РНҚ молекуласының құрылысының сызбасы

ДНК молекуласының құрылысының сызбасы

 



6.7.2.5. есептерді шығару

1. ДНҚ тiзбегiнiң кесiндiсi келесi нуклеотидтерден құралған: АААГАТЦАЦАТАТТТЦТГТТАЦТ. ДНҚ-ның осы бөлiгiнiң транскрипциялану нәтижесiнде пайда болатын РНҚ молекуласының құрылысын көрсетіңіз.

2. Зерттеу бойынша, белгiлi аРНҚ-ның жалпы нуклеотидтерiнiң iшiнде - 34% гуанин, 18% -

урацил, 28% - цитозин және 20% - аденин. Аталаған аРНҚ -ға қалып болған екi тiзбектен тұратын ДНҚ-ның азоттық негiздерiнiң пайыздық құрамын анықтаңыз.

3. ДНҚ молекуласының оң жақ тізбегі келесi нуклеотидтік қатарлардан құралған: А-Г-Т-Ц-Т-А-А-Ц-Т-Г-А-Г-Ц-А-Т. ДНҚ ның екінші тізбегінің нуклеотидтік қатарларын жазыңыз.

Берілді: ДНК А-Г-Т-Ц-Т-А-А-Ц-Т-Г-А-Г-Ц-А-Т

4. Бір ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің ішінде тимин Т -22%. Осы ДНҚ молекуласындағы қалған А,Г,Ц нуклеотидтердің үлесін пайызбен анықтаңыз.

Берілді: Т -22% Анықтаңыз: А, Г, Ц - %.

5. ДНҚ тiзбегiнiң кесiндiсi келесi нуклеотидтерден құралған: А-Г-Ц-Ц-Т-А-Г-Т;

а) қарама-қарсы тізбектің құрамын көрсетіңіз;

б) Осы ДНҚ тізбегіне сәйкес аРНҚ молекуласының нуклеотидтік қатарларын көрсетіңіз.

6. ДНҚ тізбегінің бір фрагментінде мына нуклеотидтік қатарлар орналасқан:

А-А-Г-Т-Ц-Т-А-Ц-Г-Т-А-Т.

а) ДНҚның қос тізбегінің сызбасын салыңыз.

б) ДНҚның қандай қасиеттерін білесіз, түсіндіріңіз.

7. Комплементарлы принципті қолданып, келесі синтезделген РНҚ бойынша: ЦУГЦЦАГЦАУГГ ДНҚ генінің құрамын орнатыңыз.

8. Келесі аРНҚ тізбегі үшін Ц У Г Ц Ц А Г Ц А У Г Г т-РНҚ ның антикодонын анықтаңыз.

9. ДНҚ молекуласында А,Т,Г неше пайызын құрайды, егер Ц 25% құрайтыны белгілі болса?

10. ДНҚ қос тізбегінің арасындағы гендерде сутектік байланыстардың саны қандай? егер 12 нуклеотидтерден тұратыны белгілі болса, оның 5-уі - аденин.

11. ДНҚ ның қос тізбегі сутектік байланыс арқылы сақталады. ДНҚ ның қос тізбегіндегі сутектік байланыс санын анықтаңыз, егер нуклеотидтердің саны А-12, Г-20 екендігі белгілі болса.

12. ДНҚ молекуласының бөлігі 60 жұп нуклеотидтен тұрады. Осы ДНҚ молекуласының ұзындығын анықтаңыз?

Берілді: 60 жұп нуклеотид (нуклеотидтің ұзындығы 0, 34 нм)

Табыңыз: бөліктің ұзындығын

13. ДНҚ ның бір молекуласында жалпы нуклеотид мөлшерінің 16% -ын Т құрайды. Қалған нуклеотидтердің пайыздық мөлшерін анықтаңдар.

14. ДНҚ тізбегінің бір кесіндісі мынадай ретпен орналасқан: А-А-Г-Т-Ц-Т-А-Ц-Г-Т-А-Г-……..
а) қос тізбекті ДНҚ молекуласының құрылысының сызбасын сызыңыз.
б) Түсіндіріңдер, ДНҚ ның қандай қасиетіне сүйендіңдер?
в) ДНҚ ның осы кесіндісінің ұзындығы қандай?
г) ДНҚ ның осы кесіндісінде қанша сутектік байланыс бар?

Кроссворд

                   

 

3
2

         

 

             

4

                 

 

6
5

         

 

           

 

 

 

7

           

 

 

           
 
8

1

 

1) Жасуша қызметінің қарқындылығына байланысты саны өзгеріп тұратын органоид.

2) Азоттық негіз.

3) Жасушалық құрылымды тірі ағза.

4) Гиалоплазмадан, органоидтар мен қосындылардан тұрады.

5) Азоттық негіз.

6) цитоплазмадағы тұқым қуалайтын материалдың орны.

7) нуклеотидтің құрамына кіреді.

8) Барлық тірі ағзалардың жасушаларындағы генетикалық ақпараттың тасымалдаушысы болып

саналады.