Әртүрлі ағзалардағы гендердің саны
Таксон
|
Вид
| Число генов по данным авторов | ||
Lewin, 1994 | Miklos,Rubin, 1996 | Другие | ||
Prokaryota | Escherichia coli | 2 350 | 4 100 | 4 909 |
Fungi | Saccharomyces cerevisiae | 5 200 | 5 800 | 6 200, 6 034 |
Infusoria | Cyanidioschyzon merolal Oxytriha similes | 5 000 12 000 | ||
Arthropoda | Drosophila melanogaster | 8 000 | 12 000 | 8 000-20 000 20 000-30 000 12 000 |
Nematoda | Caenorhabditis elegans | 14 000 | ~ 19 099 | |
Mollusca | Loligo peali | >35 00 |
Жасушаның тіршілік етуіне аздаған қызмет атқаратын гендедің құрамы қатысады. олардың арасында "үй шаруасындағы" гендер бар - ГЖЖҚ (гендердің жалпыжасушалық қызметі) және "молшылық" гендер - ГМҚ (гендердің мамандандырылған қызметі). ГЖЖҚ әмбебап жасушалардың яғни барлық жасушалардың қызметін орындаумен қамтамасыз етеді (ақуыздардың гендері, р-РНҚ гендері және т-РНҚ және т.б.)
Гендердің жалпыжасушалық қызметі (оларды конститутивті немесе "үй шаруасындағы" гендер деп атайды) олар үнемі белсенді күйде болады. олардың белсенділігінің төмендеуі (ағзаларда) сыртқы ортаға тәуелді және мүлдем реттелмейді. Бұл гендер ақуыз-ферменттерді кодтайды, жасушаның метаболикалық үрдісі үшін маңызды.
Маңыздылығы, бұл гендер толығымен жасушаның тіршілігі үшін маңызды.
"Молшылық" гендер жасушаның мамандандырылған ерекше қызметтерін бақылайды. Бұл гендер ақуызды бақылайды, сонымен қатар ағзаның физиологиялық жүйесінің қызметімен қамтамасыз етеді - оның қорғаныштық қасиеті, тынысалу үрдісі, зәр шығару, қан айналым жүйесі, асқорыту жүйесі және т.б. Бұл генднр гемоглобин, иммуноглобиннің және т.б. гендердің қызметін бақылайды. "Молшылық" гендердің "үй шаруасындағы" гендерден айырмашылығы ағзаның қатаң бақылауында болады және күрделі аппаратты реттеуге қатысады.
Геннің атқаратын қызметіне байлансыты гендер екі топқа бөлінеді:
1. Структуралық гендер-құрылымдық белоктар немесе ферменттердің синтезін
бақылайтын гендер.
2. Реттеуші гендері-структуралық гендердің белсенділігіне әсер ететін әр түрлі
белоктардың синтезін бақылайтын гендер.
– структуралық гендердің белсенділігін басып тастайтын эпистаздық гендер
Реттеуші гендер өз алдына былай бөлінеді:
2.1 Модулятор гендер – структуралық гендердің белсенділігін жоғарылатып немесе төмендететін гендер
2.2 Супрессор гендер
Модуляторлық гендер структуралық гендердің белсенділігін жоғарылатып немесе төмендете отырып белсенділігін өзгертеді. Осы гендер белгінің даму үрдісінде әр түрлі бағытта немесе басқа да генетикалық тұрғыда әсерін көрсетеді. Мысалы құрылымдық гендердің жиі мутацияға ұшырауында.
Басқа модуляторлық гендер әлбетте қандайда бір гентикалық қызметтерді төмендетеді. Мұндай гендер эволюцияда үлкен маңызы бар. Көптеген құрылымдық гендерге плейотропты әсердің болуы ағзалардың қалыпты дамуы үшін қажет, әсердің төмен болуы даралардың тіршілік қабілетін төмендетеді. Модуляторлық гендер олардың жағымсыз әсерін әлсіретеді.
Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:
1. Летальды гендер, ағзаны өлімге душар ететін гендер
2. Сублетальды гендер – ағзаның көбеюі ұрпақ қалдыру қабілетінің бұзылуына, тіршілік әрекеттерінің төмендеуіне не жойылуына себеп болатын гендер
3. Нейтральды гендер немесе бейтарап гендер ағзаның тіршілік қабілетіне әсері жоқ гендер
ДНҚ-ның құрамында едәуір ұзындықты алып жатқан қайталанып орналасқан нуклеотидтік жүйелер болады. Ол учаскелерде нуклеотидтердің ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған көшірмелері кездеседі. Бұл көшірмелердің қызметі әлі толық анықталмаған.
Кластерлі гендер- бұл әртүрлі гендер тобының қызметіне байланысты, хромосомалардың белгілі бір бөлігінде орналасқан. Құрылымдық гендердің ерекшелігі оперонның құрамына кіреді, оны кластерлі гендер деп атайды, бір (жеке) полицистронды а-РНҚ қалыптасып, жалпы қызметтер орындалу барысында ақуыз өнімдері түзіледі. Бірнеше қатар жақын орналасқан құрылымдық гендерді кластерлі гендер деп сипатталады, осы барлық гендерден а-РНҚ түзіліп жалпы бір қызметтің орындалуын бақылайды.
6.5. Оқыту әдістері: ауызша сұрау барысында студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізуін және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсетуін анықтау; тест қателіктерін топпен талқылау; есептер шығаруды көрсету және түсіндіру,сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау, тақырып бойынша бейнефильмдер көру.
6.6. Әдебиеттер:
Негізгі:
6.6.1. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықов ред. Алматы, 2004. 44-46 б.
6.6.2. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. 12-20 б.
6.6.3. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. М., 2007, т. 1, с. 88, 111-114.
6.6.4. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л.Молекулярная биология. М., 2003. С. 87, 95-97.
Қосымша:
6.6.5. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2003. С.11-14.
6.6.6. Коничев А.С., Севастьянова Г.А. Молекулярная биология. М., 2005. С. 73-114.