6.6.3. Ярыгин В.Н. Биология. М., 2007. с. 138-146.200-207.

6.6.4. Генетика. Под.ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. С. 25-28.

6.6.5. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003. С. 171-177.

6.6.6. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық –генетикалық терминдердің орысша- қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

6.6.8. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. А., 2006. б. 86-92.

6.6.9. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 47, 226-227

6.6.10. Медицинская генетика: учеб.пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р. Мак- Иннес,Хантингтон Ф. Виллард: пер.с англ. А.Ш. Латыпова; под.ред. Н.П.Бочкова. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. С. 28-35.

6.6.13. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2011. 28-35 б.

6.7. Бақылау

6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

6.7.1.1.Тақырып сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

6.7.1.2.Тест бақылау –10 сұрақтан 3 нұсқа.

6.7.1.3. Тақырып бойынша кәсіби терминдерді ағылшын және екінші тілде игеруін тексеру

 

6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

6.7.2.1. Гомологты хромосомалар жұбы мен ондағы орналасқан аллельді емес гендерді мейоз кезеңдеріне сай бөліңіздер.

 

   

А а

 

 

В в

 

 

 

 

 

6.7.2.2. Сперматогенез және оогенездің сызбасын сызып белгілеу қажет:

- кезеңдерін;

- әр сатыдағы жасушалардың аталуын;

- хромосомалар жиынтығын (n– хромосомалар, с – ДНҚ санын).

 

6.7.2.3. Типтік есептер шығару:

1. Егер Мм генотипті аналық ағзадағы М гені мейоз кезінде жұмыртқа жасушасына түссе, м гені қайда түседі?

- Егер Аа генотипті аталық ағзадағы А гені мейоз кезінде сперматозоидқа түссе, а гені қайда түседі?

2. Жануарлардың сома жасушаларына хромосомалардың диплоидты жиынтық тән.

Жасушаның мейоз І профазасындағы және мейоз ІІ метафазасындағы хромосомалар (n) мен ДНҚ молекуласының (с) сандарын анықтаңыздар.

 

3. Дрозофиланың сома жасушаларында8 хромосома бар. Гаметогенез кезінде ядроның интерфаза және мейоза Iтелофаза сатыларындағыхромосомалар (n) мен ДНҚ молекуласының (с) сандарын анықтаңыздар.

 

4. Ірі қара малдың сома жасушаларында 60 хромосома бар. Жыныс бездерінің жасушаларында интерфаза және мейоза I кейінгі жасушалардағы хромосомалар (n) мен ДНҚ молекуласының (с) сандарын анықтаңыздар.

5. Адамның бір сома жасушасындағы 46 хромосомалардағы ДНҚ молекуласының массасы 6х10-9 мг құрады. Сперматозоидтар мен сома жасушаларының бөлінудің алдындағы және бөлінуден кейінгі ДНҚ молекуласының массасын анықтаңыздар.

6. Гаметалардың әртүрлілігін қамтамасыз етудегі мейоздың ерекшелігін көрсетіңіздер.

 

7. Тауықтардың сома жасушаларында 78 хромосома бар. Осы ағзаның жыныс жасушаларында қандай хромосомалар жиынтығы болады?

8. Балықтардың бір түрінің кариотипінде 56 хромосома болады. Сперматогенездің өсу зонасында және гаметалардың пісіп жетілу зонасының бірінші бөлінуінен кейінгі хромосомалар санын анықтаңыздар .

6.7.3. Бақылау сұрақтары:

6.7.3.1. Мейоздық циклдың бұзылу механизмдері және себептері.

6.7.3.2. Мейоздық циклдың бұзылуының медициналық зардаптары.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

На русском языке На казахском языке На английском языке
Интерфаза -стадия жизненного цикла клетки между двумя последовательными митотическими делениями Интерфаза - жасушаның тіршілік циклындағы екі митоздық бөлінудің арасындағы кезең Interphase – the stage of the life cycle of a cell between to sequential mitotic divisions
Интеркинез-период между первым и вторым делениями мейоза. В отличие от интерфазы в интеркинезе не реплицируется ДНК, т.е не удваивается материал хромосом Интеркинез - бірінші және екінші мейоздық бөліну арасындағы кезең. Интерфазадан айырмашылығы ДНК репликацияланбайды яғни хромосом материалы екі еселенбейді Interkinesis – the period between the first and second meiotic divisions. In contrast to interphase, DNA is not replicated in interkinesis, i.e. chromosomal material is not doubled.
Кариокинез- деление клеточного ядра, происходящее во время деления клетки перед началом деления цитоплазмы Кариокинез- жасушаның бөліну кезінде цитоплазманың бөлінуінің алдында жүретін жасуша ядросының бөлінуі Karyokinesis – division of the cellular nucleus which occurs during cell division before division of the cytoplasm.
Цитокинез - разделение в телофазе митоза или мейоза тела материнской клетки на две дочерние. Цитокинез-митоз немесе мейоз телофазасында бастапқы жасуша денесінің екіге бөлінуі Cytokinesis – division of a cell into two daughter cells during telophase of mitosis or meiosis.
Мейоз – способ деления половых клеток, приводящих к появлению зрелых гаплоидных гамет Мейоз – жетілген гаплоидты гаметалардың түзілуіне әкелетін, жыныс жасушаларының бөліну тәсілі Meiosis – type of division of sex cells resulting in formation mature haploid gametes  
Мейоз І (от др.-греч. μείωσις — уменьшение) или редукцио́нное деле́ние клетки — деление ядра эукариотической клетки с уменьшением числа хромосом в два раза Мейоз І (гр. сөзінен μείωσις — азаю) немесе редукциялық бөліну - эукариот жасушаларының ядросының хромосомаларының екі есе азайып бөлінуі Meiosis I (from Greek μείωσις for reduction) – reduction division of cell – division of the nucleus with two times reduction of the number of chromosomes.
Мейоз ІІ (от лат. aequatio — уравнивание) или эквационное деление - второе деление мейоза, когда происходит расхождение хроматид (как в митозе). Мейоз ІІ (лат. сөзі aequatio — теңесу) немесе экваци ялық бөліну- -хроматидтердің ажырауы жүретін (митоздағыдай )мейоздың екінші бөлінуі Meiosis II (from Latin aequatio – equation) second meiotic division when separation of chromatids (like in mitosis) occurs.
Гаплоидия – уменьшение числа хромосом вдвое Гаплоидия – хромосомалар санының екі есе азаюы Haploidy – reducing by half of number of chromosomes  
Гаметогенез – процесс образования и развития половых клеток Гаметогенез – жыныс жасушаларының дамуы мен пайда болу үрдісі Gametogenesis – process of formation and development of sex cells
Гамета – зрелая специализированная клетка, обеспечивающая половое размножение организмов Гамета – ағзалардың жынысты көбеюін қамтамасыз ететін жетілген арнайы жасушалар   Gamete – mature, specialized cell taking part in sexual reproduction of organisms  
Оогенез – процесс образования зрелых женских половых клеток (яйцеклеток) Оогенез – аналық жыныс жасушаларының (жұмыртқаның) түзілу үрдісі О ogenesis – process of forming mature female sex cells (eggs)  
Сперматогенез – процесс образования зрелых мужских половых клеток (сперматозоидов) Сперматогенез – аталық жыныс жасушаларының (сперматозоидтың) түзілу үрдісі   Spermatogenesis – process of forming mature male sex cells (spermatozoa)  
Рекомбинация генов – возникновение новых комбинаций родиельских генов в результате кроссинговера хромосом в мейозе I Гендер рекомбинациясы – І-ші мейозда хромосомалардың айқасуының нәтижесінде ата- ана гендерінде жаңа үйлесімдердің пайда болуы Recombination of genes – origin of new combination of parent genes resulting from crossingover of chromosomes during meiosis I

Тәжірибелік сабақ №11

6.1. Тақырыбы: Тұқымқуалаушылық, өзгергіштік. Генетиканың негізгі терминдері және ұғымдары. Белгілердің тұқым қуалауының заңдылықтары. Моногенді тұқым қуалау, моногенді белгілердің тұқым қуалау типтері.

6 .2. Мақсаты: Студенттерде гендер бақылауынан қалыптасатын тұқымқуалаушылықтың мәні мен белгілердің (аурулардың) тұқым қуалауы туралы білім және түсінікті, дәрігерлер практикасында тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін пайдалану дағдысын қалыптастыру.

6 .3. Оқытудың міндеттері:

- адам тіршілігінің негізі тұқымқуалаушылық екендігін және тұқымқуалайтын аурулардың пайда болуындағы оның маңызын анықтау

- студенттерді генетиканың негізгі терминдері мен ұғымдарымен таныстыру және олардың практикалық медицинадағы маңызын түсіндіру

- студенттерді белгіердің (аурулардың) негізгі тұқым қуалау типтерімен таныстыру

- алған білімдері негізінде аурулардың тұқымқуалайтын сипатын және олардың тұқым қуалау типін анықтауды үйрету.

- электрондық базадағы адамның мендельденетін белгілері бойынша Мак-Кьюссик (ОМIМ) және т.б. мәліметтермен таныстыру.

 

6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: