Политика, этика, саяси партия, гносеология, аксеология, социология, философия, экономика.
2 Дәріс
Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері.
Дәріс жоспары:
1. Саяси ойлардың даму кезеңдері.
2. Ертедегі дүниеде саяси ойдың қалыптасуы.
3. Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы.
4. Қайта өрлеу және “ Ағарту ” дәуіріндегі саяси ойдың ерекшелігі.
5. Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар.
Саясатқа деген қөзқарас әрбір тарихи дәуірде өзгеше болған. Олар өзінше ой жүгіртіп, өзінше баға берген. Қай заманның ойшылы болмасын ойландыратын бір ғана мәселе, халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл өзінше пайымдап, өзінше шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері мен ойшылдарын былай топтауға болады.
Азамат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет әр елде әр қилы дамыды . Олардың саяси идеялары да сан түрлі болған.
1. Билік пен өкімет қатынастарының діни қағидалары мен шектелген идеялары (Египет, Қытай, Үнді, Вавилон, Израиль, Персия, Грекция, Рим).
2. Саяси құқықтық пайымдаулардың келесі жетілу кезеңі б.з.б. I м.ж.
3. Саяси–құқықтық идеялардың Грекцияда, Шығыс елдерінде қалыптасуы.
4. Саяси философияның пайда болуы б.з.д. IV-V ғ.ғ Платон.
5. Жоғарғы мұратты мемлекет теориясының қалыптасуы.
6. Әр түрлі нысандағы мемлекеттік құрылысты теориялық жағынан жіктеу (Аристократия, олигархия, тирания, демократия).
7. Саясат туралы ілімнің негіздері –адамдарды басқарудың өнер ретіндегі саналуы.
8. Саяси ғылымды жеке –дара пән ретінде қарау ( Аристотель б.з.д. IV ғ.).