Әдісте болуы мүмкін қателіктер
1. Ұзақ фиксациялау эпители ядросының сусыздануына және бұзылуына (қыртыстануы) алып келуі мүмкін. Ядро мембранасы біртегіс болмай, жыныс хроматинін талдау қиындай түсуі мүмкін.
2. Жаңа дайындалған ацеторсеинмен жағындыны 20-60 минут ішінде (ертіндінің дайындалған мерзіміне байланысты) боялады. Мерзімі өтіп немесе мерзіміне жетпей дайындалған бояулар жыныс хроматинімен жасушаның жартысын ғана бояй алады, жасуша толық боялмайды, сондықтан қателік кетпес үшін тек боялған жасушаларды ғана санау керек.
Бір сағат немесе одан көп уақыттан кейін жағындыны мерзімінде дайындалған бояумен бояу, ядрода хроматиндердің шектен тыс жинақталуына алып келуі мүмкін, нәтижиесінде ядродан жыныс хроматинін байқау қиын болады.
Күшті сірке қышқылында жиырылған жағындыны жууға болады.
6.7.2.2. Тапсырма. Төмендегі кариотипті адамдардың көпшілік интерфазалық жасушаларынан қанша жыныс хроматинін анықтауға болады:
1) 46,XX;
2) 46,XY;
3) 47,XXY;
4) 48,XXXY;
5) 45,X0;
6) 47,XXX;
7) 48,XXXX;
8) 49,XXXXX.
6.7.2.3. Задание. Мына төмендегі адамдардың кариотипіне талдау жазаңыздар:
- фенотип әйел, 50% -дан жоғары, сома жасушаларында бір жыныс хроматин денешігі бар;
- фенотип әйел, 5% төмен, жасушада бір хроматин денешігі бар;
- фенотип әйел, 50% жоғары, сома жасушаларында екі хроматин денешігі бар;
- фенотип ер адам, 5% төмен, жасушада бір хроматин денешігі бар;
- фенотип ер адам, 50% -дан жоғары, сома жасушаларында бір жыныс хроматин
денешігі бар;
- фенотип ер адам, 50% жоғары, сома жасушаларында екі хроматин денешігі бар;
6.7.2.4. Тапсырма. Дрозофиланың немесе Сhironomus тусына жататын маса дернәсілдерінің сілекей безінен, микроскоппен өте үлкейту арқылы, алып хромосомаларды көру және суретін салу. Хромосомалардың ажырамай редупликациялануынан пайда болған, бір-бірімен тығыз орналасқан политения құбылысын анықтау. Хромосома жіпшелерінің саны 1000-2000 дейін жетуі мүмкін. Бояғанда көлденең сызықтар түрінде көрінетін тығыз дискілерге назар аудару.
Препарат суретін салу және белгілеу:
1. Хромосомаларды.
2. Хромомерлерді.
3. Дисктерді (хромосоманың спиралданған, күңгірт сызықты бөліктерін), хромосоманың гетерохроматинді бөліктерін.
4. Пуффтарды (деспиралданған бөліктер), политенді хромосомалардың ісінуі, хромосоманың эухроматинді бөліктерін.
6.7.2.5. Тапсырма. Политендiк хромосомалардың микросуретiн зерттеу.Маса личинкасының сiлекей безiндегi политендi алып хромосомалардың құрылысындағы ерекшелiктердi микросуреттен қарау, х 90. Хромосомалардың спиральданған және деспиральданған бөлiктерiн табу.Жасушаның тiршiлiк барысының әр кезеңiнде пуффтардың орындары ауысып отырады, ол хромосоманың бойында орналасқан гендердiң таңдамалы қызмет атқаратынын көрсетедi.
Хромосомалардың осы белгiлерiн, микропрепаратқа қарап салған альбомдағы суретпен салыстыру.
6.7.2.6. Жасушаның генетикалық материалының ұйымдасуының әртүрлі деңгейлерінің механизмдерінің сызбасын сызу және түсіндіру
6.7.2.7.«Эу- и гетерохроматиннің айырмашылықтары»кестесін толтыру:
Хроматин | Айырмашылықтары |
Эухроматин | |
Гетерохроматин |
6.7.3. Бақылау сұрақтары: