3. Жасуша митозының анафазасында қандай хромосомалар полюстерге ажырайды?

4. G2 кезеңінде іске асырылатын гендер активсіз қалды. Бұл митоздың өтуіне кдергі келтіре ме?

5. Егер томат өсімдігінің жапырақ жасушаларындағы хромосомалар саны 22 болса, тамыр жасушаларында хромосома жасушалары қандай болмақ?

6.7.2.6. Микропрепараттармен жұмыс

- пияз тамыршасының жасушаларындағы кариокинез

- аскарида жұмыртқасындағы митоз

- амитоз

Уақытша препарат дайындау: «Пияз тамыршасының жасушасындағы митоз»

Қажетті құрал-жабдықтар: Пияз тамыршасының жасушасынан жасалған препараттар, микроскоп, зат және жабын әйнектер, фильтр қағазы, препараттық инелер (өткір), пипеткалар, ацетоорсеин бояуы (кармин немесе лакмоид), 45% уксус қышқылы және и этил спирт.

Уақытша препарат дайындау әдісі:

Лабораториалық зерттеу жұмысын жүргізу үшін екі апта бұрын пияздың түбіртегі суға тиіп тұратындай салып қою қажет. Тамыр 2-3 см-ге дейін өскеннен кейін суды ауыстырып жарты сағатқа салып бекітеді (фиксируют). Соңынан тамырдың ұшын 1см етіп кеседі де 3 бөлігі 96% этил спирті және 1 бөлігі суық уксус қышқылы бар фиксаторда ұстайды. Дайындалған препаратты қақпағы тығыз жабылатын шыны ыдыста ұстау қажет.

Жарты сағаттан кейін тамыршаларды 70% этил спиртмен жуып ( осы концентрацияда ұзаққа сақтауға болады) .
Бояу ретінде уксус қышқылында дайындалған орсеин немесе кармин пайдалануға болады., (уксус қышқылы ұлпаны ісіндіруі, тырнауы мүмкін). Алынған бояу ерітіндісі ацетоорсеин немесе ацетокармин деп аталады.
Мұндай бояу болмай қалғанда тамыршаларды 60° С-та 10 минут гидролиздейді содан кейін 5-10 митнутқа 5-6 рет ертілген сұйытылған көк сияға салады да артынан зат әйнекке салып жабын әйнекпен жауып мыжиды. Дайындалған препаратты микроскоп астында қарап митоз фазаларын анықтайды.

Митоздың профаза, метафаза, анафаза, телофазаны сатыларын тауып санау.

Пияз тамыршасының микропрепаратынан митоздық индексті анықтау. Микроскоптың үлкен ұлғайтқышы арқылы митоз санын (100 жасушаға) % шағып формула бойынша есептеу:

 

 

Зерттеу әдісі: әр препаратан бірнеше көру аймағын карау, әр көру аймағында 100 жасушаға есептей отырып жалпы жасуша мен митоз санын санау қажет. Митоз санын % есептеу. Көрсеткіштерді кестедегі сәйкес ұяшықтарыға жазу және митоз фазаларының суреттерін салу.

Көру аймағындағы жасушалар

Интерфаза сатысындағы жасушалар саны

 

Барлығы

Митоз сатысындағы жасушалар

соның ішінде

профазада   метафазада анафазада телофазада
             

 

6.7.3. Бақылау сұрақтары:

6.7.3.1. Митоздық циклдың бұзылу механизмдері және себептері.

6.7.3.2. Митоздық циклдың бұзылуының медициналық зардаптары.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

На русском языке На казахском языке На английском языке
Клеточный (жизненый) цикл – это период существования клетки от момента появления путем деления материнской клетки, до ее повторного деления или гибели Жасушалық (тіршілік) цикл – жасушаның пайда болуынан бастап оның қайта бөлінуі немесе өлімімен аяқталатын кезеңі
Митотический цикл - период подготовки клетки к митозу и собственное деление клетки Митоздық цикл – жасушаның митозға дайындық кезеңі мен жасушаның өзінің бөлінуі
Интерфаза -стадия жизненного цикла клетки между двумя последовательнымимитотическими делениями Интерфаза - жасушаның тіршілік циклындағы екі митоздық бөлінудің арасындағы кезең Interphase – the stage of the life cycle of a cell between to sequential mitotic divisions
Кариокинез- деление клеточного ядра, происходящее во время деления клетки перед началом деления цитоплазмы Кариокинез- жасушаның бөліну кезінде цитоплазманың бөлінуінің алдында жүретін жасуша ядросының бөлінуі Karyokinesis – division of the cellular nucleus which occurs during cell division before division of the cytoplasm.
Цитокинез - разделение в телофазе митоза или мейоза тела материнской клетки на две дочерние Цитокинез - митоз немесе мейоз телофазасында бастапқы жасуша денесінің екіге бөлінуі Cytokinesis – division of a cell into two daughter cells during telophase of mitosis or meiosis.
П ресинтетический период ( G 1 )- период интерфазы, во время которого образовавшаяся клетка активно растет, в ней образуются новые цитоплазматические структуры, идет активный синтез разных видов РНК и белков. П ресинте здік кезең ( G 1 )- жаңа түзілген жасушаның белсенді өсуі жүретін, онда цитоплазмалық құрылымдардың,РНҚ түрлері мен ақуыздардың белсенді синтезі жүретін интерфаза кезеңі Pre-synthetic period (G1) – the period of interphase during which a cell actively grows, new cytoplasmic structures are formed, and active synthesis of proteins and various RNAs occurs.
Синтетический период ( S ) период интерфазы, во время которого проходит синтез ДНК. Врезультате репликации молекул ДНК число их в клетке удваивается, и каждая хромосома становится двухроматидной. Синте здік кезең ( S )- ДНҚ синтезделеді. Репликация нәтижесінде жасушада ДНҚ молекуласының саны артады және әрбір хромосома екі хроматидтен тұратын интерфаза кезеңі Synthetic period (S) – the period of interphase during which synthesis of DNA takes place. As a result of replication of DNA each chromosome becomes double-chromatid.
П остсинтетический период ( G 2 ) - период интерфазы, в котором осуществляется подготовка клетки к делению: происходит активный синтез белков и накопление энергии, формируются структуры и вещества,непосредственно участвующие в делении, в том числе компоненты нитей ахроматинового веретена деления– микротрубочки. П остсинте здік кезең ( G 2 )- жасушаның бөлінуге даярлық кезеңі: ақуыздардың белсенді синтезі, энергия қоры жинақталады бөлінуге қажетті құрылымдармен заттар қалыптасуымен қатар бөліну ұршығының компоненті ахроматин жіпшесі –микротүтікшелердің түзілуі жүретін интерфаза кезеңі Post-synthetic period (G2) – the period of interphase during which preparation for division occurs: active synthesis of proteins, accumulation of energy, formation of structures participating in divisions, including threads of mitotic spindle – microtubules.

 

Құрастырушы: аға оқыт. Таракова К.А.

Тәжірибелік сабақ № 9

6.1. Тақырып: Мейоз. Гаметогенез

6.2. Мақсаты: студенттерде жыныс жасушаларының пайда болу ерекшелігі, мейоз ағзаның жынысты көбею мен комбинативтік өзгергіштігінің негізі ретіндегі ролі.

6.3. Оқыту міндеттері:

- мейоз ұрпақ жалғастығын қамтамасыз етудегі маңызын ашу;

- гаметогенездің сатыларын және ретін түсіндіру;

- мейоздың сатылары мен ретін түсіндіру;

- патологиялық жасушалардың пайда болуындағы бөліну үдерісінің бұзылуының рөлін түсіндіру.

6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

6.4.1. Гаметогенез (оогенез, сперматогенез), сатылар сипаттмамасы