рефлекстер. Ми-жұлын сұйықтығы: түзілуі, айналысы, қайта сіңуі. Ми-жұлын сұйықтығы құрамы. Жұлын қабықтары және олардың қызметінің маңызы. Сопақша ми және варолиев көпірі. Ортаңғы ми статикалық және статокинетикалық рефлекстер. Торлы құрылымның жоғары және төмен бағытталған әсері. Мишық. Аралық ми. Қыртыс асты орталықтар. Үлкен ми қыртысы. Үлкен ми қыртысының қызметтері.
2. Эндокрин дік жүйе
Студент білуі керек: · Эндокриндік жүйе қызметін реттеуші физиологиялық механизмдерді; · Гипофиздің троптық гормондарының, қалқанша, қалқанша маңы, ұйқы бездері гормондары әрекетінің физиологиялық негізін; · Эндокриндік жүйе қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктерін. Студент жасай алу керек : · Қант пен гормондар мөлшерінне қан және зәр зерттеу нәтижелерін бағалай білу Эндокринді жүйенің құрылымдық-әрекеттік ұйымдастырылуы. Организм қызметінің реттелуінде гипоталамо-гипофизарлы-бүйрекүсті жүйесінің атқаратын рөлі. Кері байланыс механизмі. Гормондардың: вазопрессин, АДГ, альдостерон, глюкокортикоидтар әрекет ету механизмдері. Қалқанша безі гормонының жалпы сипаттамасы. Құрамында йод бар гормондардың (Т-3,Т-4) метаболиттік әсерлері Ұйқы безінің эндокриндік қызметі және оның реттелуі. Инсулиннің көмірсу, май және белок алмасуына әсері. Глюкагонның көмірсу алмасуына әсері. Қалқансерік безінің гормондары, кальций және фосфордың гомеостаз реттелуіндегі рөлі. Бүйрекүсті безінің гормоны, оның зат алмасу мен организм қызметіндегі рөлі. Жас ерекшеліктері.
3. «Қан түзуші жүйе»
Студент білуі керек: · Қан жүйесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді, және оны реттейтін механизмдерді Студент жасай алу керек : · Қан талдауын бағалай білу; · Гематокрит, қанның түсті көрсеткіштері, ЭТЖ анықтау және нтижелерін бағалау; · Қан тобы мен резус факторды АВО жүйесімен цоликлондарды пайдаланып анықтау Қан жүйесі туралы түсінік. (Т.Ф.Ланг). Қанның қызметі. Қанның мөлшері мен құрамы. Қанның негізгі қалыпты көрсеткіштері. Геиотокрит, оның клиникалық маңызы. Қанның физикалық-химиялық қасиеттері. Қанның гидростатикалық, осмостық және онкотикалық қысымдары. Қышқыл-сілтілік тепе-теңдігі. Эритроциттер, қызметі. Гемоглобин, мөлшері. Гемоглобиннің газдармен қосылыстары. Қанның түсті көрсеткіші, оның клиникалық маңызы. ЭТЖ, оның клиникалық маңызы. Гемолиз және оның түрлері, механизмі. Лейкоциттер, лейкоцитарлық формула. Лейкоциттер түрінің қызметі. Лейкоцит санын анықтау. Әр түрлі жастағы лейкоциттер санының өзгеру динамикасы. Тромбоциттер, мөлшері, қызметі. Қан топтары, оны анықтау әдістері. Гемостаз, оның кезеңдері. Қанның ұю факторлары. Тамырдағы тромбоциттік гемостаз. Коагуляциялық гемостаз. Фибринолиз. Қан ұюға қарсы жүйелер. Қанның ұю уақытын анықтау. Иммунитет, оның түрлері. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
4. «Тыныс алу жүйесі»
Студент білуі керек: · физиологические механизмы, регулирующие деятельность дыхательной системы; · возрастные особенности деятельности дыхательной системы Студент жасай алу керек : · определить частоту и глубину дыхания; · проводить спирометрию и интерпретировать данные. · проводить анализ спирограммы в норме Организм үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу үрдісінің незізгі кезеңдері. Сыртқы тыныс алу. Тыныс алудың типтері (құрсақтық, кеуделік, аралас). Минуттық тыныс көлемі, тереңдігі және тыныс ырғағы. Тыныс алу жолдарының физиологиясы. Олардың реттелуі. Қорғаныштық тыныс рефлекстері. Тыныс алу циклы (дем алу және дем шығару механизмдері). Плевра қуысындағы қысым, оның тыныс алу кезіндегі өзгерістері. Плевраішілік қысымды қамтамасыз ететін факторлар: өкпенің серпімділік қасиеті, беткі-белсенді заттар (сурфактант) және бранх бұлшықеттерінің тонусы. Өкпе көлемдері және олардың көлемдері. Спирометрия, спирография. Өкпе желдетілісі ( минуттық, альвеолалық), оның әртүрлі мүшелердегі әртүрлілігі. Альвеола перфузиясы. Анатомиялық және физиологиялық өлі кеңістік туралы түсінік, олардың қызметінің маңызы. Өкпедегі газ алмасу. Дем алу, дем шығару және альвеолалық ауа құрамы. Анықтау әдістері. Қанда еріген газдардың кернеу күші, оларды өлшеу әдістері. Альвеолалық ауадағы газдардың меншікті қысымы. Өкпе мемебранасының қүрылысы. Өкпенің диффузиялық қабілеті. Қан айналым және өкпе желденуінің ара қатынасы. Қан арқылы оттегі және көмірқышқыл газдарының тасымалдануы. Гемоглобиннің түзілуі мен ыдырауына әсер ететін факторлар. Қанның оттегіне сыйымдылығы. Карбогидразаның маңызы. Қан мен тіндер арасындағы газ алмасу. Тыныс алудың реттелуі. Тыныс алудың үйлесімділігін қамтамасыз ететін ОЖЖ құрылымдары. Өкпенің механорецепторлары, олардың тыныс алу жиілігі мен тереңдігінің өздігінен реттелуіндегі маңызы. Геринг және Брейер рефлектері. Гуморальдық реттелуі. Фредерик тәжірибесі. Тыныс алудағы гипоталамус, лимбиялық жүйе және ми қыртысының маңызы. Тыныс алудың шартты-рефлекстік және ерікті түрде реттелуі. Тыныс алудың тереңдігі мен жиілігіне артерия қанындағы газдар мөлшері мен рН әсері. Орталық және шеткі ( перифериялық) хеморецепторлар, олардың газдық гемостазды сақтаудағы маңызы. Гиперкапния және гипоксия кезіндегі өкпе желдеуінің өзгерістері. Физикалық жүктеме кезіндегі жоғарғы және төменгі барометрлік қысым жағдайындағы тыныс алу. Тыныс алу жүйесінің резервтік мүмкіншілігі. Қорғаныштық тыныс алу рефлекстері. Қандағы газдардың мөлшерін қалыпты жағдайда ұстайтын функцоналдық жүйе. Жаңа туылған баланың алғашқы дем алуы. Тыныс алудың әртүрлі жас кезеңіндегі ерекшеліктері.
5. «Жүрек – қан тамыр жүйесі»
Студент білуі керек: · Жүрек оралымы және оның фазалық құрылымдары · Жүрек тондары (I, II, III, IV), оларға сипаттама және оның пайда болу механизмдері. · Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштері. · Жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің реттейтін физиологиялық үрдістер; · Жүрек-қантамыр жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері Студент жасай алу керек: · АҚ өлшеу; · Пульсті пальпация әдісімен анықтау және пульске негізгі көрсеткіштері бойынша сипаттама беру; · Қалыпты жағдайдағы ЭКГ талдау Қанайналым жүйесі қызметтерінің сипаттамасы. Қанайналу шеңберлері. Жүрек циклы және оның фазалық құрылымы. Жүрек тондары (I, II, III, IV), оларға сипаттама және оның пайда болу механизмдері. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері.Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек автоматиясының градиенті. Жүрек қызметін тексерудін физиологиялық және клиникалық әдістері. Әрекет потенциалы пайда болуының ерекшеліктері. ЭКГ. Қалыпты жағдайдағы электрокардиограмма. Электрокардиограмма талдаудың негізгі принцптері. Гемодинамика, көрсеткіштері. Қантамырлардың морфофункциональдық сипаттамасы. Қан тамырлар бойымен қан ағысын қамтамасыз ететін факторлар. Артериялық қан қысымы және оның түрлері (систолалық, диастолалық, пульстік, орташа артериялық). Жүрекалды және жүрек соңғылық жүктеме туралы түсінік. Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштері: қанның систолалық және минуттық көлемі, жүрек индексі және т.б. Қан қысымын өлшеу ережелері. Артериялық пульс, оның сипаттамасы. Артериялық пульсті анықтау әдістері. Веналық пульс, оның сипаттамасы, тіркеу әдістері. Микроциркуляция. Жүрек-қантамыр жүйесінің реттелуі. Жүрек қызметінің жүрек ішілік (интракардиалдық) және жүректен тыс (экстракардиалдық) жүйкелік реттелу механизмдері. Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі. Балалардағы ерекшеліктері.
6. «Асқорыту жүйесі»
Студент білуі керек: · Асқорыту жүйесі қызметтерін реттейтін физиологиялық үрдістер; · Асқорытылу ұйымдасуының конвейерлік принциптері; · Тамақтану режимінің асқорыту сөлдерінің бөлінуі мен асқазан ішек жолының қимыл-қозғалысына әсері · Асқорыту мүшелері қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктері С тудент жасай алу керек : · Асқазан сөлінің ферментативтік қасиеттерін зерттеу. ; Ағзадағы қоректік заттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін функционалдық жүйе. Асқорыту оның типтері, негізгі кезеңдері. Асқорыту орталықтары және оның ОЖЖ орналасуы, тою және ашығу орталықтары. Асқорыту қызметтері, асқотыту үрдістері реттелуінің принциптері мен механизмдері. Асқазан ішек жолы қызметін реттеудегі пептидтер мен аминдердің рөлі. Асқорыту мүшелері қызметтерін зерттеу әдістері. Ауыз қуысындағы астың қорытылуы. Шайнау, жұту кезеңдері. Сілекей бөлінуі. Сілекей мөлшері, құрамы және қасиеті. Асқазанның секреторлық қызметі. Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті. Тұз қышқылының асқорыту үрдісіндегі рөлі. Тамақтану режимінің асқорыту сөлдерінің бөлінуі мен асқазан ішек жолының қимыл-қозғалысына әсері. Асқазанның моторлық қасиеті. Асқазаннан астың он екі елі ішекке өту механизмі. Ащы ішектегі астың қорытулуы. Он екі елі ішектегі асқорыту үрдістері. дуоденальдық химустың қалыптасуына ұйқы безі сөлінің, өттің және ішек сөлінің әсері. Ұйқы безі сөлінің құрамы және қасиеті, секрециясы. Ұйқы безінің сөл бөлуіне тамақ режимінің әсері. Өт түзілу және өт бөліну. Өттің құрамы және қасиеті. Ішек секретінің құрамы және қасиеті. Ішек секретінің реттелуі. Құнарлы заттардың мембраналық және қуыстық гидролизі. Жіңішке ішектердің моторлы қасиеті. Асқорытудағы тоқ ішектің ролі. Ішектегі газ және микрофлораның маңызы. Тоқ ішектің моторикасы. Дефекация. Бауырдың маңызы. Асқорыту жолындағы әр түрлі құнарлы заттардың сіңуі, оның механизмдері. Сіңірілудің реттелуі. Жасқа байланысты асқорту жүйесіндегі өзгешеліктер.  
7. «Несеп –жыныстық жүйесі»
  Студент білуі керек: · Жасқа байланысты зәр түзілу және бөлінуін реттейтін физиологиялық механизмдер; · Ерлер мен әйелдердің ұрпақ жалғастыруының физиологиялық механизмдері. Нефрон - бүйректің құрылымдық-функциялық бірлігі, оның қанмен қамтамасыз етілуі. Зәр түзілуінің негізгі үрдістері (шумақтағы сүзілу, түтікшелердегі қайта сіңірілу және сөлініс). Шумақтық сүзілу механизмі, алғашқы несептің құрамы.Айналдыра-кері ағу жүйесі (Несептің осмостық қоюлануы).Түтікшелердегі қайта сіңу және оның реттелу механизмі. Табалдырықты және табалдырықсыз заттар. Түтікшелердегі сөл бөліну үрдісі. Соңғы несеп және оның құрамы. Жалпы несеп талдауы. Несеп түзілуінің жүйкелік және гуморальдық реттелуі, жүйке жүйесі мен гормондардың (АДГ, альдостерон, катехоламиндер және т.б.) рөлі. Азотттық тепе теңдік пен осмостық қысымды сақтаудағы бүйректің рөлі. Зәр шығарудың рефлекстік реттелуі. Несеп түзілуінің және шығарылуының жас ерекшелігіне байланысты өзгерістері. Жыныс жүйесінің гормондық реттелуі. Ұрпақ өрбітудің физиологиялық негіздері. Жыныстық даму кезеңдері. Жыныс мотивациясының қалыптасуы мен механизмдері. Жыныстық оралымның кезеңдері. Жүктілік пен туудың физиологиялық заңдылықтары. Лактация. Ұрпақ өрбітудің жасқа байланысты ерекшеліктері.
8. «Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары»
  Студент білуі керек: · Сүйек тіні мен қаңқа жүйесінің қызметін; · Бұлшықет жүйесінің қызметін; · Қимыл-қозғалыс реттелуінің жалпы принциптерін; · Тері мен оның қосымшалары қызметін. С тудент жасай алу керек : · Динамометрия әдісін меңгеру. Тірек-қимыл аппаратына жалпы сипаттама. Сүйек тіні мен қаңқаның қызметтері. Буындар қызметінің маңызы. Буын қалталарының қызметі. Буынаралық (синовиалдық) сұйықтықтың маңызы, оның түзілуінің реттелуі. Бұлшықет жүйесінің қызметі. Бұлшықет жиырылуының реттелуі. Адамның қимыл қозғалыс белсенділігі. Қимыл түрлері. Қимыл қызметінің жүйкелік реттелісі, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің локомоция реттелісіне қатысы. Жасқа байланысты ерекшеліктері. Тері – мүше. Терінің маңызы. Терінің қорғаныштық қызметтері. Терінің рефлекстік қызметтері. Зат алмасу және тынысалу үрдістеріне терінің қатысуы. Тер бөліну қызметі. Тер және тер асты бездері. Түк пен тырнақтың функционалдық маңызы. Тері мен оның қосымшаларының жасқа байланысты өзгерістері.

 

2.8. Оқу сағаттарының бөлінуі

Аудиториялық жұмыс Сағаттар саны %

1 кредит 45 сағатқа тең оның ішінде

Қарым-қатынас сағаты (дәріс, тәжірибелік сабақ) - аудиториялық жұмыс 15 сағат 33%
ОСӨЖ 15 сағат 33%
СӨЖ 15 сағат 33%

2.9.Тәжірибелік сабақ пен СОӨЖ тақырыптық жұмысы

Тақырыптары

Сағат саны

Тәжірибе СОӨЖ
1

Жүйке жүйесі

1

Жұлын мен бас миының құрылысы. Жұлынды зерттеу әдістері. Үлкен ми сыңарын зерттеу әдістері. Ми қыртысының қызметін зерттеу әдістері. Операциялық құзырды бағалау (тәжірибелік дағдыларды қабылдау «Адамның сіңір рефлекстері» 4  
СОӨЖ: «Жұлын сұйықтығы: Функционалдық мәні, қалыптасуы, циркуляциясы, реабсорбция». Коллоквиум   4
2

Эндокриндік жүйесі

2

Ағзаның қалыптасуындағы гипоталамо - гипофизарлы - бүйрек үсті жүйесінің ролі. Кері байланыс механизмі. 2  
СОӨЖ Тақырыпты талдау : «Қалқанша безі гармондарының жалпы сипаттамасы . Жасқа байланысты ерекшеліктері». Коллоквиум   2
3

Қан түзуші жүйесі

3.1

 

 

3.2

Қанның физико-химиялық қасиеттері Қан қызметінің негізгі зерттеу әдістері. Операциялық құзырды бағалау (тәжірибелік дағдыларды қабылдау: «Қан анализі», «Гематокрит көрсеткішін анықтау», «Қанның түсті көрсеткішін есептеп анықтау» «Эритроциттің тұну жылдамдығын анықтау» 3  
Қанның формалық элементерінің қызметтері (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің) Операциялық құзырды бағалау (тәжірибелік дағдыларды қабылдау: «Қан топтарын цоликлондармен анықтау», «Резус-факторды цоликлон анти «Д-Супер»- мен анықтау»). 2    
  СОӨЖ Тақырыпты талдау: Қанның негізгі физика-химиялық тұрақтылығы «Қанның қорғаныс қызметі. Жас ерекшеліктері». Коллоквиум   5
4

Жүрек қан тамыр жүйесі

4.1 Жүрек циклі және оның фазалық құрылысы. Жүрек тонының пайда болу механизмі. Электрокардиография. Балалардағы ерекшелігі Операциялық құзырды бағалау (тәжірибелік дағдыларды қабылдау «Электрокардиография» 3  

4.2

«Гемодинамика..Гемодинамиканың параметрлері: АҚ, пульс және т.б. Операциялық құзырды бағалау(тәжірибелік дағдыларды қабылдау: Коротков әдісі бойынша қан қысымын анықтау», «Пульсотахометрия») 2  
СОӨЖ Тақырыпты талдау: Қан тамырлары және жүрек тонусының жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Балалардағы ерекшеліктері». Аралық бақылау   5
5

Тыныс алу жүйесі

5.1 Тыныс алу кезендері. Қан ағысы(перфузия),диффузия, желдетіліс механизмдері.Тыныс алу параметрлерін физиологиялық зерттеу әдістері (спирометрия, спирография). Операциялық құзырды бағалау : тәжірибелік дағдыларды қабылдау: «Спирометрия», «Спирограмманы талдау» 2  
5.2 Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. 2  
  СОӨЖ Тақырыпты талдау: Жас ерекшеліктері. Өкпе мен тіндердегі газ алмасуды зерттеу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы. Коллоквиум   4
6

Ас қорыту жүйесі

6.1 Ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеу әдістері. Асқазанда және ішектің әр бөлігінде астың қорытылуының физиологиялық негіздері.( асқорыту конвейері) Операциялық құзырды бағалау (тәжірибелік дағдыларды қабылдау: «Асқазан сөлінің ферменттік қасиетін зерттеу») 2  
6.2 Қуыстық және мембраналық ас қорыту.Ас сініру механизмдері. 2  
  СОӨЖ Тақырыпты талдау: «Ас қорыту жүйесінің қызметтерін зерттеу әдістері. Ас қорыту жолдарының моторикасы. Бауырдың полифункционалды рөлі. Балалардағы ерекшелігі». Аралық бақылау   4
7

Несеп жыныс жүйесі

7.1 Түтікшелердегі реабсорбция және шумақтағы сүзілу механизмі. Түтікшелердегі сөлініс үрдістері. Жас ерекшеліктері. 2  

7.2

Зәр түзілу және зәр шығарудың нейрогуморальдық реттелуі. Жасқа байланысты өзгерістері. 2  
СОӨЖ: «Жыныстық жетілудің физиологиясы. Жасына байланысты жыныс функциясының өзгеруі». Коллоквиум.   4
8

Тірек қимыл жүйесі

8

Қимыл-қозғалыс функциясының реттелуіндегі жүйке жүйесі құрылысының ролі. 2  
СОӨЖ «Тірек-қимыл жүйесінің жасқа байланысты физиологиясы» Коллоквиум   2
  Барлығы 30 сағат 30 сағат

2.10. Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (СӨЖ)

№   СӨЖ тақырыптары Өткізу түрі Ұзақтығы (сағатпен)
1 Бір жасқа дейінгі балаларда психомоторлы даму ерекшеліктері. Презентация 4
2 Эндокинді емес қызметті эндокриндімен байланысты-ратын мүшелер физиология-сы және олардың организм қызметіне әсері.. Презентация 2
3 Қанның иммундық қызметі. Презентация 5
4 Балалардағы ЭКГ ерекшеліктері; жүрек тондарының пайда болу механизмі. Презентация 2
5 Жүрек автоматиясының физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері. Презентация 1
6 Шеткі қан айналымының физиологиясы. Микроциркуляция. Презентация 2
7 Әртүрлі физиологиялық жағдайларда: ыстық климат, биік таулы және жоғары барометрлік қысымда тыныс алудағы ерекшеліктер. Презентация 2
8 Әртүрлі жас кезеңдердегі қандағы газдардың мөлшерін сақтаудың ерекшеліктері. Презентация 2
9 Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы Презентация 2
10 Өттің құрамы мен қасиеттері Презентация 2
11 Әр түрлі туа біткен бүйрек ақаулары кезінде байқалатын бүйрек қызметтеріндегі бейімделушілік өзгерістер Презентация 2
12 Жыныстық ажыратылу физиологиясы. Презентация 2
13 Балалардағы тірек-қимыл жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері Презентация 2
  БАРЛЫҒЫ   30 сағат.

 

2.11. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

Негізгі:

1. «Калыпты физиология» : Учебник /Под ред. К.В. Судакова, перевод Ф.А.Миндубаевой + СД-диск - М: ГЕОТАР-Медиа,2015-.- 864 с.:ил.- (Учеб. лит. для студ-тов мед.вузов).

2. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). – Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. – 663 бет.

3. Қалыпты физиология. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы 2007 ж. 64-90 бет.

4. Нұрмағанбетұлы Ә. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік. Алматы: Эверо, 2007.-903бет

5. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

 

Қосымша:

1. Адам физиологиясы. (оқулық). Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. – Алматы. Издательство «Білім», 1995. – 663 бет.

2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

3. Қалыпты физиология: лабораториялық жұмыстары (студенттер үшін)

/ жауапты редакторлары: Сатпаева Х.Қ., Нельдибаева Ж.Б.. Шымкент, 1993. – 254 бет.

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Нормальная физиология: Учебник /Под ред. К.В. Судакова- М: ГЕОТАР-Медиа,2014-.- 880 с.:ил.- (Учеб. лит. для студ-тов мед.вузов).