6. Екі тізбек бір-біріне антипаралелльді

7. ДНҚ тізбегі бағытымен және де полярлығымен ерекшеленеді: әрбір тізбектің 5/ ұшы мен 3/ ұшы болады. Тізбектің ұзындығы тек қана бір бағытта 5/ -тан 3/- қа дейін ұзарады. Әрқаанда 3/ ұшы ұзарады.

8.Тізбектің азоттық негіздері келесі комплементарлық арқылы бірігеді: А мен Т, Г мен Ц.

Комплементарлық –ДНҚ-ның басты кілттік құрамы.

ДНҚ молкулалары екі түрлі бағытта ширатылған болуы мүмкін: 1) оңға қарай ширатылған- В – пішінді; 2) солға қарай ширатылған – Z – пішінді.

Табиғатта ДНҚ молекулалары көпшілік жағдайда оңға қарай ширатылған күйде кездеседі. Құрамында ГЦ нуклеотидтерінің болуы не болмауына байланысты ДНҚ молекуласының кейбір учаскелері В- пішінінен Z – пішініне немесе кері бағытта ширатылып пішіндерін өзгертуі мүмкін. ДНҚ құрылымының ауытқуының себебі әлі күнге белгісіз.

ДНҚ-ның көп таралған Z-пішінді солға ширатылған және B-пішінді оңға ширатылған моделі. (Prof. Alexander Rich, Massachusetts Institute of Technology.)

ДНҚ-ның басты қызметі – тұқым қуалау ақпаратын сақтау және нуклеотидтер арқылы сақталған ақпаратты ұрпақтан-ұрпаққа беру. Тұқым қуалау ақпаратының жасушадан-жасушаға берілуі ДНҚ молекуласының редупликациясына байланысты. ДНҚ молекуласында жасушаның құрылымы мен өмір сүруге бейімділігі туралы ақпарат жазылған. Бұл ақпарат генетикалық деп аталады. ДНҚ молекуласында амин қышқылдарының тұқым қуалау туралы ақпараты жазылған.

Прокариоттардың ДНҚ-сы қос тізбекті сақиналы, қатты ширатылған молекула, ол цитоплазмада орналасқан. Оны нуклеоид деп атайды. Нуклеоид цитоплазмадан бөлінбеген ядролық мембрана онда ДНҚ-ның бірнеше көшірмесі болуы мүмкін. Прокариоттардың геномындағы генлер тығыздығы эукариоттарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Прокариотты гендер эукариотты гендерден ерекшелігі экзон-интрон секілді мозайкалық құрылым болмайды. Прокариоттарда функциональды байланысқан гендер оперондар деп аталатын құрылымдарды құрайды.

Эукариоттардың ДНҚ-сы біркелкі емес және ол нуклеотидтердің үш класс қайталанатын нуклеотидтер қатарына жатады:

–жиі қайталанатын қатарлар, геномда 1-ға млн дейін кездеседі; мұндай ДНҚ хромосоманың центромерлік бөліктерінің гетерохроматиндерінде орналасады және де ақуыз синтезіне қатысы болмайды бірақ жеке гендердің арасын бөліп тұруы мүмкін.

–аз қайталанатын қатарлар, геномда 100 және 1000 рет кездеседі (мысалы, тРНҚ, рРНҚ және ақуыздар, рибосома мен хроматиннің құрамына кіретіндер және т.б ) «үй шаруашылық гендер» туралы ақпаратты алып жүреді, ақуыздың және РНҚ молекуласымен синтезделуін бақылайды;

–ДНҚ уникальды бөліктері –бұл ДНҚ бөлігі қайталанбайтын нуклеотидтеріне сәйкес, олардың үлесі геномның 15-98%-ын алады (адамда – 56%); және де структуралық гендердің құрамына кіреді, полипептидтің біріншілік құрылымы туралы ақпаратты алып жүреді.

 

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) –ядрошықта, цитоплазмада, рибосомада, митохондрияда және пластидтерде кездеседі.

РНҚ-ның нуклеотиді азотты негіздерден (аденин, гуанин, цитозин және урацил), көміртек - рибоза және фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. РНҚ молекуласы – бір тізбекті.

51---АУУГАУАЦАУУГУГЦ---31

Рибонуклеин қышқылының бірнеше түрі бар. Олар:рибосомалық, тасымалдаушы және ақпараттық РНҚ.

 

Рибосомдық РНҚ (р-РНК) – бұл тұрақты, жасушада барлық РНҚ типтерінің (80% дейін) құрайды. Олар ядрода синтезделеді, бірақ рибосомада табылады.

Рибосоманың құрылымдық бөлiгi, рибосоманың аРНҚ-ны танып байланысуын қамтамасыз етедi.

Ақпараттық РНҚ (а-РНК) жасушада барлық РНҚ ның 1% ден 10% дейін құрайды. а РНҚ ДНҚ молекуласының бөлігіне комплементарлы, белгілі ақуыз синтезі туралы ақпаратты тасымалдайды. Ақпаратты оқу барысында аРНҚ ұзындығы ДНҚ бөлігінің ұзындығына тәуелді. ақпаратты ДНҚ молекуласынан көшiрiп алып цитоплазмаға белок синтезделетiн жерге жеткiзедi

Тасымалдаушы РНҚ (т-РНК) - жасушада барлық РНҚ ның 10% дейін құрайды. Цитоплазмада кездеседі және қысқа тізбекті нуклеотидтерден тұрады.

тРНҚ арнайы амнқышқылдарымен байланысып ақуыз синтезделетін орынға жеткізеді.

т-РНҚ әрбір молекуласы өзара байланысқан 75 нуклеотидтер арқылы ұзын тізбекті құрайды. Нәтижесінде тРНҚ негізгі құрамы "жоңышқаның жапырағы" тәріздес конформациялық құрылым түзеді. содан кейін L-формасына айналады.

Барлық Т-РНҚ молекулаларының 5/ - ұшында гуаниннің қалдығы, ал 3/- ұшында жұптаспаған бір тізбекті ЦЦА жүйесі орналасқан. Мұны аминқышқылына жалғанатын сайт деп атайды.

Төменгі жағында антикодон ілмегі орналасқан, (антикодон) триплеттен тұрады, антикодон аРНҚ кодонына сәйкес спецификалық және комплементарлы болып келеді.

 

5 1
31

Т- РНҚ қызметі

1. т-РНҚ-ның Акцепторлық функциясы- аминоацил-т-РНК-синтетаза ферменті арқылы іске асырылатын, аминқышқылдарының т-РНҚ-мен байланысуын қамтамасыз ететін процесс. Әр аминқышқылының өзінің ферменті болады, кез-келген геномның өзі кодталатын кодоны синтезделеді. Осы топқа жататын барлық ферменттер аминоацил мен тРНК арасындағы катализ реакциясының бір сипатта жүруін бақылайды.

2. Адаптерлік функциясы. Т-РНК-ның адаптерлік функциясының мағынасы оның м-РНК-ға ақпараттарды көшіруде басты рөл атқаратынында болып табылады. нуклеотидті қатарлардың аРНҚ тілінен ақуызға жазылуы (аминқышқылдарының ақуызға айналуы).

Кіші ядролық РНҚ. интрондардың қырқылу барысында кяРНҚ дан аРНҚ түзіліп ядрода РНҚ-ақуыздармен комплекс түзіледі, оны сплайсома дейді. Әр сплайсомада ядро бар, үш кіші (кішімолекулалық) ядролық рибонуклео-протеиндерден немесе снурптан тұрады. Әр снурп кем дегенде бір кіші ядролық РНҚ және бірнеше ақуыздардан тұрады. Жүздеген әртүрлі кіші ядролық РНҚ кездеседі, РНҚ-полимераза ІІ негізінде транскрипцияланады. Негізгі қызметі РНҚ-РНҚ типтері бойынша арнайы рибонуклеин қатарлар арқылы біріктірілген негіздерді таниды.

Сигналды танитын РНҚ. Ақуыздар таратқан сигналды өз ретімен қабылдап отырады, және өз кезегінде олардың цитоплазмалық мембрана арқылы таралуын қамтамасыз етеді.

РНҚ –ның өмір сүруге қабілеттілігі:

- ДНҚ молекуласының репликация процесінің басталуына жол ашады.

- транскрипция процесінде матрица рөлін атқарады.

- т-РНҚ аминқышқылдары үшін адаптор; (трансляция)

- РНҚ-ның үш түрі – м-РНК, т-РНК және р-РНК ақуыз синтезіне қатысады;

Тұқым қуалау аппаратының қызметін атқару негіздерін білу қазіргі дәрігерге онтогенездің, қартаюдың механизмдерін және әр түрлі аурулардың патогенезінің түсінуіне қажетті Жалпы медицинаның болашақ прогрессi әртүрлі аурулардың пайда болуы мен даму механизмдерін зерттеумен, көптеген ауруларды молекулалық-генетикалық деңгейде емдеу және алдын алу әдістерін жетілдірумен байланысты.

6.5. Оқыту әдістері: ауызша сұрау барысында студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізуін және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсетуін анықтау; тест қателіктерін топпен талқылау; есептер шығаруды көрсету және түсіндіру,сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау, тақырып бойынша бейнефильмдер көру.

6.6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.6.1. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықов ред. Алматы, 2004. 30-33 б.

6.6.2. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. 4-11 б.

6.6.3. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. М., 2001, т. 1, с. 67-68, 92.

6.6.4. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л.Молекулярная биология. М., 2003. С. 2-3, 6-8, 19-24, 87-

91, 117-125.

6.6.5. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М., Академкнига, 2006. С. 47-49, 56-65.

6.6.6. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 9-

30, 107-108, 127-129, 146.

Қосымша:

6.6.7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2003. С.11-14.

6.6.8. Коничев А.С., Севастьянова Г.А. Молекулярная биология. М., 2005. С. 73-114.

6.6.9. Бочков Н.П. Клиническая генетика. М.: Гэотар-Мед, 2006. С. 27-32.

6.6.10. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, РодерикР, Мак-Иннес,

Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова.-

М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. С. 19-20.

6.6.11. Льюин Б. Гены М,. 2012. С. 12-13.

6.7. Бақылау:

6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

6.7.1.1. Тақырып сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

6.7.1.2. Тест бақылау – 3 нұсқа 10 сұрақтан.

6.7.1.3. Тақырып бойынша кәсіби терминдерді ағылшын және екінші тілде игеруін тексеру

6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

6.7.2.1. Нуклеотид құрылысының сызбасын сызу және түсіндіру.

 

6.7.2.2. ДНҚ молекуласының моделін жинау

 

6.7.2.3. Кесте толтыру:

ДНҚ және РНҚ-ның салыстырмалы сипаттамасы

 

Белгілері ДНҚ РНҚ
Макромолекуланың құрылысы    
Мономерлері    
Нуклеотидтің құрамы    
Қасиеттері    
Жасушадағы орны    
Қызметі    

 

6.7.2.4. РНҚ мен ДНҚ молекулаларының сызбасының бөліктеріндегі нуклеотидтерді құрайтын қосылыстардың алғашқы әріптерін қойыңыз:

А-аденин, Г-гуанин, Ц-цитозин, Т-тимин, У-урацил, Ф-фосфат, Р-рибоза, Д-дезоксирибоза. Сызбада белгілеңіз: нуклеотидті, триплетті, фосфо-диэфирлік және сутектік байланыстарды.