9. Саяси әділеттілік ұғымының пайда болуы.
10. Мемлекетті табиғи дамудың жемісі ретінде бағалау.
11. Жеке адамға қарағанда мемлекеттің біріншілігі, мемлекеттік мүдделердің басымдылығы жөніндегі пайымдаулар.
12. Саясатты ғылыми әдіспен зерттеудің қалыптасуы: күрделінің элементтерге бөлшектенуі, салыстырмалы –тарихи пайымдаулар.
Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі ойшыл Платон, ол б.з.б. 427 -347 жылдарда өмір сүрген. Толық аты Аристокл. Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау еңбектері бар. “Мемлекет”, “Заңдар”, т.с.с. саясатқа байланысты шығармалары бар.
Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген.
1. Әкімдер.
2. Қорғаушылар.
3. Өндірушілер.
Әкімдер –табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты, танып біле алатын адамдар болуы керек деген.
Қорғаушылар –мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер –мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай –кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көреді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.
Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді :
1. Аристократия –мемлекетті ақсүйектер билейді.
2. Тимократия – мемлекеттік билік бір адам қолында болады.
3. Олигархия –мемлекет азғантай топ қолында болады.
4. Демократия –мемлекет халықтың қолында болады.
5. Тирания –мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.
Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері –адамгершілік, абырой, ар –намыс деп саналады.
Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43 ж.) саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның “Мемлекет” , “Заңдар туралы” деген еңбектері бар.
Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:
1. Патшалық билік.
2. Аристократия.
3. Демократия.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болады, қоғамдық –саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
Жана терминдер: аристократия, тимократия, олигархия, демократия, тирания