2. Қосындылар және оның түрлері

3. Мембраналы емес органеллалары

4. Центросома:құрылымы, қасиеттері және қызметі

5. Микротүтіктер: құрылымы, қасиеттері және қызметтері

6. Микрофиламенттер, аралық микрофиламенттер: құрылымы, қасиеттері және қызметтері

7. Рибосомалар: құрылымы, қасиеттері мен қызметтері.

Ақпараттық дидактикалық топтама:

Жасушада мембраналы және мембраналы емес органеллалардан басқа жасуша қосындылары болады. Қосындылар – бұл жасушаның тіршілік барысында пайда болып және жойылып тұратын жасушаның тұрақсыз құрылысы. Оларға ақуыздың, көмірсудың және майдың денешіктері мен тамшылары жатады. Сонымен бірге кристаллдық қосындыларда кіреді (органикалық кристаллдар, жасушаларда ақуыздар, вирустар, қымыздық қышқылының тұздары, бейорганикалық кристаллдар, кальций тұздарының тастары). Органоидтарға қарағанда бұл қосындылардың мембраналары жоқ, кезеңді түрде синтезделіп, шығындалып отырады. Олар көбіне цитоплазмада, кейде ядрода да кездесіп тұрады. Олардың химиялық тегі әртүрлі. Қосындылар сипаты бойынша жасушалық метоболизм өнімдері. Олар гранула, тамшы, кристаллдар түрінде жиналады. Бірнеше түрлерін ажыратады:

· Трофикалық–олардың арасында майлар, көмірсулар маңызды рөл атқарады. Сирек жағдайларда ақуыздар қолданылады. Липоидтер жасушаларда ұсақ тамшылар түрінде жиналады. Сүтқоректілерде май тамшылары арнайыландырылған май жасушаларында, дәнекер тіндерінде болады. Жиі жағдайда май қосындыларының едәуір мөлшерде жинақталуы патологиялық үрдістер нәтижесінде болады. Полисахарид қосындылары жиі, түрлі мөлшерде гранула түрінде болады. Жануарлар мен қарапайымдардың жасуша цитоплазмасында гликоген түрінде жиналады. Мысалы; жолақ көлденең бұлшық ет талшықтары, бауыр жасушалары мен нейрон жасушаларындабайқалады. Ақуыз қосындылары сирек кездеседі. Жұмыртқа жасушасы мен бауыр жасушасы белок гранулаларына бай.

· Секреторлық- без жасушаларында жиналатын арнайы өнімдер.

· Экскреторлық – олар жасуша өміршеңдігінің соңғы өнімі.

· Пигментті (гемаглобин, меланин, ретинин, липофусцин және т.б.). Пигмент қосындыларына мысал ретінде көптеген жасуша типтерінде кездесетін липофусцин пигменті, ол қартаю барысында жиналады. Ретинин пигменті көз торының көру пурпурасының құрамындакездеседі. Қызыл түсті гемоглобин пигменті қанның эритроциттерінде кездеседі. Меланин пигменті жануар тіндерінің меланофораларында кездеседі.

Органеллалар (органоидтар) – жасуша тіршілігі үшін әртүрлі қызмет атқаратын жасуша цитоплазмасындағы тұрақты құрылымдар. Органеллалар өз кезегінде, мембраналы және мембраналы емес болып бөлінеді. Мембраналы органеллаларға: митохондриялар, пластидтер, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосомалар, ал мембраналы емес органеллаларға: рибосомалар, полисомалар, центросома (центриольдер), микротүтікшелер, кірпікшелер, талшықтар және микрофиламенттер жатады.

Центросома (жасуша орталығы) бұл микротүтікшелердің қалыптасу орталығы. Ол цитоплазманың түпкі бөлігінде, жасушаның геометриялық орталығында орналасқан, сирек ядроға жақын немесе Гольджи кешенінің беткейінде қалыптасады. Бұл өте ұсақ денешіктер. Центросома– жасушаның реттелу үрдісіндегі құрылымдық кілт, оның қызметінің бұзылуы жасуша циклінің бұзылыстарына, ұлпалардың даму бұзылыстарына, одан әртүрлі аурулардың дамуына әкеледі. Әдетте интерфазалық жасушада органоид бір біріне тік бұрыш бағытта орналасқан, екі центриольден тұрады. Олар цитоплазманың мөлдір зонасымен қоршалған, радиальды тараған жұқа фибриллдер (жіпшелер). Әрбір центриольдер тоғыз триплетті микротүтікшелерден тұратын, қысқаша цилиндр тәріздес болады. Көршілес триплеттер өзара және центриол орталығымен байланысқан. Центриольдер жасушаның бөліну кезеңінде өздігінен екі еселенетін, өзін реттейтін құрылыс. Екі еселену кезінде әрбір центриольге жақынырақ цитоплазмада жаңа центриоль бастау алады, біртіндеп өсіп, толыққанды құрылымға ие болады. Бөлінбейтін жасушаларда центросома цитоқаңқаның микротүтікшелерін қалыптастыруға, ал бөлінетін жасушаларда бөліну ұршығының түзілуіне қатысады.

Микротүтікшелер барлық эукариоттық жасушаларда кездеседі. Олар барлық цитоплазма бойымен өтетін жіпше тәріздес және көптеген органелла құрылымдарының қалыптасуын ұстап тұратын торлы құрылым. Микротүтікшелер жасушаның бөлінуінде, жасуша ішілік тасымалдануда, қозғалмалылығында, Гольджи кешенінен эндоплазмалық ретикулумға заттардың рециркуляциясында маңызды рөл атқарады. Микротүтікшелер екі глобурлярлық полипептидтер,α және β тубулиндерден тұрады және онымен динеин, динактинкинезин ақуыздарымен байланысқан. Жартылай цилиндр тәрізді.Өзін қайта жинақтай алады.

 

Микротүтікшелер: клиникамен байланысы. Онкологиялық науқастарды емдеу кезінде: колхицин, винбластин, винкристин тубулин полимеризациясын бұзады, микротүтікшелерден тұратын митотикалық бөліну жіпшесін түзілуін баяулатады, хромосомалардың полюстерге ажырауына кедергі келтіреді. Сүт безінің обырын емдеу үшін таксол препаратын қолданады. Ол да микротүтікшелерге әсерін тигізеді, бірақ колхицинге қарсы әсер көрсетеді. Егер колхицин бөліну ұршығын бұзатын болса, ал таксол оны тұрақтандырады. Бірақ, екі дәрінің фармакологиялық әсері бірдей, тез бөлінетін жасушалардың жылдамдығын тоқтатады немесе баяулатады.

Микрофиламенттер – ол белокты талшықтар, олар микротүтікшелерге қарағанда тым жіңішке болып келеді, (диаметр 4-6нм). Актин ақуызы және онымен біріккен фибрин, фимбрин, альфа-актинин, филамин, винкулин молекулаларынан тұратын иректі құрайды. Микрофиламенттер жиналуға және тарқалуға қабілетті. Актиннің полимеразациясы есебінен (+ ) плюске қарай өсуі жүреді, ал (-) минусқа қарай жіпшелердің депорлимеризациясы есебінен жүреді. Жасушада аздаған мөлшерде миозин ақуызынан тұратын, миозинді микрофиламенттер кездеседі. Олар актиндермен бірігіп, қысқарған құрылымды құрайды.

Аралық филаменттер–цитоплазмаға енетін қатты және тығыз ақуызды талшықтар. Олар микротүтікшелерден жіңішке, микрофиламенттерден жуан болып келеді. Олар әсіресе, механикалық жүктемелерге ұшырайтын жасушалар құрамында атап айтқанда эпителилальды, бұлшық ет жасушаларында көп. Аралық филаменттер құрамына кератин, виментин, және оған қатыстылар: нейрофиламенттер, ламиндер кіреді. Адамның эпителий жасушаларында 20 әртүрлі кератиндер бар. Мысалы, біздің шаш пен тырнақ құрамында ауыр кератин бар. Вимент тәрізді ақуыздар фибробласттар, эндотелилады жасушаларда кездеседі.

Аралық филаменттер жасушаның серпімділігін және оның механикалық әсерге тұрақтылығын қамтамасыздандырады. Мутация кезінде кератин гендерінде механикалық әсерге жасушалардың сезімталдығы күшейеді. Бұзылыстар кезінде аралық филаменттерде ауру–көпіршік пайда болады. Бұл, науқас терісінде әртүрлі көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады.

Рибосома – жасушаның маңызды органоиды және генетикалық ақпараттың мРНҚдан аминқышқылдарға тасымалданған ақуыздың биосинтезі үшін қызмет етеді. Рибосомалар екі, үлкен және кіші суббірліктен тұрады. Рибосома құрамына рРНҚның 4 молекуласы кіреді, олардың 18SрРНК, 5.8SрРНК және 28SрРНК РНК полимераза I мен ядрошықта (40S) жалғыз мұрагері түрінде синтезделеді. Сосын модификацияға ұшырап, одан кейін кесіледі. 5SрРНК геномның басқа бөлігінде РНҚ полимераза III пен синтезделіп, модификацияны қажет етпейді. Барлық рРНК магний тұздары түрінде кездеседі, бұл құрылымды ұстап тұру үшін қажет. рибосома магний иондарын жою кезінде суббірліктерге диссосацияланады. мРНҚның бір молекуласымен бірнеше рибосомалар бірігеді, бұндай құрылым полирибосомалар деп аталады. Цитоплазмада рибосомалардың ондаған мың бос түрлері орналасқан (топтап және жалғыз),олар микротрабекулярлы жүйенің жіпшелеріне бекінген, ядроның сыртқы бетінде және бұдыр эндоплазмалық торда сонымен қатар митохондрияларда орналасқан. Ақуыздың синтезделуі үрдісінде рибосома ақуызы синтезделетін ақуызды жасуша ферменттерінің бұзғыш әсерінен қорғайды. Қорғау әсерінің механизмі, синтезделетін белоктың жартысы қайтадан үлкен суббірліктің каналға ұқсас құрылымында болуында. Ақуыз синтезінің жүйесінде РНҚның 3 түрі қатысады.

· рРНК рибосома құрамына кіреді

· мРНКақуыз синтездеу үшін матрица қызметін атқарады (трансляция үрдісі)

· тРНК аминқышқылдардытасиды және мРНҚкодонымен комплементарлы қағидасы бойынша қосылады;

 

* қазақ және ағылшын тілдерінде талқылау үшін;

6.5. Оқыту әдістері: ауызша сұрау, сабақтың мәнін, мақсаты мен міндеттерін анықтауға бағытталған ауызша сұрау; кестелер сызбалар суреттер түрінде сіңірілген материалдарды мазмұндап, бейнелей алу, қателерді талдау арқылы тестілеу, топпен жұмыс, сызбаларды түсіндіру және толтыру, иақырып бойынша бейнероликтерді көру;

6.6. Әдебиеттер :

Негізгі:

6.6.1. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы: Эверо, 2009. С. 4-20.

6.6.2. Медицинская биология и генетика. Учебное пособие под ред. Проф. Куандыкова Е.У. Алматы, 2004. С. 29-32, 42-45.