Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Педагогика институты
Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы
СИЛЛАБУС
Логоритмика
(3 кредит )
5В010500 - « Дефектология »
Курс 2
Дуйсенбаева Р.Д.
2015 -2016 оқу жылы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
Логоритмика
(3 кредит )
Сабақ өткізу уақыты мен орыны | ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны | Оқытушының аты-жөні | Байланыс, тел, email |
Сабақ кестесіне сәйкес Ауд. 303. (дәріс) Дүйсенбі 08.30 - 09.20 09.30-10.20 | Сәрсенбі 13.40-15.30 Жұма 13.40-15-30 | Дуйсенбаева Р.Д. | 87016262629, 87053351228 raikhan-67@inbox.ru |
Ауд. 303. (Практикалық) | Кестеге сәйкес | Ахметова А.Б. | 87782333266 |
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ
«Логоритмика» пәні болашақ дефектологтарды дайындауда жетекші пәндердің бірі. Бұл пән дефектолог мамандарын дайындауда төменгі курс студенттеріне дәріс түрінде оқытылады.
Курс қазіргі заманғы және классикалық педагогикалық теорияларды ғылыми талдау арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың арнайы білім алуы туралы педагогикалық теорияларды түсіндіреді.
Курс негізгі мәліметтермен қатар ғылыми-педагогикалық ойларын басты педагогикалық ережелердің динамикасы арқылы қалыптастырады. Дефектологтарды кәсіптік іс-әрекетке дайындауда фундаментальды курс болып табылады.
Пәннің мақсаты
логопедия ғылымының зерттеу аймақтары, оқыту мен тәрбиенің әдістері мен тәсілдері, арнаулы білім беру мазмұнын реттейтін нормативтік құжаттар, оқытуды формалары мен құралдары, оқытудың технологиялары туралы теориялық білім құрайды.
Пәннің міндеттері
студенттердің кәсіби іс-әрекетінің педагогикалық құрамасын жүзеге асыру үшін педагогикалық аспектіні игеру.
- Білім беру процесінің педагогикалық аспектісіндегі ғылыми білімдерді қалыптастыру;
- Білім беру институттарының педагогикалық іс-әрекетінің сипаты және ерекшелігі жайлы теориялық және практикалық білімдерді студенттердің меңгеруін қамтамасыз ету;
- тұлғамен жүзеге асатын педагогикалық жұмыстың практикалық біліктері мен дағдыларын студенттерде қалыптастыру.
Білуге тиіс:
· логопедия ғылымының адам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орнын, даму кезеңдерін;
· логопедияның объектісін, пәнін, қызметі мен міндеттерін;
· логопедияның негізгі ұғымдарын;
· логопедияның ғылымының теориялық-методологиялық негіздерін, зерттеу әдістерін;
· сөйлеу тілінің жалпы заңдылықтарын, жас ерекшелігі кезеңдеріне бөлуді, әрбір кезеңнің даму ерекшеліктерін;
· біртұтас педагогикалық процестің мәнін, құрылымын;
· ҚР білім беру жүйесін;
· тәрбиенің мақсаты мен мазмұнын;
· логопедтің негізгі заңдылықтары мен принциптерін, құралдары, формалары, әдістері мен тәсілдерін;
· арнаулы мекемедегі логопед жұмысының ерекшеліктерін;
· логопедияның жаңа педагогикалық технологияларын т.б.
Істей білу:
· арнайы әдебиеттерді конспектілеу және талдау;
· сөйлеу тілі бұзылған балаларды оңалту шараларын ұйымдастыру;
· логопедтің сабақтарын өткізу;
· логопедия сабақтарының жоспарын құру;
· ата-аналар жиналысын өткізу;
· әдістемелік кабинеттегі логопед бұрышын жабдықтауды;
· арнайы құралдарымен жұмыс істей білуді.
Дағдысының болуы:
· логопедтің оқу іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелерді шеше білу дағдысы.
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: арнайы педагогика тарихы
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: мектепке дейінгі арнайы педагогика
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары ( анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтиды.
Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша практика сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.
Мәнжазба, эссе, презентация: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.
Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Тестер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.
Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.