Жыныс жасушаларының құрылысы. Ұрықтану.
Гаметалар жоғары дифференцияланған жасушалар болып табылады. Олар тұқым қуалау ақпараттын әр ұрпақ дараларының арасында берілуді қамтамасыз етеді. Бұл жасушалар жұмыртқаның вегетативті полюсіндегі цитоплазмасында ерекше РНҚ-ға бай ұрықтық плазмасының бластомерлерінен дамиды деген болжам бар.
Сомалық жасушаларымен салыстырғанда гаметалардың бірқатар ерекшеліктері бар. Ең негізгі ерекшелігі - ядроларында гаплоидты хромосомалар жиынтығы болады. Ұрықтану кезінде гаметалардың қосылуына байланысты түзілген зиготада сол организмнің түріне тән хромосомалардың диплоидты жиынтығы қалпына келеді. Гаметалар басқа жасушалардан құрамындағы ядро-цитоплазмалық арақатынастың ерекше болуымен ерекшеленеді.
Жұмырқа жасушасының сомалық жасушаларға қарағанда ірі, қозғалу қабілеті жоқ, көбінде пішіні шар тәрізді (диаметр 130-160 мкм) жасушалар.
Бұл жасушаларда да кезкелген жасушаға тән органоидтардың бәрі бар және көп мөлшерде қорға қоректік заттар жинақталатындықтанда аталық сперматозоидтарға қарағанда жұмыртқа жасушасы әлдеқайда үлкен болады.
Жұмыртқа жасушасында, ядро мен цитоплазманың көлемінің ара қатнасын салыстыратын болса, ядроның көлемі төмен, цитоплазма көлемінің көп болуы ұрық дамуына қажет қоректік материалдың (сарыуыз) мол жинақталуына байланысты. Сонымен қатар жұмыртқа жасушасында ұрықтанудан кейін ақуыздардың белсенді синтезін қамтамасыз ететін рибосомалар, ферменттер, т-РНҚ, м-РНҚ көп болады. Одан басқа да цитоплазманың шетіне қарай орналасқан Гольджи комплексінің өнімі кортикальды түйіршіктер (granulacorticalia), полиспермияға кедергі болатын кортикальдық реакцияға қатысады.
Жұмыртқа жасушасының ерекше қабықшалары бар:
Жұмыртқа жасушасы плазмалық мембранамен қоршалған, сыртқы қабаты мукополисахаридтен тұратын жылтыр қабықпен қапталған. Жылтыр қабық зигота мен ұрықтың эмбриогенезінің имплантациялық кезеңіне дейін сақталады. Бұл жұмыртқаның, зиготаның және бластуланың бөлшектену сатысында жұмыртқа жасушасының ыдырап кетуіне және сонымен қатар бластуланың жатыр түтігіне жабысып қалуынан сақтайды, жатырдан тыс жүктілікке жол бермейді.
Сәулелі тәж (coronaradiata), сыртқы қабаты жұмыртқа безінің фолликулалық жасушасынан түзілген және қоректік және қорғаныштық қызмет атқарады, сонымен қатар жылтыр қабықтың түзілуіне қатысады.
Құстармен жорғалаушылардың жұмыртқа жолынан бөлінетін бездердерден жұмыртқаның қатты қабаты, үшінші қабаты пайда болады.
А Б