1. Жасушалық теорияның негізгі постулаттары
Практи калық сабақ № 1
6.1. Тақырып: Жасуша тіршіліктің құрылымдық функционалдық бірлігі. Типтері, құрылысы, жіктелуі, медициналық маңызы.
6.2. Мақсаты:
- студенттерге тіршілік үрдісіндегі жасушалық биологияның мәні мен заманауи медицинада жасушалық биологияның рөлі туралы түсінік қалыптастыру.
6.3. Оқыту міндеттері:
- студенттерді кафедра саясатымен таныстыру;
-студенттерді жасуашалық биологияның негізгі сөздіктері және түсініктерімен таныстыру;
- студенттерге жасушаның әртүрлі типтері, тіршіліктің жасушалық негізі туралы білім қалыптастыру;
- про және эукариоттық жасуша құрылымының ерекшеліктері жайлы заманауи білімдерді қалыптастыру;
- медицинада жасушаның маңызын ашу;
- студенттерді микроскоппен дұрыс жұмыс істеуге және оқу альбомдарын дұрыс толтыруға үйрету;
6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары :
1. Жасушалық теорияның негізгі постулаттары
2. Тіршіліктің негізгі түрлері (жасушалық емес, жасушалық)
3. Жасушалық құрылым типтері (прокариоттар мен эукариоттар)
4. Эукариоттық жасушалардың құрылысы мен қасиеттері
5. Плазмалық мембраналардың құрылысы мен қызметі
6. Цитоплазманың құрылысы мен қызметі
7. Медицинада жасушалық биологияның мәні
Ақпараттық дидактикалық топтама
Жасушалық биология жасушаны тірі ағзалардың бірлігі ретінде зерттейтін биология ғылымының фундаменттік бөлігі. Жасушаны оқып білу көптеген биология және медицина ғылымдары үшін маңызды. Атап айтқанда кез келген адам аурулары, нақты бір жасушалардың патологиясымен байланысты, бұл аурудың дамуы, оны емдеу және зерттеу әдістерін, аурудың алдын алу барысын түсіну үшін қажет.
Жасуша зат алмасуға, көбеюге қабілеті бар, генді тасымалдайтын тіршіліктің ең кішкене бірлігі. Жасушалар пішіні, көлемі бойынша әртүрлі болады (жазық, шырмалған, шар тәрізді т.с.с.). Жасуша түрі ағзадағы орналасқан орнына және атқаратын қызметіне байланысты, ал қызметі өз кезегінде сыртқы және ішкі құрылысы бойынша анықталады.
Жасуша теориясы. Жасушаны зерттеудің бастапқы кезеңдері 1665 жыл саналады, ағылшын ғалымы Роберт Гук алғаш рет микроскопта тығындардың жұқа кесінділерінен ұсақ ұяшықтарды көріп, оны жасушалар деп атады. Маттиас Шлейден 1838 жылы, Томас Шван 1830 ж. жасушалық теорияның негізгі қағидаларын қалыптастырды. Алайда олар жасуша алғашқы жасуша құрылымы жоқ заттардан пайда болады деп есептеді. Рудольф Вирхов 1858 жылы барлық жасушалар басқа жасушалардың бөліну арқылы пайда болатынын анықтады.
Ғылымға жасушаны зерттеудің физикалық және химиялық әдістерінің келуімен әртүрлі ағзаның құрылымында таңғаларлық біркелкілігі анықталды. Олардың қызметі мен құрылысы арасындағы үзілмейтін байланыстың бар екендігі дәлелденді. Қазіргі уақытта жасуша теориясы келесі постулаттарға негізделген:
1. Жасуша - тіршіліктің элементарлық бірлігі, жасушадан тыс жерде тіршілік жоқ.
2. Жасуша - бір бірімен тығыз байланыстағы элементтердің бірыңғай жүйесі, бір бүтін түзілімді құрайды, біріккен функционалды органеллалардан тұрады.
3. Жасушалар құрылысы мен негізгі қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсас.
4. Жасушалар оның генетикалық материалы екі еселенгеннен кейін бөліну арқылы көбейеді. Жасуша жасушадан пайда болады.
5. Көп жасушалы ағза жаңа жүйені құрайды, оның өзі көптеген жасушалардың өзара біріккен және интеграцияланған тіндер мен органдардың жүйелерін құрайды.
6. Көп жасушалы ағзалардың жасушалары тотипотентті, яғни сол ағзаның барлық жасушаларының генетикалық потенциясы болып табылады. Генетикалық ақпараттылығы бойынша теңдей мәндес, алайда бір-бірінен әртүрлі гендердің экспрессиясымен ерекшеленеді.
Тірі ағзалар арасында тек вирустар, ретровирустар, бактериофагтар жасушалық құрылымы жоқ, оларды жасушаға дейінгі ағзалар деп атайды. Барлық қалған ағзалар тіршіліктің жасушалық құрылым бар ағзалар.
Жасушалық құрылымы жоқ ағзалар өзінің тіршілігін тек өзге ағза жасушаларын паразиттеу нәтижесінде көрсетеді. Вирустар ДНҚ немесе РНҚ және нуклеин қышқылының маңайында капсид қабықшасын түзетін ақуыздан тұрады, ол вирион деп аталатын нуклеопротеидтік кешенді құрайды. Капсид – вирустың ақуыздық суббірліктерімен, белгілі бір ретпен түзілген. Ол вирустың нуклеин қышқылын әртүрлі әсерлерден қорғайды және иесінің жасуша бетіне вирустың отыруын қамтамасыз етеді. Вирус формасы әртүрлі болады (шар, жіпше, цилиндр түрінде болады). Вирустар тірі ағзалар жасушаларында паразиттеуге қабілетті болып, тұмау, қызылша, сал, СПИД, сүзек, құтыру ауруларын шақырады.
Жасушалық құрылымы бар ағзалар екі түрге бөлінеді: прокариоттық және эукариоттық. Прокариоттарға бактериялар мен цианобактериялар жатады (көк жасыл балдырлар), ал эукариоттарға өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануар және адамдар жатады.
Прокариоттық жасушалар эукариоттарға қарағанда пішіні кіші 0,5-3,0мкм (0,0005мм-0,003мм) болады. Олардың ядросы жоқ, сондықтан да олар прокариоттар деп бөлінеді. (грек сөзінен алғанда про-дейін, карион-ядро дегенді білдіреді). Жасушаның ішкі кеңістігі цитоплазмамен толтырылған. Жасуша ішілік ығысулар цитоплазма үшін тән емес. Генетикалық материалы гистон ақуыздарынсыз, сақиналы ДНҚ молекуласымен көрсетілген және ол нуклеоид деп аталады. ДНҚ цитоплазмадан қабықшамен шектелмеген. Цитоплазмада көптеген ұсақ 70S-типіндегі рибосомалар мен қосындылар орналасқан. Риобосомдар полисомдарға жинастырылған. Жасушада жасуша орталығы жоқ. Олар жыныссыз бөлінеді, аналық жасуша екіге (амитоз) бөліну арқылы жүреді. Бөліну алдында ДНҚ репликациясы жүреді.
Эукариоттық жасушалар – ядросы бар ағзалар. Ядрода гистонды және гистонды емес белоктармен байланысқан сызықтық ДНҚ молекуласы бар хромосомасы бар. Цитоплазмада арнайы міндетті құрылым жиынтықтары органеллалармен байланысқан. Олардың әрқайсысы жекелеген арнайы қызметтері бар. Органелла санына мембрандық құрылымдарды жатқызады, атап айтқанда митохондриялар, эндоплазмалық ретикулум, Гольджи аппараты, лизосомдар, пероксисомдар және мембраналық емес құрылымдар, оларға рибосомдар, центриольдар, микротүтікшелер мен микрофиламенттер жатады. Сонымен бірге органеллаларды жалпы мағынадағы және арнайы мағынадағы органеллалар деп бөлінеді. Жалпы мәндегі органеллалар барлық жасушаларда бар, ал аранайы мәндегі арнайы жасушаларда белгілі бір қызметті атқарады. Мысалы, ішек эпителиінің микробүрлері, микрофибрилдері және т.б.
Эукариоттық жасушалар әдетте прокариоттарға қарағанда ірі болып келеді. Олардың айқын да анық морфологиялық ерекшеліктеріне қарамастан, прокариоттар мен эукариоттық жасушалардың ортақ қасиеттері көп. Бұл тірі ағзаның жасушалық жүйесіне байланысты. Бұл да, басқалары да плазмалық мембранамен жабылған, қызметтері ұқсас қасиеттеріне ие. Ақуыз синтезі рибосомаларда жүреді және РНҚ синтезі, ДНҚ репликациясы, биоэнергетикалық үрдістер өзара ұқсас келеді.
Адам және жануар ағзасының барлық жасушалары ұқсас құрылымда болады. Сыртынан жасушаны сыртқы ортадан шектеп қорғап тұратын, плазмалық мембранамен жабылған немесе плазмалеммамен жабылған. Ішінде ядро бар. Цитоплазма қосынды органоидтарымен бірге берілген. Химиялық құрамында органикалық және бейорганикалық заттары бар. Бірінші орында салмағы бойынша су тұр, бұл жасушаның тіршілігі үшін өте маңызды. Жасушалардағы көптеген элементтер иондар түрінде болады. Ең жиісі катиондар: К+, Na+,Са2+,Мg2+, және аниондар H3PO4-,Cl-,HCO3-.К кездеседі. Жасушаның органикалық заттарына аминқышқылдар, моно-және олигосахаридтер, май қышқылдары, азоттық негіздер және биополимерлердің макромолекулалары, атап айтқанда ақуыздар, липидтер, полисахаридтер, нуклеин қышқылдары бар.
Плазмалық мембрана (ПМ) жасушаның шекарасын анықтайтын цитоплазманы қоршаған тосқауылды айтады. ПМ-да өте күрделі қосылысты құрайтын липидтің бимолекулярлық қабаты орналасқан. Жасушалық мембрана липидтерінің құрамына фосфолипидтер, сфинголипидтер және холестерин кіреді. Липидтер мембрананың ағымдылығына әсер етеді. Және дабылдардың берілуіне қатысады. Ақуыздар плазмалық мембрананың 50% құрайды. Мембраналық ақуыздар: шеткері (перифериялық), интегралды және жартылай интегралды болып ажыратылады. Интегралды ақуыздар интегрирленген липидті биқабат батырылған (трансмембраналы ақуыздар), ал шеткері ақуыздар липидтік биқабатқа батырылмаған, жасушаның бетінде жатыр. Мембрана құрылысы үш негізгі қағидаларға негізделген:
1) Мембраналары біркелкі емес – плазмалық мембрана және ішкі жасушалық органеллаларды қоршаған мембраналар құрамы бойынша ерекшеленеді;
2) Мембраналардың көптеген бөліктері үздіксіз қозғалады – мембрана үнемі алмасып тұратын мозайкалы болады.
3) Мембрана бөліктері шектен тыс ассиметрияланған. Ішкі және сыртқы мембраналар липид құрамы бойынша салыстырмалы сандық және сапалы құрамы бойынша ерекшеленеді. Ал ақуыздар липидтер арасында ассиметриялы түрде орналасқан және жақсы сыртқы және ішкі жасушалық бөліктері бар.
Фосфолипид молекулалары екі қатарға орналасқан гидрофобты бастарымен ішке қарай, гидрофильді бастарымен ішкі және сыртқы сулы ортаға бағытталған. Жекелеген орындарда фосфолипидтердің биқабаттары ақуыз молекулаларымен (интегралды ақуыздар) тесілген. Бұндай ақуыз молекулалары ішінде каналдары мен тесіктері болады, ол арқылы суда еритін заттар өтеді. Басқа жартылай интегралды ақуыз молекулалары липидтердің биқабаттарын жартысынан бір жағынан немесе басқа жағынан батып тұрады. Мембрана бетінде перифериялық (шеткі) ақуыздар бар. Липидтер молекуласы және ақуыздар молекулалары гидрофильді және гидрофобты өзара қарым қатынастарға байланысты ұсталынып тұрады. Сонымен бірге мембрана құрамына полисахаридтер кіреді. Олардың қысқа қатты тармақталған молекулалары ақуыздармен байланысқан. Жасуша плазмолеммасын сыртқы бетін жапқан қабатын полисахаридтік қабат гликокаликс деп аталады.
Мембрана қасиеттері. Барлық жасушалық мембраналар қозғалмалы, жылжымалы ағымдық құрылысқа ие. Липидтер мен ақуыз молекулалары өзара ковалентті байланыстармен байланысқан және мембрана жазығына тез алмасуға қабілетті, осыған байланысты өзінің конфигурациясын өзгерте алады.
Гликопротеиндердің тармақталған тізбектері сыртқы ортаның факторларын тануға қатысады. Мысалы аналық жұмыртқа және аталық жасуша беткейінің гликопротейндері бойынша бір-бірін тани алады. Мембрана арқылы молекулалар мен иондардың тасымалдануының реттелуі, танып білумен байланысты болады. Сонымен бірге иммунологиялық жауап ретінде, гликопротеиндер антигендер рөлін атқарады. Ақуыздар белгілі бір молекулалардың түрлерін тасымалдауға қатысады, цитоқаңқадан құрылыстық байланысты жүзеге асырады, немесе қоршаған ортадан химиялық дабылдарды қабылдау үшін немесе қайта түрленуі үшін рецепторлар ретінде қызмет етеді. Сонымен бірге мембрананың ең маңызды қасиеті таңдамалы түрде енгіштігі, бұл дегеніміз молекулалар мен иондар ол арқылы әртүрлі жылдамдықпен өтеді, молекулалардың мөлшері үлкен болған сайын оның мембрана арқылы өту жылдамдығы аз. Бұл қасиет осмостық тосқауыл ретінде әсер етеді. Максималды түрде ену қасиеті су мен ондағы еріген газдар болып табылады. мембрана арқылы иондар өте баяу өтеді. Плазмалық мембрана үнемі жаңартылып отырады, осы кезде ол күрделі гликолипидтерді бұзатын қасиетке ие болуы керек. Мукополисахаридоздар деп аталатын аурулардың себебі, осы күрделі гликолипидтерді ыдыратуға қабылетсіздігінен болады.
Мембрана қызметі:
1) тосқауыл
2) дабыл
3) қоршаған ортамен байланысу
4) көп клеткалы жасушаларда тін арасындағы байланыс
5) қорғаныс
Цитоплазма – тірі жасушаның ішкі ортасы. Плазмалық мембранамен шектелген. Құрамында гиалоплазма, міндетті жасушалық бөлік органеллалалар, қосындылардың тұрақты емес түрлі құрылымдары орналасқан. Сонымен қатар органикалық және бейорганикалық заттардың барлық түрлері, зат алмасу үрдісінің ерімейтін қалдықтары және қордағы қоректік заттар орналасқан. Негізгі заты - су болып табылады. Цитоплазма үнемі қозғалыста болады, тірі жасушаның ішінен ағып өтеді, өзімен бірге әртүрлі заттарды, қосындылар мен органоидтарды қозғалысқа түсіреді. Бұл қозғалыс циклоз деп аталады. Цитоплазма өсуге, өнуге және жартылай жойылған кезде қайта қалпына келуге қабілетті. Алайда ядро болған кезде цитоплазма қалыпты қызмет ете алады. Онсыз цитоплазма ұзақ уақыт өмір сүре алмайды. Цитоплазманың маңызды рөлі барлық жасушалық құрылымдарды біріктіруді және олардың химиялық өзара әрекеттесуін қамтамасыздандырады.
Жоғарыда аталғандай негізгі жартылай сұйықтық гиалоплазма деп аталады (hyalos-әйнек) немесе матрикс. Ол жасушаның маңызды бөлігі оның ішкі ортасы. Гиалоплазма біркелкі. Ол сұйық және қатты фазадан тұрады. Сұйық фазасы күрделі коллоидты жүйені құрайды, ол ақуыздармен, нуклеин қышқылдарымен, көмірсулармен сумен және басқа да заттармен түзілген. Гиалоплазма еріген күйінде аминқышқылдарының үлкен мөлшері, нуклеотидтер, және басқа да құрылымды биополимерлердің топтамалары, аралық өнімдердің көбі сонымен бірге бейорганикалық қосылыстардың иондары мысалы, атап айтқанда Na-, К,-Са2+ Mg2- , Сl-, НС03 , НР042 және т.б. бар. Сұйық фазада жұқа ақуыз жіпшелерінің жүйесі – микротрабекул бар, ол цитоплазманы түрлі бағыттарда кесіп өтеді. Ол барлық клетка ішілік құрылымды байланыстырады. Микротрабекулярлы ұштарының түйісуі немесе бірігуі орындарында рибосом топтамалары орналасқан. Микротрабекулярлы жүйемен жіпше тәріздес, ақуыз кешендері немесе филаменттер (жұқа жіпшелер), микрофиламенттер байланысқан. Олардың барлығы клетка ішілік цитоплазмалық қаңқаны құрайды және жасушаның барлық құрылыстық бөліктерінің орналасуын реттеп отырады.
Гиалоплазма қызметтері
1) барлық жасушалық құрылыстарды біріктіріп, олардың арасындағы өзара қарым қатынасты қамтамасыз етеді.
2) жасушадағы органеллалар орналасуы орнын анықтайды.
3) заттардың клетка ішілік тасымалдануы қамтамасыз етеді.
4) АТФ молекулаларының ығысу аумағы мен негізгі орналасатын орны болып табылады.
5) жасушаның формасын анықтап белгілейді.
Медицинада жасушалық биологияның маңызы. Жасуша тек ағзаның бірлігі ретінде білумен қатар, патологиялық өзгерістердің бірлігі ретінде де білу қажет. Себебі барлық аурулар тіндер мен органдар түзетін жасуша құрылысының, қызметтерінің бұзылуымен байланысты болады. Бір жасушаның құрылысы мен қызметінің бұзылуы, аурудың бастапқы белгілерінің пайда болуына әкеліп, ары қарай ағзада патологиялық өзгерістер қарқынды дами бастайды. Патологиялық өзгерістерге жасушалардың құрылысының бұзылыстары, митохондриялардың, лизосома, және басқа да клетка ішілік түзілімдердің өткізгіштігін атауға болады.
* ағылшын және қазақ тілдерінде талдау үшін
6.5. Оқу әдістері: ауызша сұрау, сабақтың мәнін, мақсаты мен міндеттерін анықтауға бағытталған ауызша сұрау; кестелер сызбалар суреттер түрінде сіңірілген материалдарды мазмұндап, бейнелей алу, қателерді талдау арқылы тестілеу, топпен жұмыс, сызбаларды түсіндіру және толтыру, иақырып бойынша бейнероликтерді көру;
6.6. Әдебиеттер :
Негізгі:
6.6.1. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы: Эверо, 2009. С. 4-20.
6.6.2. Медицинская биология и генетика. Учебное пособие под ред. проф. Куандыкова Е.У. Алматы, 2004. С. 29-32, 42-45.