Ер адамдардағы мейоз

Сперматогенез үдерісінің 64 күнге дейін созылады. Сперматогониялар барлық даму сатысынан өтіп сперматозиодтарға айналады.

Хромосомалардың диплоидты бірінші реттік сперматоциттер мейоздың І-ші сатысын өткеннен кейін хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар екі екінші реттік сперматоциттер түзіледі. Соңынан мейоз ІІ жүреді нәтижесінде төрт гаплоидты сперматидтер пайда болады. Қалыптасу кезеңінде жетілмеген сперматидтер сперматозоидтарға айналады.

Әйел адамдардағы мейоз

Овогенез ұрықтың дамуының 12 аптасында басталып 20-шы аптасына қарай даму тоқтайды. Бірінші реттік овоциттер профаза І-дің диплотена сатысында овуляция басталғанша тыныштық күйде қалады, бұл кезеңді диктиотена кезеңі деп атайды.

Айына бір ғана овоцит пісіп жетіледі. Гормондар әсерінен бірінші реттік овоцитке цитоплазмалық материалдар жинақталып, ісінеді. Мейоз І соңында екі жаңа жасушалар түзіліп біреуі овоциттердің екінші қатарына ал екінші ядро бірінші реттік бағыттаушы денеге айналады, уақыт өте дегенерацияланады. Екінші реттік ововцит жатырға немесе фаллопиев түтігіне түседі.

Сперматозоидтар енгенге дейін еінші реттік овоциттер мейоз ІІ метафазасында тоқтап қалады. Бұл үдерістерден кейін бөліну аяқталады және жұмыртқа жасушасының гаплоидты пронуклеусы түзіліп сперматозоидтың пронуклеусымен қосылады, сонымен қатар екінші реттік бағыттаушы денешік түзіледі, артынан дегенерацияланады. Ұрықтанудың қай уақытта басталуына байланысты бұл үрдістің ұзақтығы 12-50 жылға дейін созылады.

О вогенез дің сперматогенез ден айырмашылығы

Кезеңдері Сперматогенез Овогенез
Көбею сатысы -овоциттерге қарағанда аталық жасушалар көп түзіледі - тұрақты жүреді - спермоциттерге қарағанда аналық жасушалар аз түзіледі - туылғанға дейін аяқталып қояды
Өсу сатысы айқын емес айқын өтеді, қорек заттар жинақталады
Пісіп-жетілу сатысы - цитоплазма теңдей бөлінеді - төрт сперматидтер түзіледі - цитоплазма теңдей бөлінбейді - бір үлкен жасуша, үш бағыттаушы денешік түзіледі
Қалыптасу кезеңі -сперматозоидтың басы, мойны және құйрығы қалыптасады - жоқ
Мейоз - жыныстық жетілу кезеңінен басталып өмір бойы жыныстық қабілетін жойғанға дейін дами береді - жыныстық қабілетін жойғанға дейін сыртқа миллиар сперматозоидтар шығарады - мейоз ұрықтың құрсақта даму кезінен басталады - жұмыртқа жасушасы циклмен түзіледі, әр-бір 21- 35 күн сайын қайталанады - жыныс безінде тек 400—450 жасуша пісіп-жетіледі - бұл үдерістің ұзақтығы 12-50 жылға созылады