6.7.3.2. Митохондрии құрылысы мен қызметі
6.7.3.3. Эндоплазмалық ретикулум құрылысы мен қызметі
6.7.3.4. Гольджи кешенінің құрылысы мен қызметі
6.7.3.5. Лизосома құрылысы мен қызметі
6.7.3.6. Пероксисома құрылысы мен қызметі
6.7.3.7. Ядро құрылысы мен қызметі
Үш тілдегі түсіндірме сөздер:
орыс тілінде | қазақ тілінде | ағылшын тілінде |
Митохондрии -двумембранный органоид клетки, вып олняет энергетическую функцию. | Митохондрия –қосмембраналы органоид, жасушаның энергетикалық орталығы | Mitochondria are a biocompatible organelle of a cell that performs an energy function. |
Эндоплазматический ретикулум -внутриклеточный органоид, представляющий собой систему мелких вакуолей и канальцев | Эндоплазмалық тор -майда каналдардан және қатпарлардан тұратын жасушаішілік органоид | Endoplasmic reticulum-intracellular organoid, which is a system of small vacuoles and tubules |
Аппарат Гольджи- вакуолярный органоид. Выполняет функции синтеза, модификации, сегрегации и транспорта. | Гольджи аппараты – синтез, модификация, сегрегация, транспорт қызметін атқаратын вакуольді органоид | The Golgi apparatus is a vacuolar organoid. It performs the functions of synthesis, modification, segregation and transport. |
Лизосомы - мембранные внутриклеточные структуры , выполняющие функции пищеварения, защитную, фагоцитарную. | Лизосома – қорыту, қорғаныс қызметін атқаратын жасушаішілік мембраналы органоид | Lysosomes are membrane intracellular structures that perform digestive, protective, phagocytic functions. |
Пероксисомы - одномембранная органелла, содержащая ферменты | Пероксисома – ферменті бар бірмембраналы органелла | Peroxisomes - single-membrane organelle containing enzymes |
Ядро - структура эукариотической клетки, в которой хранится, воспроизводится и реализуется генетическая информация. | Ядро – генетикалық ақпаратты сақтайтын, ұдайы өндіретін, іске асыратын, эукариотты жасушалардың құрылысы | The nucleus is the structure of a eukaryotic cell in which genetic information is stored, reproduced and realized. |
Ядрышко - не имеет мембраны, это скопление рибосомных частиц, образующееся в процессе сборки. | Ядрошық – мембранасы жоқ, рибосом бөліктернің жинақталу кезінде түзілген домалақ тығыз денешік | The nucleolus - does not have a membrane, it is a cluster of ribosomal particles formed during the assembly process. |
Құрастырған: оқыт. А.Ж. Мустафаева
4-тәжірибелік сабақ
6.1. Тақырыбы:Жасушаның генетикалық аппараты . Хромосомалар, құрлысы, жіктелуі, қызметі. Хроматин: эухроматин, гетерохроматин, сипаттамасы, қызметтері
6.2. Мақсаты: студенттерде жасушаның генетикалықматериалының құрылымдық-функциональдық ұйымдасуы туралы білімді қалыптастыру.
6.3. Оқытудың міндеттері:
- ағзалар тіршілік әрекетінің негізі ретінде жасушаның генетикалық материалының рөлін оқыту;
- ядро мен цитоплазмада орналасқан, жасушаның генетикалықматериалының құрылымдық-функциональдық ұйымдасу ерекшеліктерін оқыту;
- ядродағы жасушаның генетикалықматериалының құрылымдық-функциональдық ұйымдасуы негізіндегі оның тығыздалуының молекулалық механизмдерін оқыту;
- хромосоманың құрлысы және химиялық құрамын оқыту;
-эу-және гетерохроматиннің құрылымдық- функционалдық айырмашылықтарын оқыту;
-патологиялық жағдайдың дамуындағы жасушаның генетикалық материалының құрылымдық-функционалдық өзгеруі маңызын түсіну.
6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
6.4.1. Генетикалық материалдың жасушадағы орны (ядролық, цитоплазмалық).
6.4.2. Жасуша ядросындағы генетикалық материалдың құрылымдық-функциональдық ұйымдасу деңгейлері және оның қалыптасу механизмдері.
6.4.3. Эукариоттардың генетикалық материалының нуклеогистондық ұйымдасуы.
*6.4.4. Хромосоманың құрылымдық компоненттері және химиялық құрамы
Structural components and chemical composition of the chromosomes