10 Дәріс. Саяси даму мен модернизация

1. Саяси модернизация

2. Саяси модернизация теориялары

3. ҚР саяси модернизация

Дәріс тезисі: Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу. ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.

Саяси модернизация теориялары - XX ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру.

Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.

Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты.

Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеуметтік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет.

11 Дәріс. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар

1. Саяси шиелініс

2. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары

3. Саяси қайшылықтар

Саяси шиелініс ұғымы. Конфликтология. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары, Саяси қайшылықтар. Саяси қақтығыс, саясат субъектілерінің саяси мәртебе мен институттарды, әлеуметтік тәртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру. Билік үшін теориялық және іс-жүзіндегі күрес. Саяси қақтығыс ұғымы әлеуметтік-саяси күштер. Саяси қатынас субъектілерінің теке-тірестері.Саясат теориясының тілі, саясаткердің ойлау үлгісі. Саяси қақтығыстардың саяси-мемлекеттік, билікті жүзеге асыру мен бөлісу, әр түрлі әлеуметтік-кәсіби, этноконфессиялық және басқа да топтар мүдделерінің сан алуандылығы. Саяси қақтығыстардың шығуы. Саяси саладағы мәртебелік-рөлдік құрылымның сатыллары. Саяси құқықтар мен бостандықтар. теңсіздік. Саяси өмірге қатысу деңгейлері мен түрлері. Саяси қақтығыстар пәні

Саяси қақтығыстардың кезеңдері келіспеушілік, наразылық. Саяси қақтығыстарды шешудің жолдары: мәмілеге келу, кешірімділік, ымыраға келуін, зорлық негізінде бітістіру, келістіру, келіссөздер.