7 Дәріс. Сайлаулар мен сайлау жүйелері

1. Сайлау жүйесі, сайлау науқанының тактикасы

2. ҚР сайлау жүйесінің типі

Сайлау жүйесі. Прогюрционалды сайлау жүйесі. Мажоритарлык сайлау жүйесі. Аралас сайлау жүйесі. Сайлау науқанын ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету. ҚР сайлау жүйесінің типін анықтау проблемасы. Сайлау науқанының стратегиясы. Сайлау науқанының тактикасы. Үгіт-насихат типті ақпараттық технологиялар. Паблик технологиялар (РК). Еліміздегі сайлау. Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар. Сайлау комиссиялары: республикалық Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиялары, округтік сайлау комиссиялары, учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау комиссиясының өкілеттілігі. Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері. ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау. Азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделері. Шешімдер қабылдау: әділ және тәуелсіздік. Кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметі. Сайлау округтері; бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық. Сайлау учаскелері.

Саяси сайлау технологиялары - сайлау науқанын басқару және сайлаушылар таңдауына ықпал ету технологияларының жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі блоктары: науқанның стратегиясын қалыптастыру, сайлау штабтарын құру және оны басқару, бұқаралық акцияларды өткізу, белсенділермен жұмыс жүргізу әдістері, үміткердің негізгі бейнесін (имиджін) қалыптастыру. Науқанды жүргізу дегеніміз:

Саяси сайлау технологиясы - БАҚ

1) саяси хал-ахуалды бағалау, үміткер мен қарсыластың әлді және әлсіз жақтарын, саяси кеңістік құрылымын талдау;

2) округтың электоралдық паспортын жасау (дауыс беру тарихын, негізгі аймақтық және әлеуметтік ерекшеліктерін, сауалнама нәтижелерін есепке ала отырып);

3) науқанның негізгі мақсаттарын анықтау;

4) электораттың мақсаттық топтарын анықтау және оларға талдау жасау;

5) науқанның негізгі идеяларын, тұжырымдарын дайындау:

6) сайлаушыларды негізгі идеялармен таныстыру әдістерін таңдау, үміткермен және оның өкілдерімен кездесулер, телефон, БАҚ, көшедегі жарнама, пикеттер ұйымдастыру, хат жіберу арқылы үгіт;

7) саяси жоспарлау - сайлау алдындағы белсенділіктің сызба-жоспарын құрастыру; 8) сайлау науқанының штабын құрып, бюджетін және т.б. жоспарлау.