6.6.2. Биология. Под ред. В.Н.Ярыгина в двух книгах. М., 2001, т. 1, б. 117-149.

6.6.3. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М., 2006, б. 68-77.

6.6.4. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., 2003.б. 163-168.

6.6.5. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. А., 2002, б.44-55.

6.6.6. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е., Молекулалық биология негіздері. А., 2008, б.

100-110.

6.6.7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А., 2006,б.17-24.

6.6.8. Медициналық биология және генетика. Оқу құралы проф. Қуандықов Е.Ө.ред. А.,

2004, б. 20-29.

6.6.9. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003, б.5-65.

Қосымша:

6.6.7. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика.Новосибирск, 2006, б. 237-351.

6.6.8.Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық –генетикалық терминдердің

орысша-қазақша сөздігі А., 2012, б. 3-111

6.6.9. Наследственные болезни: национальное руководство/под.ред.акад. РАМН Н.П. Бочкова.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.б.33-69.

6.7. Бақылау

6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

6.7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

6.7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.

6.7.1.3. Тақырып бойынша кәсіби терминдерді ағылшын және екінші тілде игеруін тексеру

6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

6.7.2.1. Тапсырма. Жыныс хроматинін анықтау

Жыныс хроматинін анықтаудың қарапайым әдісі бұл ауыздың ішкі қуысынан қалақша арқылы алынған ұрттың кілегейлі қабат қырындысын ацеторсеимен бояу.

Алынған қырынды материалын зат әйнегінің бетіне 2-3 минутқа қойып, бояуды қосады. Препаратты зат әйнегімен жауып, оны кішкене үстінен басады, артық бояуды сүзгі қағазбен алып тастайды.

Боялған препаратты иммерсионды объективпен, жарық микраскопы арқылы зерттейді. Жыныс хроматині жасуша ядро қабықшасының жиегінде түрлі пішіндегі, көбіне сопақша немесе үшбұрышты тығыз денешік түрінде анықталады.

Бұл әдіс Барр денешігін анықтауға мүмкіндік береді. Барр денешігі қалыпты әйел жасушаларында 5-60%, ер адам жасушаларында 2-5% анықталады.

Жұмыс жасау әдісі

- ауыздың ішкі қуысынан ұрттың кілегейлі қабатынан қырынды алудың алдында, ауыз қуысын жылы сумен мұқият шайыу керек;

- Ұрттың кілегейлі қабатының ортаңғы бөлігінен жасушаны ағаш немесе метал шпательдің ұшымен қырындыны тереңірек алады (ауыздың оң және сол жақ бөліктерінен)

Препаратты фиксациялау, бояуға дайындау

Алынған қырындыны метил немесе этил спирті тамызылған шыны әйнекке кеуіп кетпей тұрып, 15-20 минут ішінде, жұқа, біртегіс етіп жағады;

Фиксацияланған препаратқа ацетоорсеин бояуын тамызып, жабын әйнегімен жауады. Артық қалған бояуды фильтр қағазымен сорғызып алады.