1 сурет. Жыныс клеткалар. А- жұмыртқа жасушасы (1-сарыуыз. 2- ядро. 3- қабықша. 4 - фолликулярлы жасушалар) . Б - сперматозоид.
Сперматозоидтар - өте ұсақ қозғалмалы жасушалар. Мұның қызметі ұрықтану кезінде өзіндегі хромосомалардың гаплоидты жиынтығын жұмыртқа жасушаларына енгізу. Осы қызметіне сай сперматозоидтарде бас, мойын және құйрық бөлімдерін ажыратады (1сурет,Б). Бас бөлімінде ядро және акросома орналасқан. Акросомада сперматозоид ядросының жұмыртқа жасушаларына өтуін қамтамасыз ететін ферменттер болады. Центриольден басталған талшық құйрығына дейін созылып, қозғалуын қамтамасыз етеді. Митохондриялардағы энергия оның қозғалуына жұмсалады. Электрондық микроскоп арқылы зерттегенде сперматозоидтың басындағы протоплазманың коллоидты емес, сұйық кристал күйінде болатыны анықталды. Сондықтан сперматозоид сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді. Мысалы, иондаушы радиацияның зақымдаушы әсері жетілмеген жыныс жасушалармен салыстарғанда спермазоидтарға әсері төмен болады.
Жұмырқа жасушасына енген сперматозоид аталық пронуклеуске айналады да онда ДНҚ саны еселенеді, хромосомалар жиынтығы - n2c. Сонымен қатар жұмырқаға енген сперматозоидтың ядросы жұмыртқа жасушасында екінші мейоздық бөлінуді қоздырады және біртіндеп аналық пронуклеуске айналады, тұқым қуалау материалының мөлшері де n2c болады. Болашақ зиготаның ішіндегі екі пронуклеус жақындасып бірігеді де синкарион түзеді. Олардың хромосомаларымен ДНҚ бірігуінен зиготадағы тұқым қуалау материалы 2n4c тең болады.
Синкарион ( от греч. syn — бірге және karyon — ядро) – зигота ядросының бір қабықтың астында болуы.
Ұрықтану деп екі гаметаның кездейсоқ қосылуы, нәтижесінде зиготаның түзілуімен аяқталатын процесті айтады. Жұмыртқа жасушасының қорғаныштық қызметін атқаратын қабаты бар. Бұл қабатта микропиле болады. Микропиле арқылы сперматозоид жұмыртқаға енеді. Ұрықтанған соң жұмыртқа қабаты тығыздалып, басқа сперматозоидтерің енуіне кедергі жасайды. Сонымен, қалыпты жағдайда аналық гамета тек бір сперматозоидпен ұрықтанады.Соның арқасынды ата-аналардың белгілері бірдей дәрежеде тұқым қуалайды және хромосомалардың саны тұрақты сақталады. Ұрықтану нәтижесінде жұмыртқа жасушасы активтелінеді, яғни әрі қарай дамуға кіріседі және синкарион түзіледі, бұл пронуклеустердің қосылуының нәтижесінде диплоидты ядросы бар зигота түзілуі процесі.
Партеногенез –ағзалардың ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан дамып жетілуі. Түзілген жаңа особь өзінің дамып жетілуі үшін жұмыртқа жасушасындағы генетикалық материал мен қорек заттарын пайдаланады (гиногенез). Мұндай құбылыстар жалпақ құрттарда, төменгі сатыдағы шаян тәрізділерде бірқатар жәндіктерде және кесірткелерде байқалады. Мысалы, аналық ара ұрықтанған және ұрықтанбаған екі жұмыртқа салуы мүмкін, бұл кезде ұрықтанған жұмыртқадан аналық, ал ұрықтанбағаннан аталық даралар дамып жетіледі. Кейде жаңа ұрпақтардың дамып жетілуі тек сперматозоидтің ядролық материялына байланысты жүреді. Бұл андрогенез құбылысы.
6.5. Оқытудың әдістері: сабақтың мақсаты мен міндетіне сай студенттердің түсінігін қалыптастыруға бағыттай отырып ауызша сұрау, нақты, логикалық тұрғыда мазмұндау және игерген материалды сызба, кесте, сурет, тест түрінде сипаттай алу, топпен жұмыс жасай білу; тапсырмаларды орындап, түсіндіру, сызбаларды толтыру; тақырып бойынша бейнефильмдер көру
6.6. Әдебиеттер:
Негізгі:
6.6.1. Медициналық биология және генетика. Оқу құралы ред. проф. Куандыкова Е.У. Алматы, 2004. С.69-80.
6.6.2. Куандыков Е.У. Жалпы және медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2009. С. 72-81.