ГЛОССАРИЙ (Коллоквиумда берілетін сұрақтар)
Абсентеизм | (лат. Absentіa - қатыспау) – халықтың саяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Ол, әсіресе, сайлаушылар тарапынан өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатынасқысы келмеуінен байқалады. |
Абсолютизм | Жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі. |
Автаркия | Елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат. |
Анархия | 1) Мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық. 2) Үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді. |
Билль | 1) АҚШ-та, Ұлыбританияда және т.б. елдерде парламенттің қарауына ұсынылған заң жобасы; 2) Жеке заңдардың аты. Мысалы, құқықтар туралы. |
Блокада | Өз дегендерін істеу үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін. |
Брифинг | Үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамдардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі. |
Бюрократизм | Істің мәніне немқұрайлы, формальды қарау, істі көпке созу. |
Делегат | Съезде, конференцияда, конгрессте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі. |
Демагогия | Өз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.с.с. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді. |
Делогирование | Бір субъектінің екінші субъектіге билікті беруі, сенім білдіруі. |
Демократия | Халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады. |
Демократиялық партиялар | Басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір алалығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді. |
Денонсация | Келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі. |
Деполитизация | Белігілі бір ұйым, органдардың және т.б. жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық. |
Глобальдылық | Бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау, айналадағы ортаны экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде демографиялық жағдайды тұрақтандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД-тің өріс алуын тоқтату және т.с.с. жатады. |
Гуманизм | Қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. Саяси салада адамдардың дұрыс қалыптасуы мен дамуына қажетті әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саяси көзқарастар, идеялар жүйесін білдіреді. |
Дәуір | Қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезеңі. |
Деидеологизация | Идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылымды жасауға, қоғамдық процесті идеологиядан аластатуға тырысушылық. Оның негізін біздің ғасырымыздың 50-60 жылдарында Р. Арон, Д. Белл, Т.Парсонс сияқты Батыстың ірі әлеуметтанушылары салды. |
Декларация | Үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мәлімдеме. |
Депортация | Жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде немістер, шешендер, ингуштар, Қырым татарлары, месхеттік түріктер, кәрістер және т.б. осындай халге душар болды. |
Вето | Тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын орындардың қатарына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату. |
Визит | Халықаралық байланыстарды дамытуға, ондағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттердің сыртқы саясатындағы қызмет түрі. Мысалы, оған мемлекет тарапынан үкімет басшылары, ресми делегациялардың кездесулері жатады. |
Валюнтаризм | Саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізетін саясаты. |
Вотум | Өкіметке я оның кейбір мүшелеріне (министрлеріне) сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (вотум недоверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім. Мысалы, парламент үкіметке сенім білдірмесе, ол, әдетте, жұмыстан кетуге мәжбүр болады. |
Геноцид | Адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің, өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германия еврейлер мен цыгандарға қарсы осындай саясат жүргізді. Қазіргі кезде ол халықаралық қылмыс болып саналады. |
Геосаясат | Сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теорияның негізін қалаушы Ф.Ратцель, Х.Макхиндер т.б. қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы мен даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді. |
Геронтократия | Ақсақалдардың билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар өкімет билігі жасы келген адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады. |
Дәрістер кешені
1 Дәріс