6.7.3.1. Жасушадағы генетикалық материалдың тығыздалу деңгейлері.
6.7.3.2. Нуклеосомдар құрылысы.
6.7.3.3. Гистонды ақуыздармен бақыланатын генетикалық материалдың тығыздалу деңгейлері.
6.7.3.4. Гистонды емес ақуыздармен бақыланатын генетикалық материалдың тығыздалу деңгейлері.
6.7.3.5. Эухроматиннің гетерохроматиннен айырмашылығы неде?
Үш тілдегі түсіндірме сөздер:
Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде |
Хромосомалар –ядро және цитоплазмада (митохондрияда) орналасқан, генетикалық ақпаратты тасмалдаушы жасушаішілік құрылымдар; | Хромосомы – внутриклеточные структуры, локализующиеся в ядре и цитоплазме (митохондриях), носители генетической информации; | Chromosomes - intracellular structures localized in the nucleus and cytoplasm (mitochondria), carriers of genetic information; |
Хроматин – негізгі компоненттері ДНҚ және ақуыздар болатын хромосоманың заты | Х роматин – вещество хромосом, основными компонентами которого являются ДНК и белки | С hromatin – material of chromosomes, consisting mainly from DNA and proteins |
Гистонды ақуыздар –екі негізгі қызмет атқаратын ядролық ақуыздар: ядродағы ДНҚ жіпшесінің ширатылуына және ядролық үрдістер эпигенетикалық реттелулерге: репликация,транскрипция және репарацияға қатысады. Гистонды ақуыздардың бес түрі болады: H1/Н5, H2A, H2B, H3, H4. | Гистоны — обширный класс ядерных белков, выполняющих две основные функции: они участвуют в упаковке нитей ДНК в ядре и в эпигенетической регуляции таких ядерных процессов, как транскрипция, репликация и репарация. Существует пять различных типов гистоновH1/Н5, H2A, H2B, H3, H4. | Histone proteins – a big class of nuclear proteins having two main functions: they participate in packaging of DNA chains in the nucleus and epigenetic regulation of nuclear processes, such as transcription, replication and repair. Five types of histones exist H1/Н5, H2A, H2B, H3, H4. |
Гистонды емес ақуыздар-эукариоттарда болатын ядролық қышқыл ақуыздар тобы. | Негистоновые белки одна из большой группы кислых ядерных белков эукариот. | Non-histone proteins – one of many big groups of acidic nuclear proteins of eukaryotes |
Нуклеосомалар –глобула құрамына 4 жұп гистонды ақуыздар: Н2А, Н2В, Н3, Н4 және ДНҚ жіпшесікіреді, глобулалар өзара Н1гистон арқылы жалғасатын, глобула түріндегі, генетикалық материалдың тығыздалуы (компактизация); | Нуклеосома – Уровень компактизации генетического материала, представленный глобулой, и нитью ДНК, в состав глобул входят 4 пары гистоновых белков: Н2А, Н2В, Н3, Н4, глобулы соединяются между собой гистоном Н1 | Nucleosom e –compacted level of genetic material represented by globules and DNA, globules include 4 pairs of histonetonic proteins: H2A, H2B, H3, H4 connected by histone H1 |
Линкер- нуклеосомалар арасындағы, ДНҚ бөлігі. | Линкер- участок ДНК, между нуклеосомами. | Linker – region of DNA between nucleosomes. |
Эухроматин – ақшыл түске боялатын, гендерден тұратын, хромосома аймақтары; | Эухроматин – светло окрашивающаяся, содержащая гены, часть хромосомы | E uchromatin – lightcolor part of chromosome, containing genes; |
Гетерохроматин-күңгірт түске боялатын, гендері жоқ, көп қайталанатын қатарлардан тұратын, хромосоманың ұштары және центромера маңында орналасқан, хромосома аймақтары; | Гетерохроматин –темно окрашивающаяся, не содержащая гены, часть хромосомы, состоит из повторяющихся последовательностей, локализуется в центромерной и концевых участках хромосом | H etero c hromatin –dark color part of chromosome, consites from repetitive sequences, localized in centromere and end parts ofchromosome |
Конститутив тік гетерохроматин -хромосомалардың центромералар және теломер маңында орналасқан. | Конститутивный гетерохроматин-локализован в перицентромерных и теломерных участках хромосом. | Constitutive heterochromatin – localized in pericentromeric and telomeric regions of chromosomes. |
Факультативтік гетерохроматин- адамның екі жыныс Х- хромосомасының біреуі тығыздалып, интерфаза сатысында ядро мембранасының маңында Барр денешігі түрінде табылған. | Факультативный гетерохроматин-одна из двух Х- хромосом человека, плотно упакованная, находится при ядерной мембране в виде телец Барра на стадии интерфазы. | Facultative heterochromatin – one of two X chromosomes of human, tightly packed and located near nuclear membrane as Barr bodies seen at the interphase stage. |
Политения - хромосомалардың жіңішке құрылымындағы хромонемалардың екі еселеніп, сандарының 1000-2000 дейін көбеюін айтады, бірақ хромосомалар санының артуы жүрмейді. | Политенией называется воспроизведение в хромосомах тонких структур - хромонем, количество которых может увеличиваться многократно, достигая 1000 и более, но увеличения числа хромосом при этом не происходит. | Polytene chromosomes is called the play in thin structures - chromonemata, the number of which can be increased many times, reaching more than 1000, but the increase in the number of chromosomes is not happening. |
Құрастырушы: оқытушы Г.Т.Танеева
5 - тәжірибелік сабақ
6.1. Тақырыбы:Адам ариотипі. Хромосомалардың Денверлік және Париждік номенклатурасы. Медициналық маңызы
6.2. Мақсаты: Студенттерде хромосомалық ауруларды диагностикалаудағы кариотиптің және хромосомаларды классификациялаудың маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
6.3. Оқытудың міндеттері:
- хромосомалардың құрлысы және жіктелуін оқыту;
- студенттерде хромосомалық ауруларды диагностикалаудағы кариотиптің мәні және
оның маңызы түсінігін қалыптастыру.
6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
*6.4.1. Хромосома. хромосома құрлысы.
Chromosomes and their structure.