Геннің қасиеттері

Дискреттілік — гендердің араласпауы. Мендель зерттеулерінің тағы бір маңызы тұқым қуалайтын факторлардың дискреттілігін дәлелдеуінде, яғни әрбір белгіге жеке тұқым қуалайтын бірлік (ген) сәйкес келетіндігін дәлелдеуі. Мұндай тұқым қуалау типі кейінірек моногенді деп аталды. Белгінің тұқым қуалауының дискреттік сипаты гомологты хромосомаларда орналасқан бір геннің екі аллельдерінің әртүрлі гаметаларға ажырауына байланысты (гаметалардың тазалығы принципі).

Стабильді — құрылымды сақтау қабілеті

Лабильді — бірнеше рет мутацияға ұшырау қабілеті

Көптік аллелизм — популяцияда кездесетін көптеген гендердің әртүрлі формаларының болуы

Аллельді — диплоидты ағзалардың генотипінде геннің тек екі формада болуы

Арнайлығы — әр ген өзінің белгісін кодтайды

Плейотропия — геннің көптік әсері. Гендердің өзара әсері, дәлірек айтқанда олардың белсенділігінің өнімдері - ақуыздар соңғы нәтижесі бір белгі немесе бірнеше фенотиптік белгілердің жарыққа шығуына алып келеді.

Экспрессивтілік — геннің белгі күйінде көріну дәрежесі. Геннің экспрессивтілігі клиникалық медицинада аурудың дамуының ауырлығына сәйкес келеді.

Бір геннің әртүрлі дараларда (соның ішінде туысқандарда да) фенотиптік көрінісі айқыннан өте аз көрініске дейін ауытқуы мүмкін.

Пенетранттылық — геннің фенотиптік көріну жиілігі. Геннің пенетранттылығы сандық түрде осы генді тасмалдаушылардың ішінде жарыққа шыққан даралардың үлесі (%) түрінде бағаланады; ол әртүрлі гендерде О ден (төменгі пенетранттылық) 100% жуық ауытқуы мүмкін(толық пенетранттылық).

Амплификация — геннен геннің көшірмелеріңің санын көбейту.

 

Ген, классификациясы және функциясы

Ген тұқымқулаушылықтың элементарлық бірлігі болып табылады.

Қазіргі таңда ген тұқымқуалаушылықтың функционалдық бірлігі ретінде қарастырылады. Геннің химиялық негізі ДНҚ молекуласынан тұрады.
Генднрдің жіктеудің бірнеше тәсілдері бар, олар онтогенез үрдісі кезінде маңызды ерекше қызметтерге ие.

Гендер тұқымқуалайтын материалдың бірлігі, олар құрылымдық және реттеуші болып бөлінеді.

Құрылымдық гендер рибонуклеин қышқылдары (рибосомалық және траспорттық) және ақуыздың (полипептидтердің) құрылысы туралы ақпараттан тұрады сонымен қатар генетикалық ақпапат траскрипцияның және трансляцияның нәтижесінде жүзеге асады. Адамдарда 25000-30000 ға жуық құрылымдық гендер бар екен белгілі.