Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік ұсыныстар

Қазіргі заманғы ақпараттық-технологиялық жеделдеуде жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістемесін тиімді жетілдіріп, оны дамытып отыру қажет. Осы мақсатта студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыра білуі, оларды өзіндік бақылауға бейімдеу өте маңызды орын алады.

Пән бойынша ұсынылған тақырыптарды оқып үйренуде жеке шығармашылық ізденістің алатын орны зор.

Студенттердің өзіндік жұмысы силлабустағы бөлімдермен тығыз байланыста ұйымдастырылады.

СӨЖ-дің негізгі мақсаты:

1. Студенттерді өзіндік бақылауға бейімдеу.

2. Оқу материалдарын игеруде студенттердің ізденіс пен шығармашылық белсенділігін дамыту.

Саясаттану пәні студенттерге билік, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, саясат, саяси жүйе түрлері, саяси режимдер, саяси мәдениет, қазіргі қоғамның саяси институттары мен қоғамдық даму мәселелерін аудиториядағы дәріс сабақтарымен қатар жеке ізденіс жұмыстары арқылы терең оқып үйренуге көмектеседі. Студенттер кең көлемде білім ғана емес, сонымен бірге ғылыми талдау әдістерін үйреніп, қоғам мен мемлекеттің болашақтағы саяси дамуын болжай алатын, қазіргі саяси құбылыстарға саяси талдау, зерттеу жасай алуы керек. СӨЖ оқу орнының кітапхана қоры мен компьютерлік класын оқу материалын игеру барысында қолдануды қажет етеді. Студенттердің әр сабаққа міндетті түрде дайындалу, сонымен қатар берілген материалды оқып игеру, тапсырмаларды уақытында орындау қажет. Мұндай жүйелі дайындық экспресс-сұраулар, тест алу және тағы басқа әдістер арқылы оқытушының ескертуінсіз сіздерді тексеріп отыруын көздейді. Түгел тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады СӨЖ оқытудың әр түрлі формалары арқылы жүзеге асады: жазбаша жұмыстары (реферат, баяндама, бақылау, эссе, коллоквиум, конспект), сұрақтарға жауап беру, таблица, сызбалармен жұмыс жасау.