6.6.3. Ярыгин В.Н. Биология. М., 2007. с. 55-60.
6.6.4. Генетика. Под.ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. С. 22-25.
6.6.5. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003. С. 168-170.
6.6.6. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. С. 405-409. Рег412-443
6.6.7. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық –генетикалық терминдердің орысша- қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.
Қосымша:
6.6.8. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. А., 2006. 78-85 б.
6.6.9. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С.118.
6.6.10. Медицинская генетика: учеб.пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р. Мак- Иннес,Хантингтон Ф. Виллард: пер.с англ. А.Ш. Латыпова; под.ред. Н.П.Бочкова. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. С. 25-27.
6.6.11. Фаллер Д. М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2006. С. 126-127,139-144. Регул 128-134
6.6.12. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2011. 28-35 б.
6.7. Бақылау
6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:
6.7.1.1.Тақырып сұрақтары бойынша ауызша сұрау.
6.7.1.2.Тест бақылау –10 сұрақтан 3 нұсқа.
6.7.1.3. Тақырып бойынша кәсіби терминдерді ағылшын және екінші тілде игеруін тексеру
6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:
6.7.2.1. Митоздық цикл сызбасын сызу және генетикалық материалдың мөлшерінің өзгерісін түсіндіру.
6.7.2.2. Гомологты хромосомалар жұбы мен ондағы орналасқан аллельді емес гендерді митоз кезеңдеріне сай бөліңіздер.
А а
В в
6.7.2.3. Кесте толтыру: « Жасушаның митотоздық циклы»
Фаз а | Кезеңдері | Жасушада өтетін үдерістер |
Интерфаза | Пресинтездік кезең - G1 | |
ДНҚ Синтездік кезеңі - S | ||
Постсинтездің кезең - G2 | ||
Митоз | Профаза Метафаза Анафаза Телофаза |
6.7.2.4. Есептер шығару
1. Жасанды ортада өсірілген адамның ұлпасының бөлінуі (митоз) барысында екі хромосома түсіп қалған жағдайда әрбір түзілетін жасушалардағы хромосомалар саны мен хроматидтері және ДНҚ саны қандай болады?
2. Егер митоз жолымен бөлініп жатқан аналықшимпанзе жасушасын (2 n = 48 хр.) колхицинмен өңдесе (бұл зат хромосомалардың полюстерге ажырауына кедергі келтіреді, ал хромосомалар редупликациясына әсер етпейді), митоз нәтижесінде түзілетін жасушаларда хромосома саны қанша болады?
3. Диплоидты жиынтығы бар екі ядролы жасуша (2n=16) митозға түссе,жасушаның метафазасында барлығына біркелкі бөліну ұршығы пайда болатын жағдайда жасушадағы тұқым қуалау материалының саны қанша және митоз соңында неше ядро қалыптасады?
4. Ұрықтанудан кейінгі пайда болған зиготаның 46,ХХ алғашқы митоздық бөлінуінен (бөлшектенуі) барысында түзілген 2 бластомерге ажыраған Х –хромосомасының біреуінде Х-хромосомасы хроматидтерге ажырамай жасушаның бір полюсіне кетеді. Ал екінші бластомерлердегі Х-хромосомасының хроматидтері дұрыс ажырайды.Ары қарайғы эмбриогенездегі митоз үдерісі ешқандай өзгеріссіз дұрыс жүреді. Осы зиготадан дамитын дараның хромосомалар жиынтығы және фенотиптік ерекшелігі қандай болады?
5. Митоз нәтижесінде пайда болатын екі жасушаның біреуі жасушалық циклға өтеді, ал екінші жасуша жіктелуіне байланысты көбею мүмкіндігінен айырылады. Осы екі жасушаның ары қарайғыдаму бағыттары қандай болмақ?
6.7.2.5. Сұраққа жауап беріп жауаптарын альбомға жазыңыздар.
1. Хромосомаларды қай сатыда зерттеуге болады және неліктен?
2. Амитоздың басқа бөліну түрінен айырмашылығы және қандай ағзаларға тән?